Активтердің құрылымы
Ұйымның атауы: «Қазпочта» АҚ Жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы болып табылады.
Ұйымның СТН: 600700100437
Ұйымның мем. тіркелу №, ұйымның мем. тіркелу датасы: № 32730-1901-АО 09.01.2009 ж.
Ұйымды тіркеушінің атауы: Астана қаласы Әділет департаменті
Бірінші басшының аты-жөні: "Қазпочта" АҚ Басқарма Төрағасы Арыстанов Аркен Кеңесбекұлы
Ұйымның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ, Сарыарқа ауданы, М. Әуезов көшесі, 13
байланыс ақпараты: Тел.: +7 (727) 261-04-36 Факс: +7 (727) 272-58-10
Акциялардың 100% пакетін иеленуші «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы «Қазпочта» АҚ Жалғыз акционері болып табылады, жарияланған акциялар бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алуға акционердің құқығын іске асыру тәртібінде орналастырылған.
«Қазпочта» АҚ биржада листингі жоқ.
«Қазпочта» АҚ акциялары толық орналастырылған және төленген. Жарияланып, бірақ орналастырылмаған акциялары жоқ.
«Қазпочта» АҚ акцияларын иеленуші тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған құқықтары мен міндеттері бар.
2011 жылдың 01 қыркүйегінде Қоғамның бағалы қағаздар қоржынының көлемі ақша көрсеткішінде 8 274 млн. теңгені (атаулы құны бойынша) құрады. Уақытша бос ақша қаражатының орташа шамаланған табыс мөлшерлемесі ағымдағы жылдың 8 айында 7,8% деңгейінде белгіленді. Қоғамның инвестициялық саясатының мақсаттарына жету үшін жылына 7% дан 9% ға дейін табыстылықты ұстап тұрады. Сондай-ақ айтылған табыс инвестиция қоржынының құрылымы келесі түрде көрсетіледі:
– мемлекеттік бағалы қағаздар табыстылығы – 5,2%
– корпоративті эмитенттер облигацияларының табыстылығы -14%
2011 жылдың 01 қыркүйегінде Қоғамның бағалы қағаздар қоржынының көлемі ақша көрсеткішінде 8 274 млн. теңгені (атаулы құны бойынша) құрады. Уақытша бос ақша қаражатының орташа шамаланған табыс мөлшерлемесі ағымдағы жылдың 8 айында 7,8% деңгейінде белгіленді. Қоғамның инвестициялық саясатының мақсаттарына жету үшін жылына 7% дан 9% ға дейін табыстылықты ұстап тұрады. Сондай-ақ айтылған табыс инвестиция қоржынының құрылымы келесі түрде көрсетіледі:
2011 жылы 17 тамызда «Хоум Кредит Банк» акционерлік қоғамымен 1,0 млрд. теңгеде 12 ай мерзімге жылына 8% Қоғамның ақшасын депозитке орналастыру туралы шартына отырды.
Пошта байланысын жаңалау жобасын қаржыландыру үшін 2003 жылы 02 қыркүйекте Қоғам мен Ислам Даму Банкімен (әрі қарай - ИДБ) қарыз туралы келісімге отырды және мемлекет кепілдігімен 9 млн АҚШ долларында жылына 6 % сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылға, 3 жыл жеңілдетілген мерзімді есепке алғанда ИДБ қарызы тартылды. алынды. 2011 жылдың 01 қазаны күйі бойынша Қоғаммен 3,2 млн. АҚШ доллары өтелді, негізгі қарыздың қалдығы 5,8 млн. АҚШ долларын құрайды.
2011 жылы 17 тамызда «ҚазТрансГаз» АҚ шарт жасалып, «ҚазТрансГаз» АҚ үшін 1,0 млрд. теңге көлемінде 6 ай мерзімге дейін жылына 5% -дан депозит ашылды.
Жарғылық капитал 01.01.2010 жыл жағдайы 9 990,6 млн. теңгені құрады.
Жүзеге асырылуына «Қазпочта» АҚ-ның мүдделілігі бар мәмілелер бойынша жүргізілген операциялар туралы, сондай-ақ байланысты тараптармен жүргізілген операциялар туралы
Мүдделі тараптармен жасалған мәмілелер.
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 71 бабының 1 тармағына сәйкес қоғаммен мәмілелердің жасалуына қоғамның үлестес тұлғалары мүдделі болып танылады, егер олар:
- мәміле тарабы болып табылса немесе оған өкіл немесе делдал ретінде қатысса;
- мәміле тарабы болып табылатын немесе оған өкіл немесе делдал ретінде қатысатын заңды тұлғаның үлестес тұлғалары болып табылса.
Жүзеге асырылуына «Қазпочта» АҚ-ның мүдделілігі бар 2011 жылдың 1 жартыжылдығында жасалған мәмілелер 2011 жылғы 1 шілдедегі жағдайы бойынша үлестес тұлғалардың бекітілген тізіміне сәйкес компаниялармен табыстар бойынша 693 537 мың теңге сомасына және шығындар бойынша 747 720 мың теңге сомасына жүзеге асырылды. Жүзеге асырылуына «Қазпочта» АҚ-ның мүдделілігі бар мәмілелер туралы, сонымен қатар байланысты тұлғалармен жүргізілген операциялар туралы есепте жеке мүдделі тұлғалар мен көрсетілген және алынған қызмет түрлері бойынша толық ақпарат берілген.
Мүдделі тұлғалармен дебиторлық берешекті өтеу «Қазпочта» АҚ есеп шотына ақша қаражаттарын аудару арқылы жүзеге асырылады және «Қазпочта» АҚ несиелік берешектерін олардың алдында өтеу «Қазпочта» АҚ есеп шотынан мүдделі тұлғалар шотына ақша қаражаттарын аудару арқылы жүзеге асырылады.
Байланысты тараптар бойынша мәмілелер.
Қаржы және шаруашылық шешімдерін қабылдауда тараптардың біреуі екінші тарапқа айтарлықтай ықпал ету немесе бақылау жасау мүмкіндігіне ие жағдайда ҚЕХС «Байланысты тараптар туралы ақпараттарды ашу» туралы 24-бөліміне сәйкес Тараптар байланысты болып саналады. Қоғамның байланысты тараптар бойынша мәмілелері жоқ, өйткені компанияның еншілес кәсіпорындары жоқ, тек бірлесіп бақылау жасалатын «Электронпост.kz» БК» ЖШС («Қазпочта» АҚ үлесі 33,3 % құрайды) және «Казпост» (Kazpost GmbH) ЖШҚ («Қазпочта» АҚ үлесі 50% құрайды) ие.
2011 жылғы 1 жартыжылдықта «Электронпост.kz» БК» ЖШС-мен табыстар бойынша 275 848 мың теңге сомасына және шығындар бойынша 71 мың теңге сомасына мәмілелер жүзеге асырылып, «Электронпост.kz» БК» ЖШС 2011 жылдың 1 жартыжылдығына «Қазпочта» АҚ есеп шотына ақша қаражаттарын аудару арқылы 287 213 мың теңге төленді. 01.01.2011 жылы «Электронпост.kz» БК» ЖШС дебиторлық берешегі 136 712 мың теңге сомасын, ал 01.07.2011 жылы дебиторлық берешегі 125 276 мың теңгені құрады.
2011 жылғы 1 жартыжылдықта «Казпост» (Kazpost GmbH) ЖШҚ-мен табыстар бойынша 18 181 EUR сомасына мәмілелер жүзеге асырылды, «Казпост» (Kazpost GmbH) ЖШҚ 2011 жылғы 1 жартыжылдықта «Қазпочта» АҚ есеп шотына ақша қаражаттарын аудару арқылы 21 559 EUR төленді. 01.01.2011 жылы «Электронпост.kz» БК» ЖШС дебиторлық берешегі 9 064 EUR, 01.07.2011 жылы дебиторлық берешегі 5 686 EUR сомасын құрады.
«Қазпочта» АҚ мүдделі тұлғалары мен байланысты тұлғалар арасындағы есептесулерге байланысты қалдықтарға қатысты күмәнді қарыздар бойынша резерв құрылмайды.
«Қазпочта» АҚ мүдделі тұлғалары мен байланысты тұлғалар арасында жүргізілген операциялар «Қазпочта» АҚ мен байланысты тұлғалар, мүдделі тұлғалар арасында жасалған шарттар негізінде міндетті түрде жүзеге асырылады. Шарттарға Басқарма Төрағасы немесе жетекшілік ететін Басқарма Төрағасының орынбасарлары немесе филиал директорлары қол қояды. Шарттарды жасасу кезінде міндетті түрде Сатып алу, Заң, Бухгалтерлік және салық есебі, Бюджеттендіру және экономикалық талдау департаменттерімен келісу рәсімдері жүргізіледі.






