Аралас-электрондық пошта (АЭП)
Жекелеген кезеңдерде электрондық түрде жіберілетін жай хат-хабарлардың немесе құттықтаулардың жіберілуі 2 технологияны біріктіреді: пошталық мекенжайлар бойынша дәстүрлі жөнелтілім және пошталық байланыстың ақпараттық желісі бойынша АЭП пунктерінің арасындағы электронды жөнелтілім.
Өте сенімді - тапсырысты хатпен жеткізіледі және адресаттан тапсырылғаны жөнінде қолхат алу немесе хабарламамен тапсырылады.
Жылдам - пунктердің әкімшілік шекара төңірегінде 24 сағат ішінде жеткізіледі.
Қол жетімді – бүкіл Қазақстан бойынша тармақталған 198 жеткізу пунктері бар.
Сізге не істеу қажет:
Сіз аралас-электрондық пошта қабылдау пунктіне келіп, хатыңыз/құттықтауыңызды дискетте, қағазда немесе опрераторға айтып жаздырасыз.
Оператор Сіздің хабарламаңызды сканерден өткізеді немесе теріп жазып электрондық пошта арқылы жіберілетін орнының пунктіне жақын АЭП пунктінің операторына жібереді.
Тағайындалған жердің операторы хабарламаны/құттықтауды қағазға/ашық хаттқа басып шығарып, конвертке салып, мекенжайын жазып жөнелтуге береді. Хабарлама тапсырысты хатпен берген кезде алғандығы туралы қолхат алынады, немесе хабарламамен беріледі.
Сондай-ақ АЭП арқылы алушының электрондық поштасына хабар немесе құттықтау жібере аласыз.







