Есептілік

Қаржы есептілігі

«01» қазан 2011 жыл жай-күйі бойынша бухгалтерлік теңгерімі

2011 жылдың «01» шілде жағдайы бойынша бухгалтерлік баланс

2011 жылдың «01» қаңтар жағдайы бойынша бухгалтерлік баланс

«01» шілде 2011 жыл жай-күйі бойынша пруденциальды нормативтердің орындалуы туралы есеп

«01» сәуір 2011 жыл жай-күйі бойынша пруденциальды нормативтердің орындалуы туралы есеп

2010 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылдың тәуелсіз аудиторлардың есептерімен бірге қаржылық есептілік

Мұрағат



Жылдық есептер

2010 жылдың жылдық есебі «Қазпочта» АҚ (1 бөлім) ,  2010 жылдың  жылдық есебі «Қазпочта» АҚ (1 бөлім)

Мұрағат

 

Ішкі аудитор туралы ақпарат 

 «Қазпочта» АҚ 2010 жылдың шоғырланған қаржылық есептілігінің сыртқы аудиті «Эрнст энд Янг» ЖШС тәуелсіз аудиторлық ұйыммен жүргізілген. Сыртқы аудитор «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамымен және меншіктік немесе сенімді басқару құқығымен тиісті дауыс беруші акциялардың (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайыздары «Самұрық-Қазына» АҚ-на тікелей және жанама түрде жататын ұйымдармен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу туралы бірыңғай ережелерінің талаптарына сәйкес ашық тендердің қорытындылары бойынша анықталған. «Қазпочта» АҚ «Эрнст энд Янг» ЖШС «Қазпочта» АҚ қаржылық есептілік аудитін 2010-2012 жылдары жүргізу қызметі туралы 17.11.2010 жылы Шартқа № 15-10-981 отырды.

17.11.2010 жылғы № 15-10-981 Шарттың талаптарына сәйкес қаржылық есептілік аудитін 2010-2012 жылдары жүргізу қызметінің бағасы 142 800 000 теңгені (жүз қырық екі миллион сегіз жүз мың) құрайды, соның ішінде «Қазпочта» АҚ 2010 жылғы қаржы есептілік аудиті - 47 600 000 (қырық жеті миллион алты жүз мың) теңге, «Қазпочта» АҚ 2011 жылғы қаржы есептілік аудиті– 47 600 000 (қырық жеті миллион алты жүз мың) теңге, «Қазпочта» АҚ 2012 жыл бойынша қаржы есептілік аудиті–– 47 600 000 (қырық жеті миллион алты жүз мың) теңге.

«Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес аудит өткізу шектеулі құқықтары бар, сондықтан «Қазпочта» АҚ-да мынандай жағдайларда аудит өткізуге тыйым салынады; 

1) егер аудитты өткізуші сыртқы аудитор немесе оның жұмысшысы «Қазпочта» АҚ кредиторы болып табылса;
 2) егер сыртқы аудиторға соңғы үш жылда оның бухгалтерлік есепті қалпына қайта келтіру және жүргізу, қаржы есептілігін жасау қызметтерінің профилі бойынша «Қазпочта» АҚ қызметтер көрсетілсе;
 3) егер сыртқы аудитор орындаушыларының «Қазпочта» АҚ  еңбек  қатынастары болса немесе «Қазпочта» АҚ, сондай-ақ оның Жалғыз акционерінің лауазымды тұлғасының ең жақын туысы немесе мүдделі үлестес тұлғасы болса;
 4) егер сыртқы аудитор орындаушыларының «Қазпочта» АҚ жеке мүліктік мүдделері болса;
 5) аудит өткізу міндеттемелеріннен басқа, сыртқы аудитор орындаушыларының «Қазпочта» АҚ алдында немесе оның алдында «Қазпочта» АҚ ақшалай міндеттемелері  болса;
 6) Жасалған жария шарттардан туындаған міндеттемелерді қоспағанда,  сыртқы аудитор мен «Қазпочта» АҚ мүдделер жанжалы туындайды немесе осындай жанжалдардың туындау қаупі пайда болғанда.

«Қазпочта» АҚ қаржы есептілігі бойынша аудит қызметін алу кезінде, төмендегілер салдарынан сыртқы аудитор үшін тәуелсіз қауіп- қатерлер туындауы міндетті түрде қарастырылады;

 1) сыртқы аудитордан ертеректе алынған қызметтер түрлері;
 2) қаржы есептілігін қамтитын мерзім ішінде және соңында аудитормен қаржы және   іскерлік қатынастар;
 3) аудиторлық ұйымның бұрынғы жұмысшыларын жұмысқа қабылдау.

 «Қазпочта» АҚ басшылыққа және лауазымдарға жұмысқа алу бұрынғы аудиторлық топ мүшелерінің қаржы есептілігінің үдерістеріне елеулі ықпал ететіні ұйғарылып тек аудиторлық топ мүшелерінің өткізген аудиторлық тексеріс датасынан  5 (бес) жыл өткен соң іске асырылады.

2004 жылдан «Қазпочта» АҚ басшылыққа және лауазымдарға жұмысқа алу кезінде бұрынғы аудиторлық топ мүшелерінің қаржы есептілігінің үдерістеріне елеулі ықпал еткені байқалмады. 

 «Қазпочта» АҚ жылдық қаржы есептілігін  ұйымдастыруға және өткізуге жауапты Жарғы және «Қазпочта» АҚ ішкі құжаттарына сәйкес құзыреттілігіне тәуелді  органдар, бөлімшелер міндеттері шектеледі. 

«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі «Қазпочта» АҚ қызметкерлеріне сапалы жылдық қаржы есептілігін өткізу және өз уақытында шыққан аудиторлық есептің маңыздылығын көрсетеді.

«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің аудит бойынша Комитеті:

1) «Қазпочта» АҚ сыртқы аудитті тағайындау және ауыстыру бойынша мәселерін қарастырады және солар бойынша ұсыныстарын дайындайды:
2) сыртқы аудитордан ілеспелі және аудиторлық емес қызметтерді алғанын алдын ала мақұлдайды және сыртқы аудитордың тәуелсіздігіне әсер ететін мүдделер қақтығыстарын болдырмау мақсатында осы алынған қызметтердің сипатын қарастырады:
3) «Қазпочта» АҚ қаржы есептілігінің аудитін өткізу шартының елеулі талаптарын алдын ала мақұлдайды;
4) сыртқы аудитпен ұсынылған жоспарға сәйкестілігі және Жалғыз акционер және «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің қажет еткен аудит көлемін талқылайды;
5) сыртқы аудитпен бірге «Қазпочта» АҚ басшылығының аудит қортындысы туралы ақпаратын қосқанда,  жыл сайынғы және аралық қаржы есептілік аудитының нәтижелерін қарастырады.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына  «Қазпочта» АҚ Басқармасы  өз уақытында «Қазпочта» АҚ-ның аудиторлы жылдық қаржы есептілігін беруге жауапты.

 «Қазпочта» АҚ сыртқы аудитор және/немесе жоба бойынша аудиторлық есепті дайындауға жауапты серіктесі мерзімімен ауысып тұрады. 

«Қазпочта» АҚ жоба бойынша сыртқы аудитор және/немесе серіктесті алмастыру («Қазпочта» АҚ жоба бойынша сыртқы аудитор және/немесе серіктесті мерзімі өткен соң ауыстыруы қажет) 5 (бес) жылда болып тұрады.

 «Эрнст энд Янг» ЖШС 2006 жылдан бері «Қазпочта» АҚ қаржы есептілігінің аудитын өткізіп келеді, «Қазпочта» АҚ жоба бойынша серіктесті алмастыру 4 мәрте болды.

 

Үлестес тұлғалардың тізімі