Ақша аударымдары
Пошталық ақша аударымы Қазақстан өңірлеріне де, сондай-ақ республикадан тыс жақын және алыс шет мемлекеттерге жіберу үшін де қабылданады.
ТМД елдеріне IFS жүйесі бойынша халықаралық аударымдар немесе электрондық аударымдар төлем пунктеріне 3-5 күнтізбелік күн ішінде жеткізіледі.
- Пошталық аударымдар
- Қабылдау және төлеу оңайлығы.
- Тұратын мекенжай бойынша жіберілген және талап етілмелі.
- Заңды және жеке тұлғалардың шоты.
- Аударым түскені жайлы хабарлама жеткізу.
- Телефон арқылы аударым түскені жайлы хабарлау (адресаттың телефон нөмірі болған жағдайда).
- Аударыммен бірге қысқаша хабар жіберуге болады.
- Аударымды алу кезінде жеке басты куәландыратын құжат болса жеткілікті.
- Қосымша ақымен аударымдарды үйден төлеу мүмкіндігі бар.
«Қазпочта» АҚ халықаралық пошталық аударымдармен алмасу бойынша 13 елмен келісімге отырған: Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Молдова, Грузия, Тәжікстан, Түрікменстан, Канада, Польша, Латвиа, Литва, Түркия, Эстония, Қытай.
Қазақстан Республикасы ішінде шұғыл ақша аударымдары.
Жіберу кезінде:
Жіберуші операторға жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, паспорт), СТН ұсынады және аударым қайда жіберілетін орнын, Алушының аты-жөнін көрсетеді. қысқаша хабарлама, коды сөз және аударымның бақылау нөмірін айтады. Жіберуші өз алдына Алушыға шұғыл ақша аударымның кеткенін, кодты сөзді, алатын пункт мекенжайын хабарлайды.
Алу кезінде:
Алушы құжатының түпнұсқасы жеке басының куәлігін (жеке бас куәлігі немесе паспорт) ұсынып және кодты сөзді хабарлайды.
Аударымның сомасынан 3% комиссиялық сыйақыны құрайды, ең төменгі тариф - 200 (екі жүз) теңге, аударымның ең көп сомасы - 300 000 теңге.
IFS (International Financial System) жүйесі бойынша халықаралық электрондық аударымдар
- Шот ашпай аударымдарды іске асыру.
- Жөнелту кезіндегі ең аз құжаттар пайдалану.
- Үйден аударымдарды төлеу мүмкіндігі.
- Ақша тек көрсетілген Алушыға беріледі деп, кепілдік беретін әлемдік класстың сенімді қорғау қауіпсіздік жүйесімен іске асырылады.
Электрондық аударымдар Ресейге, Украинаға, Беларуссияға, Әзербайжанға, Арменияға, Молдоваға, Эстонияға және Өзбекстанға жіберуге қабылданады.
Western Union
Дербес шотсыз бірнеше минут ішінде аударым жүзеге асады.
- Аударымдарды жіберу/алу АҚШ долларында, сондай-ақ қазақстандық теңге де жүреді.
- Аударымның сомасы 7400 АҚШ долларынан аспауы тиіс.
Жіберу кезінде:
Жіберуші операторға жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, паспорт), СТН және деректемелер: Алушының аты-жөнін, аударым жіберілетін ел, қаласын ұсынады; ақша аудару Western Union «Ақша жіберу үшін» деген бланкін толтырып қолын қояды; «Жіберілетін ақша аударымына қосымша» толтырады және қолын қояды; тиісті сомасы мен тиісті комиссиясын төлейді.
Алу кезінде:
Алушы құжатының түпнұсқасы жеке басының куәлігін немесе паспортын, СТН ұсынады; Жіберушінің аты-жөнін, күткен соманы, Жіберушінің елі мен қаласын хабарлайды, 10 саннан тұратын аударымның бақылау нөмірін атайды; Western Union «Ақша алу үшін» деген бланкін толтырады және қолын қояды; «Алатын ақша аударымына қосымша» бланкін толтырады және қолын қояды.
Аударымдары Қазақстан Республикасы бойынша, сондай-ақ одан тыс шет елдерге жіберу үшін қабылданады.







