«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің жұмысын бағалау
2011 жылға «Қазпочта» АҚ корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру іс-шаралар Жоспарына сәйкес, Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі Комитетінің және әрбір «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі мүшесінің жұмысын бағалайтын Саясат жасалатын болады.
Сонымен қатар Директорлар кеңесі және Директорлар кеңесі Комитетін кешенді және жекеше бағалау келесі үлгіде жүргізіледі:
1. өз күшімен сауалнама, сұхбат алу және тағы басқа жолдармен;
2. корпоративтік басқару рейтингіне ие кәсіби ассоциациялар мен ұйымдарының кеңесшілерін (бұдан әрі - Кеңесші) тартумен;
3. аралас тәсіл қолдана отырып: өз күшімен Кеңесшілер жағының үдерісті үйлестіруі арқылы.







