Басқарма
Басқарма – Заңға, Қазақстан Республикасының өзге заңнамаларына, Қоғам Жарғысымен Жалғыз акционердің және Директорлар кеңесінің құзырлығына қатысты емес Қоғам қызметінің кез-келген мәселесі бойынша шешімдерді қабылдайтын және Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің алдында оған жүктелген міндеттерді орындау үшін жауапкершілік тартатын, «Қазпочта» АҚ алқалы атқарушы органы.
Басқарма қызметінің мақсаты ретінде Қоғамның қызмет көрсеткіштерінің тұрақты өсуінің дамуы мен оған қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі таңда, «Қазпочта» АҚ Басқарма құрамы Басқарма Төрағасын, Басқарма Төрағасының екі орынбасарын және Басқарушы директорды қосқанда төрт адамнан тұрады.
Басқарма мүшелерінің құқықтары мен міндеттемелері Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қоғам Жарғысымен, «Қазпочта» АҚ Басқармасы туралы ережесімен, сонымен қатар еңбек шартымен анықталады.
Басқарма құрамы
Басқарма Төрағасының мәртебесі: «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі негізінде тағайындалды (18 сәуір 2011 жыл № 15/11 хаттама).
Басқарма Төрағасының міндеттері Қазақстан Республикасының заңы «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазпочта» АҚ Жарғысымен регламенттелінген.
«Қазпочта» АҚ қызметіне жалпы басшылық пен бақылауды жүзеге асырады, Қоғам стратегиясының жүзеге асырылуын және «Қазпочта» АҚ құрылымдық бөлімшелері жұмыстарының тиімділігін жоғарлатуды қамтамасыз етеді.
Басқарма мүшелерінің, заң, кадр саясаты департаменттеріне жетекшілік ететін басқарушы директор-заң департаменті директорының, Басқарма Төрағасы кеңесшілерінің, қауіпсіздік, тексеріс және сапаны басқару департаменттерінің, тәуекелді басқару жөніндегі, жарнама және PR қызметтерінің, мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру жұмыстары жөніндегі сектордың қызметтеріне тікелей басшылық ету және бақылау жасауды жүзеге асыру жатады
Басқарма мүшесінің мәртебесі: Директорлар кеңесінің шешімі негізінде тағайындалды (16 маусым 2011 жылғы № 15/11 хаттама).
Басқарма мүшесінің міндеттері Қазақстан Республикасының заңы «Акционерлік қоғамдар туралы» және Басқарма Төрағасының «Міндеттерді бөлу» туралы бұйрығымен регламенттелінген.
Қаржы қызметтерінің маркетингі мен сату және қаржы қызметтері, қазынашылық департаменттерінің, трансфер-агенттік жұмыстар қызметі және «Қазпочта» АҚ филиалдарының қызметтеріне тікелей басшылық етуді және бақылау жасауды жүзеге асырады.
Басқарма мүшесінің мәртебесі: Директорлар кеңесінің шешімі негізінде тағайындалды (11 мамыр 2011 жыл № 04/11 хаттама).
Басқарма мүшесінің міндеттері Қазақстан Республикасының заңы «Акционерлік қоғамдар туралы» және Басқарма Төрағасының «Міндеттерді бөлу» туралы бұйрығымен регламенттелінген.
Бухгалтерлік және салық есебі, бюджеттендіру және экономикалық талдау, тарифтік саясат және нарықты талдау департаменттері, «Төлем орталығы» филиалының қызметтеріне басшылық етуді және бақылау жасауды жүзеге асырады.
Басқарма мүшесінің мәртебесі: Директорлар кеңесінің шешімі негізінде тағайындалды (30 мамыр 2009 жылғы № 08/09 хаттама).
Басқарма мүшесінің міндеттері Қазақстан Республикасының заңы «Акционерлік қоғамдар туралы» және «Қазпочта» АҚ Басқарма мүшелері арасында міндеттерді бөлу туралы Басқарма Төрағасының «Міндеттерді бөлу» бұйрығымен регламенттелінген.
Сатып алуды ұйымдастыру департаменттеріне, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қызметіне, «Техникалық сервис» филиалына, сыртқы байланыстар және корпоративтік басқару департаменттеріне жетекшілік ететін басқарушы директордың, пошта технологиялары департаментінің, «Электронпост.kz» БК» ЖШС және «Kazpost GMBH» БК, Қоғамның Германия Федеративтік Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы өкілдіктерінің қызметтеріне, «Пошталық сервис», «Астана қ. Пошта тасымалдау бөлімшесі», «Республикалық арнаулы байланыс қызметі» филиалдарының қызметтеріне тікелей басшылық етуді және бақылау жасауды жүзеге асырады.
Басқарма мүшесінің мәртебесі: Директорлар кеңесінің шешімі негізінде тағайындалды (16 маусым 2011 жылғы № 05/11 хаттама).
Басқарма мүшесінің міндеттері Қазақстан Республикасының заңы «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазпочта» АҚ Жарғысымен регламенттелінген.
Ақпараттық технологияларды дамыту, стратегиялық даму және инновация департаменттерінің, Қоғамның «Ақпараттық жүйелерді пайдалану дирекциясы» филиалының қызметтеріне тікелей басшылық етуді және бақылау жасауды жүзеге асырады.
Басқарма сыйақысы туралы
Басқарма мүшелеріне еңбек ақы және сыйыақы төлеу жүйесінің тәртібі «Қазпочта» АҚ Басқармасының Ережесі және Орталық аппарат қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу Ережесімен анықталған.
Директорлар кеңесі жоғарыда айтылған құжаттарға сәйкес саралап, даралық көзқарас негізінде, қызметінде атқарылатын жұмыстарының күрделігіне қарай Төрағаның және Басқарма мүшелерінің қызметтік жалақыларының көлемін және жалақы төлеу шарттарын белгілейді.
Еңбек ақы төлеу жүйесіне Төрағаның және Басқарма мүшелерінің қызметтік жалақыларының көлемі және бір жылғы жұмыс қортындысының сыйақысы кіреді.
«Қазпочта» АҚ қаржы аудиорлы есептілігінің негізінде қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі белгіленген тәртіпте бекітілгеннен соң, «Қазпочта» АҚ басқарушы қызметкерлеріне бір жылғы жұмыс қортындысының сыйақысы қаржы жылдың нәтижесі бойынша төленеді.
АҚ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Мемлекет басшысы Н. Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының экономикасын тұрақтандыруға бағытталған дағдарысқа қарсы шараларды қолдану туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында, 07.04.2009 жылдың № 23-п бұйрығымен Қор тобы ұйымдарының басқарушы қызметкерлеріне бонус төлемеу туралы шешім қабылдады.
Басқарма мүшелеріне әлеуметтік қолдау, кепілдіктер және өтемақылар төлеу Қазақстан Республикасының заңдары және Қоғамның ішкі құжаттары мен еңбек шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.





