Халыққа тұтынушылық несиелер беру бойынша екінші деңгейдегі банктерге көрсетілетін агенттік қызметтер

«Хоум Кредит Банк» АҚ-мен ынтымақтастық

«Қазпочта» АҚ мен «Хоум Кредит Банк» АҚ ынтымақтастығы 2005 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.  

  • Республиканың аудандық, қалалық және облыс орталықтарының барлық орталық операциялық учаскелеріндегі зейнеткерлерді қосқанда, Банк клиенттеріне тұтынушылық несие беру үдерісінде Банктің мүддесін білдіру.
  • Банк Клиенттерінен төлемдерді қабылдау.

Несие беру талаптары

«Қазпочта» АҚ зейнетақы алушыларына берілетін несие

  • Несие берудің ең жоғары сомасы - 300 000 теңге.  
  • Несие берудің ең ұзақ мерзімі - 3 жыл.    

«Қазпочта» АҚ еңбекақы алушыларына берілетін несие

  • Несие берудің ең жоғары сомасы - 500 000 теңге
  • Несие берудің ең ұзақ мерзімі - 3 жыл.

Несиені ресімдеу үшін келесі құжаттар қажет: жеке куәліктің, РНН, ЖӘК түпнұсқалары (зейнеткерлерден ЖӘК талап етілмейді).

 «Қазақстан тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ-мен ынтымақтастық

«Қазпочта» АҚ мен  «Қазақстан тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ ынтымақтастығы 2003 жылдан бері тұрғын үй құрылысы жинақтарын қабылдау, жинақталған жинақ ақшаны, тұрғын үй қарыздарын (аралық тұрғын үй қарыздарын) беру, тұрғын үй қарыздарын өтеу шотына төлемдер қабылдау, құжаттарды ресімдеу және жіберу жөнінде агенттік қызметтер көрсету бойынша жүзеге асырылып келеді.  

ҚТҮҚЖБ шартымен «Қазпочта» АҚ құрылымдық бөлімшелері банкке агенттік қызмет көрсететін Қазақстан Республикасы бойынша 28 қала белгіленді. 

  • Тұрғын үй құрылыс жинағына салымдар қабылдау.
  • Салымшыларға тұрғын үй қарыздарын беру, оның ішінде аралық, тұрғын үй жағдайларын жақсарту (тұрғын үй сатып алу, оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту, құрылыс, жөндеу және жаңарту мақсатында оны айырбастау арқылы (құрылыс материалдарын, жер телімін сатып алуды, мердігерлік жұмыстарды төлеуді қосқанда). 

Қазақстан Республикасының облыс орталықтары мен басқа да ірі қалаларында ҚТҮҚЖБ өз қызметін «Қазпочта» АҚ бөлімшелері арқылы жүзеге асырады.