Ішкі аудит қызметі
Ішкі аудит қызметінің мақсаты (әрі қарай – Қызмет) стратегиялық мүдделерге жету мақсатында Директорлар кеңесіне және «Қазпочта» АҚ-ның (әрі қарай – Компания) басшылығына тәуекелділіктерді басқару міндеттерін жүзеге асыруға және бизнес-үрдістерді жақсартуға көмектесу болып табылады.
Қызметтің негізгі міндеттері:
- ішкі бақылау жүйесінің сенімділігі және тиімділігін бағалау;
- тәуекелдерді басқару жүйесінің сенімділігі және тиімділігін бағалау;
- Компаниянда корпоративтік басқару үдерісінің жетілуін бағалау.
Ішкі аудит қызметі Директорлар кеңесін Компанияда әрекет ететін ішкі бақылау рәсімдерінің нәтижелілігі туралы тәуелсіз және объективті ақпаратпен қамтамасыз етеді. Ішкі бақылаудың пәрменді тетіктері барлық операциялар (іс-әрекеттер) уақтылы және дәл есепке алынып, алаяқтықтар мен ұрлық-қарлыққа жол берілмеуін және Компанияда мүдделерге жету мақсатында, дұрыс шешімдер қабылдауын қамтамасыз ету үшін керек.
Қызмет Компанияның ішіндегі ішкі бақылау жүйесіндегі кез-келген кемшіліктерді анықтайды, тәуекелділіктерді төмендетуге және ішкі бақылау жүйесін және үрдістерді жақсартуға бағытталған ұсыныстар береді. Ішкі аудиторлар жұмыстың өнімділігі мен тиімділігін арттыруға әкелетін позитивті өзгерістер ұсынады, сондай-ақ, әрбір бизнес-бірлікте қабылданған шараларға лайықты баға береді.
Ішкі аудит Қызметінің басшысы тоқсан сайын Компанияның Директорлар кеңесі алдында жалпы корпоративтік басқарушылықты және Компаниядағы корпоративтік қызметтің тәуекелділіктерді басқаруын жақсарту мақсатында жасалған ұсыныстар туралы есеп береді.
Өз жұмысын атқару барысында Қызмет Қазақстан Республикасының заңдарын, Жарғысын, Компания органдарының шешімін, «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің ережесін, «Қазпочта» АҚ Ішкі аудитын ұйымдастыру саясатын басшылыққа алады. Қызметтің жұмысы Ішкі аудиторлар институты жасаған (IIA) ішкі аудиттың халықаралық кәсіби стандарттарына сүйенеді.
«Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы туралы ақпарат
Әлия Сәуелбекқызы Байшұақова, 1977 жылы Алматы облысында туылған. Алматы технология және бизнес университетін бітірген, мамандығы «Экономист». Халықаралық қаржы есептілігінің дипломы бар (АССА), сертификатталған тәжірбиелі бухгалтер (САР).
Әр түрлі жылдарда «Караван» АҚ, «Акцепт» Корпорациясы» АҚ бас бухгалтер, «Тәуелсіз аудиторлық компания AGM» ЖШС аудит бойынша менеджер, «Самұрық-Қазына-Контракт» ЖШС бас бухгалтер болып жұмыс істеді.
2009 жылдың қыркүйек айынан «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің бас аудиторы болды. «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2011 жылдың 30 наурызынан бастап «Қазпочта» АҚ Ішкі аудит қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.





