Филателия

1999 жылы құрылған «Қазпочта» акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасын 180 елден тұратын әлемдік пошта қауымдастығының алдында көрсетеді. Қазақстан поштасының бұрынан келе жатқан тарихи салт дәстүрі бар. Қазпочта үшін отандық филателияны дамыту басым бағыттарының бірі болып табылады.

Тәуелсіз егеменді Қазақстанның пошта маркаларының тарихы 1969 жылы Алматы облысындағы Есік қорғанын қазу кезінде табылған сақ жауынгері киімінің бейнесі бар «Алтын сарбаз» атты, Қазақстанның ең алғашқы пошта маркасын 1992 жылдың наурыз айында почта айналымына енгізген кезден бастап басталады деп, атап өту тисті деп ойлаймыз. Осы сәттен бастап қазақстандық маркалар әлемнің пошта маркалар каталогы мен филателистердің жинағына ене бастады.19 жылдың ішінде 700 ден аса Қазақстан Республикасының пошта маркалары мен блоктары шығарылды. Кеңес Одағының ыдырауына байланысты Қазақстан филателиясы көптеген сындарды басынан өткізгендігін айта кету керек. Шығарылым үшін арнайы кәсіпорынан бастап қаражатқа дейін болмады. Ал марка деген елдің визит карточкасы, белісі ретінде ұғынылады. Алғашқыда пошта маркалары бес жылдай «Bundesdrucerei» (Германия) баспаханасында басылды. Кейінірек байқаулар негізінде біздің көркем суретті маркаларымыз Ресейде, Украина және Қытайда басылды, ал стандартты маркаларымыз Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің Банкноттық фабрикасы» РМК шығарыла бастады. Маркалар өзінің түрленуі мен мәнерлігінің арқасында қазіргі заманның тарихы және қоғамдық дамуын сипаттайтын, коллекциялаудың ең сүйікті объектісі болып табылады. Маркаларда ғасырдан ғасырға сақталып берілетін жеке елдің, сондай-ақ адамзаттың негізгі тағдыр белестері, мәдениеті мен мәдени мұралары бейнеленген. Қазақстанда филателияны дамыту мақсатында көптеген іс-шаралар өткізілді олар: Алматы, Астана қалаларында және Қазақстанның басқа үлкен қалаларында филателиялық салондар мен бұрыштар ашылды, түрлі түсті каталогтар, әр түрлі филателиялық өнімдер түрлері (буклеттер, пошта карточкалары, Алғашқы Күннің Хат Қалталары, күнтізбеліктер, шағын альбомдар және Қазақстан Республикасының пошта маркалары бар VIP альбомдар шығарылды; маркаларды интернет желі арқылы сату үшін интернет-дүкен ашылды; Қазақстан Республикасының пошта маркалары мен филателиялық өнімдерімен қамтамасыз ету және сату үшін көптеген шетелдік фирмалармен шарттар бекітілді. Филателистерді қызықтыратын Қазақстандық маркалар барлық тақырыптарды қамтыған.

Қазақстан Республикасының символдары елтаңба мен ту бейнеленген маркалар шығарылды, сондай-ақ қызықты сериялар «Тарихи тұлғалар», «Космос» (жыл сайынғы ғарыштық тақырыбы оқиғаларына арналған серия), «Қазақстанның бейнелу өнері» (Қастеев атындағы мұражай қорынан), «Қазақстан сәулет өнерінің ескерткіштері» (Қожа Ахмет Яссауи мазары, Сырлы - Там мазары, Домбауыл, Айша - бибі мазары және басқалары), «Қазақстанның флорасы мен фаунасы» (Қызыл кітапқа енген, жойылып бара жатқан эндемикалар, сондай-ақ WWF Дүниежүзілік жабайы табиғатты қорғау қорының қамқорлығымен шыққан «Табиғатты аялайық» атты маркалар), «Қазақстанның інжу-маржандары» (қорықтар мен ұлттық саябақтарға аралған шығарылым), «Еуропа» сериясы, «Қазақстанның көрнекті тұлғалары», «Спорт» сериясы (қазақстандық спортсмендердің жетістіктері), «Дүние жүзіндегі діндер. Діни ғимараттар», «Қазақстан Республикасын мекендейтін халықтар», «Қазақстанның театр өнері», «Ертедегі Қазақстанның сауыт-саймандары және қарулары», «Наурыз», «Көлік және байланыс», «Қазақстан минералдары», «Балалар сурет салады» және тағы басқа да серияларға өте бай.

Пошта маркаларының шығарылымы Дүниежүзілік Пошта одағының құжаттарына сәйкес шығарылады. Пошта маркалары мен пошта блоктарына қосақталып «Алғашқы күнгі» арнайы пошта мөрқалыбы, Алғашқы Күнгі хат қалталары, буклеттер, картмаксимумдар және басқа филателиялық өнімдер шығарылады.

2005 жылы аса бір ерекеше жаңалықтардың бірі ол «Спорт» сериясы бойынша «Қазақстанның олимпиада чемпиондары» атты тақырыпта еліміздің чемпиондары бейнеленген квартблок шығарылды. Сондай-ақ, сәулет өнері бойынша «Бейбітшілік және Келісім сарайы» атты көркем суретті пошта маркасы және жыл сайын елімізде болып жатқан іс-шараларға «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституция қабылдағанына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ төрағалығы», «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Саммитіне», «Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығы» арналған пошта маркалары шықты.

«Қазпочта» АҚ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұражайында әр түрлі сериядағы пошта маркаларының жеке экспозициясын жасады. 2003 жылдан бастап пошта маркалары жаңа үлгідегі полиграфиялық жолмен, 4-5 түсті мәнерлігі арттырылып, конгрев, лак, алтын фольгамен өрнектеліп және сонымен қатар стандартты маркалар 4 түсті болып шыққандығын айта кетуіміз керек.

«Қазпочта» АҚ белсенді түрде басқа елдермен пошта маркаларының біріккен басылымын шығаруды жүзеге асырып жүр. Арал аймағының мемлекеттерімен бірігіп (Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан) «Арал теңізін сақтаңыз!», Қытаймен «Қолөнер», Түркиямен «Түркістан қаласына 1500 жыл», Ресеймен «Сирек құстар», Украинамен «Қоршаған ортаны қорғау», Өзбекстанмен «Бейнелу өнер», Тәжікстанмен «Музыкалық аспаптар», Монғолиямен «Қолөнер. Әйелдер бас киімі», Эстониямен «Аңшы иттер», Латвиямен «Әйелдер әшекейлері», Молдовамен «Фауна», Иранмен «Ежелгі өнер мұралары», Әзербайжанмен «Каспий фаунасы» атты тақырыптарда пошта маркаларының біріккен басылымдарын шығарды.

Біз пошта маркаларын шығаратын шетелдік әріптестерімізбен тығыз байланыстамыз және интернет желі арқылы шетелдік серіктерімізге филателиялық өнімдерді сыртқа шығарамыз. Ресей, Балтық елдері, Германия, Франция және Югославия филателистері біздің тұрақты клиенттеріміз.

«Қазпочта» АҚ ресми сайтында 700-ден аса Қазақстан Республикасының пошта маркаларының электронды каталогы орналастырылған және әлемнің барлық филателистері интернет-дүкен желі арқылы біздің пошта маркаларымызды сатып алуға зор мүмкіндіктері бар.

Тағы да айта кетерлік жағдай, Женева қаласында БҰҰ филателиялық мұражайында «Өркениет диалогы», «Туберкулез және ЖИТСпен күрес», «Халықаралық таулар жылы» атты тақырыптардағы қазақстандық пошта маркалары, сонымен қатар «ЮНЕСКО» мұражайында Абай Құнанбаевқа және Қаныш Сәтпаевқа арналған пошта маркалары кездеседі. Қазіргі таңда «Қазпочта» АҚ көрмелерге тек ғана қатысушы ретінде ғана емес, сондай-ақ Қазақстан Республикасында және шет жақтарда әр түрлі көрмелер мен салтанатты тұсаукесерлердің ұйымдастырушысы болып табылады. 2003 жылдың ішінде Мәскеу және Челябинскіде жарияланған «Қазақстанның Ресейдегі жылы» шеңберінде Қазақстан Республикасы пошта маркаларының көрмесін өткізді. ҚР Сыртқы Істер Министрлігі арқылы Брюсселде (Бельгия) Қазақстан пошта маркаларының тұсаукесері ұсынылды. 2004 жылы Гонконг қаласында халықаралық туризмге арналған пошта маркаларының көрмесі, 2006 жылы Вашингтон қаласындағы филателиялық көрмеге және 2008 жылы Бейжін қаласындағы олимпиадаға арналған филателиялық көрмелерге белсене қатысты. Алматы почтамтында Қазақстандағы Болгария, Канада, Польша және Украина елшіліктерімен бірлесіп пошта маркаларының көрмелерін өткізді. Көптеген шетелдік әріптестер «Қазпочта» АҚ филателиялық өнімдерін сапалы және көркем мәнерлі дизайнмен ерекшеленді деп атап отыр. Әрине бұлардың бәріне Қазақстанның тарихы мен оның мәдени салт-дәстүрі жөніндегі материалдарды жинақтау, зерделеу және олардың дұрыстығын анықтаудағы тынымсыз еңбектің нәтижесі болып табылады.

Қосымша мағлұматтарды «Қазпочта» АҚ Пошта төлемінің белгілері және филателия басқармасынан мына телефон арқылы 8(727) 279-68-83 ала аласыздар.

Пошта маркалары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының пошта маркаларының жинағы бар каталогтарды филателиялық салоннан, мына мекенжай бойынша сатып алуыңызға болады: Алматы қ, «Алматы Почтамты» АФ, Бөгенбай батыр к-сі,134, тел 8(727) 261-02-42; тел 8(727) 261-23-32.