Депозититерді қабылдау

«Қазпочта» АҚ жеке және заңды тұлғалардың келесі депозит түрлерін теңгеде және шетелдік валютада қабылдайды:

 қысқа мерзімді депозиттер (мерзімі 1 айдан 12 айға дейін);

 орташа мерзімді (мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейін);

 ұзақ мерзімді (мерзімі 3 жылдан және жоғары);

 «Талап етілмелі» депозиттері.

 Өзіміздің әлеуметті клиенттерімізге келесілер бойынша қаражаттарын орналастыруын ұсынамыз:

 - «Талап етілмелі» депозитіне;

 - «Пошталық» мерзімді депозитіне»;

 - «Береке» жинақтаушы мерзімді депозитіне (бұл салымның түрі бойынша зейнеткерлерге ерекше жағдай алғашқы аз жинақ жарнасы қарастырылған);

 - «Пошталық» мерзімді депозиті - заңды тұлғаларға арналған.

 «Қазпочта» АҚ банктік опреацияларды Қазақстан Республикасының заңына, Жарғыға және ішкі құжаттарға сәйкес, Қаржы нарқын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау бойынша мемлекеттік өкілетті органының лицензиясы негізінде жүзеге асырады. 

 Ұлттық операторымен тартылған мерзімді депозиттерді,  мемлекеттік бағалы қағаздарға және басқа өтімді қаржы инструменттеріне орналастырып мемлекет халықтың салымдарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің қозғалысы, ақша қаражатына сұраныс деңгейі, оларды келешекте орналастыру мүмкіндіктері, аймақтың экономикалық жағдайы  және т.б. ескеріле отырып, депозит бойынша ақтық сыйақы мөлшері «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен өзгерілуі мүмкін.