«Қазпочта» АҚ-дағы кадр резерві және сабақтастықты қамтамасыз ету
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (9 шілде 2011 жылғы № 06/11 хаттама) 2011-2015 жылға «Қазпочта» АҚ Кадр саясаты бекітілді. Сонымен бірге «Қазпочта» АҚ Басқармасымен сабақтастықты жоспарлау және қалыптастыру және кадр резервімен жұмыс істеуде жаңа тәсіл көздейтін «Қазпочта» АҚ-да Жұмыскерлерді іріктеу, қабылдау, ауыстыру, жұмыстан босату және қызметкердің бейімделуі туралы нұсқау (12 қыркүйек 2011 жылғы № 49 хаттама), «Қазпочта» АҚ-да Жұмыскерлерді аттестаттау туралы ереже (12 қыркүйек 2011 жылғы № 49 хаттама), «Қазпочта» АҚ-да Жалғыз кадр резервімен жұмысты қалыптастыру және ұйымдастыру туралы ереже (17 қазан 2011 жылғы № 57 хаттама) бекітілді:
1. сабақтастықты жоспарлау санын, кәсіби-білікті кадр құрылымын және әрбір жұмыскердің карьерасын жоспарлаумен тығыз байланысты. Оңтайландырудың екінші кезеңінің нәтижесінде әрбір жұмыскерге біліктілік талаптары қойылады. Сондай-ақ қазіргі кезде біліктілігіне сәйкес және оқыту жоспарлары бойынша әрбір жұмыскердің карьерасын жоспарлау құрылымы жасалуда. Сабақтастықты жоспарлаудың енгізілуін орталық аппарат бойынша 2012 жылдың 1-ші тоқсанында, филалдар бойынша 2012 жылдың 2-ші тоқсанында аяқтау жоспарлануда;
2. Жалғыз кадр резервінің бос орнына кандидаттар іздеу артықшылықтардың бірі болып табылады;
3. Жалғыз кадр резерві бүкіл «Қазпочта» АҚ бойынша жыл сайын 30 сәуірге дейін құрылады;
4. «Қазпочта» АҚ кандидаттарын жыл сайын 30 сәуірге дейін «Самұрық-Қазына» АҚ Жалғыз кадр резервіне ұсынады;
5. аттестаттау қорытындысымен «Қазпочта» АҚ Жалғыз кадр резервіне алу туралы шешім қабылдау ықтимал;
6. «Қазпочта» АҚ Жастар саясатын іске асыру жұмысы, оның ішінде жоғарғы оқу орындарын бітірушілерге тағылымдама бойынша жоба, жетекшілік бойынша жоба басталды;
7. 2011 жылдан бері, жыл сайын сабақтастықты жоспарлау бағдарламасының тиімділігі және кадр резервін құру туралы мәселесі «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің қарастыруына салынады;
8. тоқсан сайын, 2011 жылдың 4-ші тоқсаннан бері «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерімен, «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасымен танысу, бағасын алу, білімдерімен алмасу, оларға өздерінің көзқарастары мен «Қазпочта» АҚ стратегиясын жеткізу үшін «Қазпочта» АҚ Жалғыз кадр резервінің мүшелерінің кездесулері өткізу жоспарлануда;
9. жыл сайын 2012 жылдан бастап бүкіл «Қазпочта» АҚ бойынша ішінде сабақтастықты жоспарлау және кадр резервін құру мәселесі бар кадр аудиты өткізіледі.







