Директорлар кеңесі

Директорлар кеңесі, Қазақстан Республикасының заңы немесе Қоғам Жарғысы бойынша Жалғыз акционердің немесе Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелерден бөлек, Қоғам қызметін басқаруды жүзеге асыратын, сондай-ақ өз құзыретіне сәйкес Қоғам Басқармасының қызметін бақылайтын Қоғамды басқару органы болып табылады.

Директорлар кеңесінің қызметі парасаттылық, тиімділік, белсенділік, ақ ниеттілік, адалдық, жауапкершілік және дәлдік қағидаттарына негізделеді.

Директорлар кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңын, Қоғам Жарғысын, осы «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі Ережесін, Қоғамды корпоративтік басқару Кодексін және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарын басшылыққа алады.


 

Директорлар кеңесінің құрамы

Директорлар кеңесінің Төрағасы

Қуандық Уәлиханұлы  Бишімбаев 

Жалғыз акционер өкілі – «Самұрық Қазына» Ұлттық әл- ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары

 

Туған жылы: 11.04.1980 ж

Азаматтық: Қазақстан Республикасының азаматы.

 

Директорлар кеңесіне ағымдағы сайлау датасы:   Жалғыз акционердің шешімі («Самұрық Қазына» АҚ Басқармасының шешімі № 20/11 - 20.05.2011 жыл).

ДК Төрағасы лауазымының өкілеттік мерзімі: «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін (2012 жылдың 7 шілдесіне дейін).

ДК Төрағасының міндеттері болып табылады  (Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы, «Қазпочта» АҚ Жарғысына және басқа ішкі құжаттарына сәйкес):

- Директорлар кеңесінің жұмысының тиімділігін қамтамасыз ете отырып  ұйымдастырады;

-  Директорлар кеңесінің мүшелері өз уақытында толық және айқын ақпарат алуын қамтамсыз етеді;

-  Директорлар кеңесі мүшелерінің  Директорлар кеңесінің қызметіне тиімді үлесін, дәл айтқанда  Директорлар кеңесі мүшелері мен Қоғам Басқармасының арасындағы жемісті қарым-қатынасты  қамтамасыз етеді, сондай-ақ Жалғыз акционер бекіткен мерзімде Директорлар кеңесінің қызметі жайлы  өткен күнтізбелі жыл бойынша есеп береді;  

- Жалғыз акционермен  тиімді байланыс және сондай –ақ жалпы Жалғыз акционердің көзқарасымен Директорлар кеңесін қамтамасыз етеді.

Білімі: 1995-1999ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, халықаралық экономикалық қатынастар (халықаралық маманы-экономист); 1997-2002ж. -  М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, құқықтану; 1999-2001ж. - Джорджа Вашингтон атындағы университет, МВА (Master of Business Administration, іскерлі әкімшілдік магистрі); 2007 ж. – Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми академиясы, «экономика» мамандығы (экономика ғылымдарының кандидаты).

Соңғы үш жылда біліктілікті жетілдіру бойынша өткен семинарлары, курстары туралы ақпарат: жоқ.

Еңбек жолы:

«Қазақстанның Даму банкінде» жұмыс істеді, 2002-2003 жылдарды Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде әртүрлі лауазымда болды. 2003-2004 ж. – «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарушы директоры, Басқарма мүшесі. 2004-2005 ж. – «Маркетингілік және талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі.

2005 жылдың ақпанынан қыркүйекке дейін «Ордабасы» Корпорациясы» АҚ вице-президенті.

2005-2006 ж. - Қазақстан Республикасы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кеңесшісі.

2006 жылдың наурызынан маусымына дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесі Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2006-2007 ж. – «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ президенті.

2007-2008 ж. -  Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігінің вице-министрі.

2008-2010 ж. -  Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің орынбасары, сосын Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болды.     

2009-2010 жж. -  Қазақстан Республикасы қаржы нарқын және қаржылық ұйымдарды  реттеу және бақылау агенттігі Басқармасының Қазақстан Республикасы Президентінің және бір мезгілде  - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының Қазақстан Республикасы Президентінің өкілі.

2010ж. сәуір-мамыр - Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министрлігінің    вице-министрі.

2010 жылдың тамызы – 2011 жылдың мамыры -  Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының Қазақстан Республикасы Өкіметінің өкілі, бір уақытта  Қазақстан Республикасы қаржы нарқын және қаржылық ұйымдарды реттеу және бақылау агенттігі Басқармасының Қазақстан Республикасы Өкіметінің өкілі. 

17.05.2011 жылдан бастап қазіргі уақытта - «Самұрық Қазына» Ұлттық әл- ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары. 20 мамыр 2011 жылдан бері «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесін басқарады.

ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ  Директорлар кеңесінің Төрағасы.

«Қазпочта» АҚ акцияларын иеленуі: иеленбейді

Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.

 

Директорлар кеңесінің мүшелері

 

Найджел Джон Стейплтон

Тәуелсіз директор

 

Туылған жылы: 01.11.1946 ж.

Азаматтылық: Ұлыбритания Біріккен Корольдігі және Солтүстік Ирландия азаматы.

 

Директорлар кеңесіне алғашқы рет сайлау датасы: «Самұрық» Холдингі» АҚ  Директорлар кеңесінің шешімі (№ 08/08 хаттама 13.06.2008 жыл).

Директорлар кеңесіне ағымдағы сайлау датасы: «Самұрық Қазына» Ұлттық әл- ауқат қоры» АҚ Басқарма шешімі (№ 65/09 хаттама 07.07.2009 жыл).

ДК Төрағасы лауазымының өкілеттік мерзімі: «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін (2012 жылдың 7 шілдесіне дейін).

ДК мүшесінің міндеттері  Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңымен, Жарғымен, Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі туралы ережемен және «Қазпочта» АҚ басқа ішкі құжаттарымен  регламенттеледі.

ДК тәуелсіз директорына қойылатын талаптар  Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңымен, «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі Ережесімен регламенттелінген.

Комитеттерде мүшелігі:

1)  аудит бойынша Комитет  төрағасы;
2)  тағайындау және сыйақы төлеу бойынша Комитетінің мүшесі;
3) стратегиялық және инновациялық даму  Комитетінің мүшесі.

Білімі: 1965-1968 ж. - Кембридж университеті (Ұлыбритания), жоғарғы экономикалық және саяси білім, магистр дәрежесі. Бухгалтерлер институты және өндірістік кәсіпорын және басқарманың толық құқықты мүшесі.

Соңғы үш жылда біліктілікті жетілдіру бойынша өткен семинарлары, курстары туралы ақпарат: Price Waterhouse & KPMG (Стэнфорд қаласы), 2006-2008ж. Ұлыбританияда (әрбір 2 айда) – аудит, қаржы және зейнетақы бойынша тәуелсіз директорларға жаңа білім туралы семинар.

Еңбек жолы:

Әртүрлі жылдары келесі компанияларды Unilever plc, ВОСМ Silcock, Unilever plc (Солтүстік Америкада кеңсесі), Unilever United States, Inc., Reed International plc, Hundred Group, Reed Elsevier plc, Reed International plc, Reed Elsevier plc  басшылық қызметтерін атқарды. 1999 жыл-2001жылдарда  Veronis Suhler International Ltd. иинвестициялық қордың Директорлар кеңесінің төрағасы болды.  2001 жыл - 2006 жылдар Uniq plc  Директорлар кеңесінің төрағасы. 2003 жылдың наурызынан тамызына дейін Cordiant Communications Group plc  Директорлар кеңесінің төрағасы болды төрағасы.  2001 жыл -2011 жылдарда – Лондон Қор Биржасы Reliance Security Group plc., Allied Domecq, GEC/Marconi, Sun Life/AXA, Royal Opera House Trust атқарушы емес директоры. 2004 жыл - 2011жылдары– Postal Services комиссия төрағасы және идара басшысы (үкіметтік емес ұйым, британия пошта қызметтерінің тәуелсіз реттеушісі) Ұлыбритания пошта қызметтерінің Комиссиясы. 2009 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - Mineworkers Pension Scheme қамқор кеңесінің төрағасы (толық мерзімге емес).

2009 жылдың 7 шілдесінен қазіргі уақытқа дейін -  «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры. 

ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы:  Mineworkers Pension Scheme қамқор кеңесінің тәуелсіз төрағасы.

«Қазпочта» АҚ акцияларын иеленуі: иеленбейді

Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.         

 

Калле Тариен

тәуелсіз директор

 Туылған жылы: 14.11.1961 ж.

Азаматтылық: Эстония Республикасының азаматы.

Директорлар кеңесіне алғашқы рет сайлау датасы: «Самұрық» Холдингі» АҚ  Директорлар кеңесінің шешімі (№ 15-п бұйрық 14.02.2007 жыл).

Директорлар кеңесіне ағымдағы сайлау датасы: «Самұрық Қазына» Ұлттық әл- ауқат қоры» АҚ Басқарма шешімі ((№ 65/09 хаттама 07.07.2009 жыл ).

ДК Төрағасы лауазымының өкілеттік мерзімі: «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін (2012 жылдың 7 шілдесіне дейін).

ДК мүшесінің міндеттері  Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңымен, Жарғымен, Директорлар кеңесі Ережесімен және «Қазпочта» АҚ басқа ішкі құжаттарымен  регламенттелінеді.

ДК тәуелсіз директорына қойылатын талаптар  Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңымен, «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі Ережесімен регламенттелінген.

Комитеттерде мүшелігі:

1)  аудит бойынша Комитет  төрағасы;
2)  тағайындау және сыйақы төлеу бойынша Комитетінің мүшесі;
3) стратегиялық және инновациялық даму  Комитетінің мүшесі.

Білімі: 1984-1991ж - Тартус университеті (Эстония), заң факультеті, заң ғылымдарының кандидаты (магистр дәрежесі).

Соңғы үш жылда біліктілікті жетілдіру бойынша өткен семинарлары, курстары туралы ақпарат: Ұлыбритания, Швеция, Финляндия және Эстонияда жоғары басқарушы буындарының бастықтарына арналған әртүрлі курстардан өтті.

Еңбек жолы:

Inpass Estonia Ltd., (Таллинн қ, Эстония), Visa International CEMEA Region (Лондон қ.) компанияларында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2001 жылдың ақпанынан - 2002 жыл ақпанына дейін – Таллинн қ, Certifications Center Ltd. төрағасы, 2002 жылдың қазаны  - 2006 жылдың қарашасы - Estonian Post Ltd басқармасының мүшесі.

2004 ж. сәуір – 2007 ж. қаңтар - Estonian Electronpost Ltd кеңесінің төрағасы.

2007 ж, қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін - «Itella» корпорациясының даму директоры, Хельсинки қ.

7 шілде 2009 жылдан   қазіргі уақытқа дейін - «Қазпочта» АҚ тәуелсіз директоры. 

ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы:  Estonian Electronpost Ltd. Директорлар кеңесінің төрағасы.

«Қазпочта» АҚ акцияларын иеленуі: иеленбейді

Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.    

 

Серік Болатұлы Саудабаев

Жалғыз акционер өкілі- «Самұрық Қазына» Ұлттық әл- ауқат қоры» АҚ коммуникациялық активтерді басқару директоры.
 

Туылған жылы: 08.12.1977 ж.

Азаматтылық: Қазақстан Республикасының азаматы.

 

 

Директорлар кеңесіне ағымдағы сайлау датасы:   Жалғыз акционер шешімі (№ 47/10 хаттама 13.08.2009 жыл).

ДК Төрағасы лауазымының өкілеттік мерзімі: «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін (2012 жылдың 7 шілдесіне дейін).

ДК мүшесінің міндеттері  Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңымен, «Қазпочта» АҚ Жарғысымен және басқа ішкі құжаттарымен  регламенттелінеді.

Комитеттерде мүшелігі:

1) тағайындау және сыйақы төлеу бойынша Комитетінің мүшесі;
2) стратегиялық жоспарлау Комитетінің мүшесі.

Білімі: 1995-1999 ж. – Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (құқықтану), заңгер;  2004-2006 ж – Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университеті (экономика), экономист (Алматы қ).

Соңғы үш жылда біліктілікті жетілдіру бойынша өткен семинарлары, курстары туралы ақпарат: корпоративтік басқару тиімділігін жоғарлату туралы курс –  Халықаралық қаржы корпорациясы Дүниежүзілік банкінің Орталық Азияда корпоративтік басқару жобасы (қыркүйек, 2008 жыл).

Еңбек жолы:

2000-2003ж. – Астана қаласында «Телекоммуникациялық трафик республикалық  биллингі орталығы» РМҚ филиалының, аға заң консультанты,  жалпы бөлімнің бастығы, филиал директорының міндетін атқарушы.

2003 ж. қыркүйек – 2010 ж. мамыр – «Қазақтелеком» АҚ әртүрлі лауазымда болды.

17 маусым 2010 жылдан қазіргі уақытқа дейін -  «Самұрық Қазына» Ұлттық әл- ауқат қоры» АҚ коммуникациялық активтерді басқару директоры.

ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы:  «Қазақтелеком» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

«Қазпочта» АҚ акцияларын иеленуі: иеленбейді

Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.      

 

Сәкен Сейітжаппарұлы Сәрсенов

Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат вице-министрі

 Туылған жылы: 02.02.1977ж.

Азаматтылығы: Қазақстан Республикасының азаматы.

 

 

Директорлар кеңесіне ағымдағы сайлау датасы:  «Самұрық Қазына» Ұлттық әл- ауқат қоры» АҚ Басқармасының шешімі (№ 56/10 хаттама 18.09.2010 жыл).

ДК Төрағасы лауазымының өкілеттік мерзімі: «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін (2012 жылдың 7 шілдесіне дейін).

ДК мүшесінің міндеттері  Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңымен, Жарғымен, Директорлар кеңесі Ережесімен және «Қазпочта» АҚ басқа ішкі құжаттарымен  регламенттелінеді.

Білімі: 1994-2000 ж. – Мәскеу авиациялық институты (техникалық институт), ақпараттарды өңдеу және басқару автоматтандырылған жүйесі (Мәскеу қ, РФ).

Соңғы үш жылда біліктілікті жетілдіру бойынша өткен семинарлары, курстары туралы ақпарат: жоқ

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрлігінде,  Қазақстан Республиксы Қаржы министрлігі «Қаржы жүйесінің ақпараттық орталығы» РМҚ жұмыс істеді.

2003 жылдан 2008 жылға дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.

2008-2009 ж. - «Қазақтелеком» АҚ электрондық қызметтер бойынша басқарушы директоры.

2009 ж. қыркүйектен 2010 сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының  құқықтық статистика және арнайы есеп Комитетінің төраға орынбасары. 

2010 жылдан  қазіргі уақытқа дейін  Қазақстан Республикасы байланыс және ақпарат вице-министрі

ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы: «Қазтелерадио» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы; «Қазақстандық телекоммуникациялар» АҚ АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы; «Ұлттық ақпаратты коммуникациялық «Зерде» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

«Қазпочта» АҚ акцияларын иеленуі: иеленбейді

Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.      

 

Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов

«Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы

 

Туылған жылы:  07.03. 1966 ж.

Азаматтылығы:  Қазақстан Республикасының азаматы. 

Директорлар кеңесіне ағымдағы сайлау датасы: Жалғыз акционердің шешімі бойынша («Самұрық Қазына» АҚ Басқармасының шешімі № 15/11 от 18.04.2011 жыл).

ДК Төрағасы лауазымының өкілеттік мерзімі: «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін (2012 жылдың 7 шілдесіне дейін).

ДК мүшесінің міндеттері  Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңымен, Жарғы және «Қазпочта» АҚ басқа ішкі құжаттарымен  регламенттелінеді.

«Қазпочта» АҚ Комитеттерінде мүшелігі: жоқ

Білімі: 1988 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің «Саяси экономиясын» бітірген,  мамандығы - экономист, саяси экономия. 1992 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітіріп, экономика ғылымдарының кандидаты атанды. 2004 жылы қосымша Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тамамдады.   Экономика ғылымдарының докторы. 

Соңғы үш жылда біліктілікті жетілдіру бойынша өткен семинарлары, курстары туралы ақпарат: жоқ

Еңбек жолы:

Әр түрлі жылдарда, әр түрлі лауазымда Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, Алматы сауда-қаржылық банкі, «Қазақстан Республикасының Халық банкі» ААҚ қызмет атқарған.

2000 ж. - «Қазпочта» ААҚ Басқарма Төрағасының орынбасары. 2000-2006 жылдары «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы болды.

2006-2011 жылдары Қазақстан Республикас ының Алматы қалас ы аймақтық қарж ы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы лауазымында болды.   

2011 жылы «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. 

ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы: жоқ

Компания акцияларын иеленуі: иеленбейді

Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.

 

 

Тәуелсіз директорларды іріктеу критериялары

Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін жоғарлату саясаты 

Директорлар кеңесі  мүшелеріне сыйақы беру туралы

Директорлар кеңесінің  компания айқындылығы және ақпаратты ашу үдерістерінің тиімділігі туралы есептерін қарастыруы

Директорлар кеңесінің жұмысын бағалау

2009 жылға Директорлар кеңесінің есебі

2010 жылға Директорлар кеңесінің есебі

2009 жылға «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі

2010 жылға «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі

2011 жылға «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі