2011 жылғы «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің шешімдері
|
№
|
Айы
|
Отырыс датасы
|
Хаттама нөмірі
|
Отырыстың түрі
|
|
1
|
қаңтар
|
2011 жылдың «27» қаңтары
|
№01/11
|
Ішкі
|
|
2
|
наурыз
|
2011 жылдың«05» наурызы
|
№02/11
|
Аралас
|
|
3
|
наурыз
|
2011 жылдың «30» наурызы
|
№03/11
|
Ішкі
|
|
4
|
мамыр
|
2011 жылдың «11» мамыры
|
№04/11
|
Ішкі
|
|
5
|
маусым
|
2011 жылдың «16» маусымы
|
№05/11
|
Ішкі
|
|
6
|
шілде
|
2011 жылдың «09» шілдесі
|
№06/11
|
Сыртқы
|
|
7
|
тамыз
|
2011 жылдың «27» тамызы
|
№07/11
|
Ішкі
|
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің №01/11 2011 жылғы «27» қаңтардағы ішкі отырысы
Күн тәртібі:
- Алдыңғы «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің отырыстарында берілген тапсырмалардың орындалғаны жайлы есепті қарастыру туралы.
- «Қазпочта» АҚ ағымдағы жағдайы жайлы есепті қарастыру туралы.
- «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметіне басшы тағайындау туралы.
- «Қазпочта» АҚ Сатып алу департаментінің директорын тағайындау туралы.
- 2011 жылға «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің Жылдық аудиторлық жоспарын бекіту туралы.
- 2010 жылғы 30 қыркүйек датасында 9 айға «Қазпочта» АҚ аралық қаржы есептілігінің жүруі жайлы ақпаратты қарастыру туралы.
- Басқаруды функционалдық талдаудың және «Қазпочта» АҚ ұйымдық құрылымын оңтайландырудың екінші фазасының, Қазпочта» АҚ орталық аппаратының ұйымдық құрылымы мен жұмыскерлерінің жалпы санының нәтижелері бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ Жұмыс тобының ұсынымдарын орындау жөнінде Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
- «Қазпочта» АҚ Табыстарына, шығындарына және қолданыстағы активтеріне бөлек есеп жүргізуді енгізу шаралары бойынша ақпараттарды қарастыру туралы.
- «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің және оның Комитеттерінің 2010 жылғы жұмыстары жайлы есебін қарастыру және 2011 жылға «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің жұмыс жоспарын бекіту туралы.
- «Қазпочта» АҚ Корпоративтік хатшының 2010 жылы төртінші тоқсанда өткізілген жұмыстарының есебін қарастыру туралы.
- «Қазпочта» АҚ Корпоративтік хатшы А.С.Найзабекованың өкілеттілігі тоқталғаны туралы.
Қабылданған негізгі шешімдер:
- Алдыңғы «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің отырыстарында берілген тапсырмалардың орындалғаны жайлы есеп қарастырылды.
- «Қазпочта» АҚ ағымдағы жағдайы жайлы есебі қарастырылды.
- «Қазпочта» АҚ Сатып алу департаментінің директоры болып А.Ш.Ахметов тағайындалды.
- 2011 жылғы 1 тоқсанға «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің аудиторлық жоспары бекітілді.
- 2010 жылғы 30 қыркүйек датасында 9 айға «Қазпочта» АҚ аралық қаржы есептілігінің аудитінің жүруі жайлы ақпараты мен 2010 жылғы 30 қыркүйек жағдайы бойынша 9 айға аралық қаржы есептілігінің жобасы қарастырылды.
- Басқаруды функционалдық талдаудың және «Қазпочта» АҚ ұйымдық құрылымын оңтайландырудың екінші фазасының, нәтижелері бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ Жұмыс тобының ұсынымдарын орындау жөнінде Іс-шаралар жоспары бекітілді.
- Жаңа редакцияда «Қазпочта» АҚ Орталық аппаратының ұйымдық құрылымы бекітілді.
- «Қазпочта» АҚ Орталық аппараты жұмыскерлерінің жалпы саны бекітілді.
- «Қазпочта» АҚ филиалдарының құрылымдық жобасы туралы ақпарат қарастырылды.
- «Қазпочта» АҚ Табыстарына, шығындарына және қолданыстағы активтеріне бөлек есеп жүргізуді енгізу шаралары бойынша ақпарат қарастырылды.
- «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің және оның Комитеттерінің 2010 жылғы жұмыстары жайлы есебі бекітілді.
- «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2011 жылға жұмыс жоспары бекітілді.
- «Қазпочта» АҚ Корпоративтік хатшының 2010 жылы төртінші тоқсанда өткізілген жұмыстарының есебі қарастырылды.
- А.С. Найзабекованың 2011 жылғы 25 қаңтардағы арызының негізінде «Қазпочта» АҚ Корпоративтік хатшысы А.С. Найзабекованың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
- «Қазпочта» АҚ Корпоративтік хатшысының міндетін атқарушы болып А.Н. Смағұлова тағайындалды.
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің №02/11 2011 жылғы «05» наурыздағы ішкі отырысы
Күн тәртібі:
- «Қазпочта» АҚ Басқарма мүшелерінің, Ішкі аудит қызметі және Корпоративтік хатшы аппаратының лауазымдық жалақылары тәсімін бекіту туралы.
- «Қазпочта» АҚ Басқарма мүшелерінің, Ішкі аудит қызметі және Корпоративтік хатшы аппаратының штат кестесін бекіту туралы.
- «Қазпочта» АҚ-дағы жоғары лауазымдарға тағайындау (сайлау), келісу ережелерін бекіту туралы.
- «Қазпочта» АҚ Орталық аппаратының ұйымдық құрылымына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы.
Қабылданған негізгі шешімдер:
- Қазпочта» АҚ Басқарма мүшелерінің, Ішкі аудит қызметі және Корпоративтік хатшы аппаратының лауазымдық жалақылары тәсімі бекітілді.
- Қазпочта» АҚ Басқарма құрамы белгіленді. «Қазпочта» АҚ Басқарма мүшелерінің, Ішкі аудит қызметі және Корпоративтік хатшы аппаратының штат кестесі бекітілді.
- «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесімен бекітілген (2011 жылғы 27 қаңтардағы № 01/11 хаттама), «Қазпочта» АҚ Орталық аппаратының ұйымдық құрылымына енгізілген өзгертулер бекітілді.
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің №03/11 2011 жылғы «30» наурыздағы ішкі отырысы
Күн тәртібі:
- «Қазпочта» АҚ ұзақ мерзімді қарыздар тарту туралы.
- «Қазпочта» АҚ 2010 жылға жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту, өткен қаржылық жылдағы «Қазпочта» АҚ таза табысын бөлу тәртібі жайлы Жалғыз акционерге ұсыныстар беру және «Қазпочта» АҚ бір жай акциясына бір жылға дивиденд мөлшері туралы. 2010 жылға «Қазпочта» АҚ жұмыстары және лауазымды тұлғаларына Жалғыз акционердің жүгіністері жайлы ақпараттар мен олардың нәтижелерін қарастыру туралы.
-
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің алдыңғы отырыстарында берілген тапсырмалардың орындалғаны жайлы есеп қарастырулары:
- «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің алдыңғы отырыстарында берілген тапсырмалардың орындалғаны жайлы есеп қарастыруы.
- Орындалуына берілген тиісті бағасымен тоқсан сайынғы «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің есебінде көрсетілген ұсынымдардың «Қазпочта» АҚ Басқармасының орындауы жайлы есебін қарастыру туралы.
- «Қазпочта» АҚ 2010 жылғы 4 тоқсанға бағалы қағаздар қоржыны жайлы есепті қарастыру туралы;
- «Қазпочта» АҚ 2010 жылғы 3 тоқсанға маркетинг және сату мен бизнесті дамыту есебін қарастыру туралы;
- «Қазпочта» АҚ ағымдағы ахуалы жайлы есепті қарастыру туралы:
- анықталған «Қазпочта» АҚ қаражатының қымқырылуы, алаяқтық деректері бойынша тұлғаларды жауапкершілікке тарту және тергеу туралы есеп және «Қазпочта» АҚ-ң қымқырылған қаражатын қайтару жөнінде қолданылған шаралар туралы ақпараттарды қарастыру туралы;
- «Қазпочта» АҚ проблемалы мәселелері туралы;
- «Қазпочта» АҚ 2010 жылға төртінші тоқсанына және 2011 жылдың қаңтарына қаржы нәтижелері жайлы ақпараттарды қарастыру туралы;
- «Қазпочта» АҚ Корпоративтік хатшысын тағайындау туралы.
- «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің біраз мәселелері туралы:
- Қазпочта» АҚ ақпараттық жүйе ішкі аудитінің міндеттерінің аутсорсинг қызметтерінің нәтижелерін қарастыру туралы;
- «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2011 жылға Жылдық аудиторлық жоспарын бекіту туралы;
- «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2010 жылғы 4 тоқсандағы және 2010 жылға есебін қарастыру туралы;
- «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2010 жылғы 4 тоқсандағы жұмыстарына баға беру және жұмыскерлеріне сыйақы беру туралы;
- «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысын тағайындау туралы;
- «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы С.К. Қазыбекованың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтауы туралы.
- «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметіне бас аудитор болып А.М. Акашеваның тағайындалуы туралы.
- «Қазпочта» АҚ 2011-2015 жылдарға Даму жоспарын бекіту және 2011 жылға «Қазпочта» АҚ бюджетін қарастыру туралы.
- «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2011 жылғы Жұмыстары жоспарына өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы.
- «Қазпочта» АҚ Корпоративтік хатшы аппаратының 2010 жылғы 4 тоқсандағы жұмыстарына баға беру және жұмыскерлеріне сыйақы беру туралы.
- «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің тағайындау және сыйақы беру Комитетінің ережесіне өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы. «Қазпочта» АҚ жоғары лауазымдарға тағайындау (сайлау), келісу ережелерін бекіту туралы.
- «Қазпочта» АҚ біраз кадр мәселелері туралы:
- «Қазпочта» АҚ қаржы қызметтері бойынша Басқарма Төрағасы орынбасары лауазымына байқау туралы;
- «Қазпочта» АҚ пошта қызметтері бойынша Басқарма Төрағасы орынбасары лауазымына байқау туралы.
Қабылданған негізгі шешімдер:
- «Қазпочта» АҚ 2010 жылға Жылдық қаржылық есептілгі алдын ала бекітілді (келешекте «Қазпочта» АҚ Жалғыз акционердің қарастыруына енгізу үшін).
- А.Н.Смағұлова «Қазпочта» АҚ корпоративтік хатшысы болып тағайындалды.
- Қазпочта» АҚ ақпараттық жүйе ішкі аудитінің міндеттерінің аутсорсинг қызметтерінің нәтижелері қарастырылды.
- «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2011 жылға Жылдық аудиторлық жоспары бекітілді. «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2010 жылғы 4 тоқсандағы және 2010 жылға есептері қарастырылды.
- А.С. Байшұақова Ішкі аудит қызметінің басшысы болып тағайындалды.
- 2011 жылғы 4 сәуірден бастап «Қазпочта» Ішкі аудит қызметінің басшысы С.К. Қазыбекованың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
- «Қазпочта» АҚ 2011-2015 жылдарға Даму жоспары бекітілді.
- Жаңа редакцияда «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің 2011 жылғы Жұмыстарының жоспары бекітілді.
- Жаңа редакцияда «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің тағайындау және сыйақы беру Комитетінің ережесі бекітілді.
- Жаңа редакцияда «Қазпочта» АҚ жоғары лауазымдарға тағайындау (сайлау), келісу ережелері бекітілді.
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің №04/11 2011 жылғы «11» мамырдағы ішкі отырысы
Күн тәртібі:
1. «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің бірнеше мәселелері туралы.
2. «Қазпочта» АҚ Басқармасының бірнеше мәселелері туралы:
1) «Қазпочта» АҚ Орталық аппаратының жаңа редкациядағы ұйымдық құрылымын бекіту туралы;
2) «Қазпочта» АҚ Басқарма мүшелерінің, Ішкі аудит қызметі және Корпоративтік хатшы аппаратының жұмыскерлерінің жаңа редакцияда лауазымдық жалақылары тәсімін бекіту туралы;
3) «Қазпочта» АҚ Басқарма мүшелерінің, Ішкі аудит қызметі және Корпоративтік хатшы аппаратының жаңа редакцияда штат кестесін бекіту туралы;
4) «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушының өкілеттілігінің мерзімінен бұрын тоқтауы туралы, «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасын, «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары - Басқарма мүшесін, «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары - Басқарма мүшесін сайлау туралы;
5) «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасына, «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары - Басқарма мүшесіне, «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары -Басқарма мүшесіне лауазымдық жалақылар өлшемін белгілеу, еңбек жағдайлары және сыйақы беру туралы;
6) «Қазпочта» АҚ Басқармасы өкілеттілігінің мерзімін белгілеу туралы;
7) «Қазпочта» АҚ Басқарма мүшелеріне сыйақы беру туралы.
3. «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің бірнеше мәселелері туралы:
1) «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің бас аудиторының өкілеттілігінің мерзімінен бұрын тоқтауы туралы;
2) «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің бас аудиторының орнына кандидатураларды қарастыру туралы;
3) «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2011 жылғы 1 тоқсан есебін қарастыру туралы;
4) 2011 жылғы 1 тоқсанға Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің қызметін бағалау және сыйақы беру туралы;
5) «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің бас аудиторы М.Б. Сүгірбековтың Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің аудиторы орнына ауысуы туралы.
4. «Қазпочта» АҚ 2010-2012 жылдарға қаржылық есептілік аудитын жүзеге асырушы аудиторлық ұйымдардың мәселелері туралы.
5. «Қазпочта» АҚ бірнеше кадрлық мәселелері туралы.
6. «Қазпочта» АҚ Корпоративтік хатшының лауазымдық жалақысының мөлшерін белгілеу.
7. «Қазпочта» АҚ ұзақ мерзімді қарыздар тарту жайлы ақпараттар қарастыру туралы.
Қабылданған негізгі шешімдер:
- «Қазпочта» АҚ Орталық аппаратының жаңа редкациядағы ұйымдық құрылымы бекітілді.
- «Қазпочта» АҚ Басқарма мүшелерінің, Ішкі аудит қызметі және Корпоративтік хатшы аппараты жұмыскерлерінің жаңа редакцияда лауазымдық жалақылар тәсімі бекітілді.
- «Қазпочта» АҚ Басқарманың, Ішкі аудит қызметі және Корпоративтік хатшы аппаратының жаңа редакцияда штат кестесі бекітілді.
- «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы С.Қ.Шерияздановтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
- Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы болып сайланды.
- Басқарма құрамына С.Қ.Шериязданов «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары - Басқарма мүшесі болып тағайындалды.
- Басқарма құрамына Гаухар Мұхамбеткызы Көпеева «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары - Басқарма мүшесі болып тағайындалды.
- Мұрат Өтепбергенұлы Жарылқағанов және Мұхтар Мұратұлы Әбдірахманов «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары - Басқарма мүшесі болып тағайындалды.
- «Қазпочта» АҚ Басқармасының өкілеттілігінің мерзімі белгіленді.
- «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің бас аудиторы М.Н. Қизатовтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтады. «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің аудиторы орнына ауысуымен «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің бас аудиторы ретінде М.Б. Сүгірбековтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
- «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2011 жылғы 1 тоқсанның есебі қарастырылды.
- «Қазпочта» АҚ 2010-2012 жылдарға қаржылық есептілік аудитын жүзеге асырушы аудиторлық ұйымның бірнеше мәселелері туралы ақпарат қарастырылды.
- «Қазпочта» АҚ бірнеше кадрлық мәселелері туралы ақпарат қарастырылды.
- «Қазпочта» АҚ ұзақ мерзімді қарыздар тарту туралы ақпарат қарастырылды.
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің №05/11 2011 жылғы «16» маусымдағы ішкі отырысы
Күн тәртібі:
1. «Эрнст энд Янг» ЖШС 2010 жылға қаржылық есептілік аудитінің нәтижесі бойынша ұсынымын орындау Іс-шаралар жоспары жайлы есебін қарастыру туралы.
2. «Қазпочта» АҚ 2010-2015 жылдар Даму жоспарында көрсетілген «Қазпочта» АҚ күрделі қаржы салымының жоспарын орындау есебін қарастыру туралы.
3. «Қазпочта» АҚ ұзақ мерзімді қарыздар тарту жайлы ақпараттарды қарастыру туралы.
4. «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің кадрлық мәлелелері туралы.
5. «Қазпочта» АҚ Басқармасының кадрлық мәлелелері туралы.
6. «Қазпочта» АҚ Басқарма мүшесінің басқа ұйымдарда лауазымдарда болуға рұқсат беру туралы.
7. «Қазпочта» АҚ 2020 жылға дейін Стратегиялық дамуының жасалу барысы туралы.
8. «Қазпочта» АҚ инновациялық- технологиялық саясатын бекіту туралы.
9. «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің стратегиялық және инновациялық даму Комитетінің құрамын құру және белгілеу туралы. «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің стратегиялық және инновациялық даму Комитеті туралы ережені бекіту.
10. «Қазпочта» АҚ 2011 жылға Корпоративтік басқаруды жетілдіру жоспарын бекіту туралы.
11. Италия (Poste Italiene) поштасымен ынтымақтастық құру туралы.
Қабылданған негізгі шешімдер:
- «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің бас аудиторлары болып Жанерке Амангелдіқызы Түсіпова және Ербол Ақбетұлы Омаров тағайындалды.
- «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары- Басқарма мүшесі С.Қ.Шерияздановтың және «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары- Басқарма мүшесі М.М. Әбдірахмановтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
- «Қазпочта» АҚ Басқарма құрамына сайланды:
Ермек Серікұлы Примбетов - «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары- Басқарма мүшесі;
Асқар Маратұлы Құсайынов - «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары- Басқарма мүшесі.
- «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары- Басқарма мүшесі Асқар Маратұлы Құсайыновқа басқа ұйымдарда Директорлар кеңесіне мүше болуға және айына бір реттен жиі емес отырыстарына қатысуға рұқсат етілді.
- «Қазпочта» АҚ 2020 жылға дейін Стратегиялық дамуының жасалу барысы туралы ақпарат қарастырылды.
- «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің стратегиялық жоспарлау Комитетін тарату және «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің стратегиялық және инновациялық даму Комитетін келесі құрамда құру шешімі қабылданды:
Төраға, мүше, «Қазпочта» АҚ тәуелсіз директоры Найджел Стейплтон;
мүше, «Қазпочта» АҚ тәуелсіз директоры Калле Тариен;
мүше, «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі С.Б.Саудабаев;
мүше, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Питер Хауз (кеңесші дауысқа құқығы бар эксперт);
мүше, «Самұрық-Қазына» АҚ Инновациялық саясат департаментінің директоры Е.Р. Сакишев (кеңесші дауысқа құқығы бар эксперт).
- «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің стратегиялық және инновациялық даму Комитеті туралы ереже бекітілді.
- Италия (Poste Italiene) поштасымен ынтымақтастық құру туралы ақпарат қарастырылды.
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің №06/11 2011 жылғы «09» шілдедегі сыртқы отырысы
Күн тәртібі:
- «Қазпочта» АҚ Кадрлық саясатын жаңа редакцияда бекіту туралы.
- «Қазпочта» АҚ 2010 жылға алдын ала Жылдық есебін бекіту туралы.
- «Қазпочта» АҚ 2011 жылға Корпоративтік басқаруды жетілдіру Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы.
Қабылданған негізгі шешімдер:
- 2011-2015 жылдарға «Қазпочта» АҚ Кадрлық саясаты бекітілді.
- «Қазпочта» АҚ 2010 жылға алдын ала Жылдық есеп жобасы бекітілді (бұдан әрі «Қазпочта» АҚ Жалғыз акционері қарастыру үшін).
- «Қазпочта» АҚ 2011 жылға Корпоративтік басқаруды жетілдіру Іс-шаралар жоспары бекітілді.
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің №07/11 2011 жылғы «27» тамыздағы ішкі отырысы
Күн тәртібі:
- 2011 жыл бірінші жарты жылдығына «Қазпочта» АҚ қызметі жайлы есебін қарастыру туралы.
- «Қазпочта» АҚ Германия Федеративтік Республикасындағы өкілдігін жабу туралы.
- «Қазпочта» АҚ Тәуекелдер картасындағы өзгертулер мен толықтырулар туралы.
- «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2011 жылғы екінші тоқсан есебін қарастыру туралы.
- 2011 жылғы 2 тоқсандағы «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметі жұмыскерлерінің қызметін бағалау және сыйақы беру туралы.
- «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2011 жылға жаңа редакцияда Жылдық аудиторлық жоспарын бекіту туралы.
- «Қазпочта» АҚ 2020 жылға дейін жаңа редакцияда Стратегиялық даму жобасын қарастыру туралы.
- «Қазпочта» АҚ Корпоративтік хатшы есебін қарастыру, 2011 жылғы бірінші және екінші тоқсандағы «Қазпочта» АҚ Корпоративтік хатшы қызметін бағалау және сыйақы беру туралы.
- «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің бірнеше мәселелері туралы.
Қабылданған негізгі шешімдер:
- 2011 жыл бірінші жарты жылдығына «Қазпочта» АҚ қызметі туралы есеп қарастырылды.
- «Қазпочта» АҚ Германия Федеративтік Республикасындағы өкілдікті жабу туралы шешім қабылданды.
- «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2011 жылғы екінші тоқсан есебі қарастырылды.
- «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің 2011 жылға жаңа редакцияда Жылдық аудиторлық жоспары бекітілді.
- 2015 жылға дейін «Қазпочта» АҚ Стратегиялық дамуы қабылданды.
- «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне ұсынылған есептер тізбелері бекітілді.







