«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесіне сыйақы төлеу туралы

 

Мемлекеттік қызметкер болып табылатын және өкілеттілігін лауазымды міндеттеріне сәйкес жүзеге асырушы Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төленбейді. Басқарма Төрағасы Директорлар кеңесіндегі жұмысы үшін сыйақы алмайды. Сонымен тек тәуелсіз директорлар ғана сыйақы алады.  Директорлар кеңесіне сыйақы және өтемақы төлеу тәртібі Жалғыз акционердің шешімімен белгіленеді. 

 «Қазпочта» АҚ сыйақы түрлерінің негізі ретінде келесілер қолданылады: 

 директорлар кеңесінде мүшелігі үшін жалпы жылдық  бекітілген сыйақы;

 «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі комитеттерінің мүшесі немесе Төрағасы ретінде ішкі отырыстарына қатысқаны үшін қосымша сыйақы;

 «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі отырысына тұрғылықты жерінде емес болғандықтан жолға шығу кезінде («Қазпочта» АҚ ішкі құжаттарымен қарастырылған, «Қазпочта» АҚ іссапар шығының орнын толтыру белгіленген мөлшерінде) кеткен шығындар (жолақы, тоқтаған жері, бір күндігі) өтемақысы;

Бұл ретте тәуелсіз директорлардың ішкі отырыстарға сырқаттануына, еңбек демалысында, іссапарда болуына байланысты қатыспағанын қоспағанда, есептілік кезеңінде «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің барлық сырттай және ішкі отырыстарының жартысынан азына қатысқан жағдайда оларға белгіленген сыйақы төленбейді.