«Қазпочта» АҚ қаржы- шаруашылық қызметтерінің 2010 жылғы нәтижесі туралы басшылық есебі
Келесі табыстар бойынша 2009 жылдың деңгейінен жоғары 14% немесе 2,4 теңгеге келесі табыстар бойынша 2010 жылдың кірісі 20,1 млрд. теңгені құрады:
- жазбаша хат-хабарлар, сәлемдемелерден түскен кірістер және жеделдетілген пошта қызметері мен арнаулы байланыс қызметтерін көрсету көлемін ұлғайту нәтижесінде пошта қызметтері бойынша 22% немесе 1,7 млрд. теңгеге өсті;
- әлеуметтік төлемдер, коммуналдық және басқа төлемдерді қабылдау, инкассация қызметтері және Қоғамның төлем карточкаларын шығарудан кірген табыстардың ұлғайуы бойынша қаржылық қызметтер көрсету 10% немесе 0,8 млрд. теңгеге өсті;
- екінші деңгейдегі банктік несиелендіру көлемінің ұлғайуы нәтижесінде агенттік қызметтер көрсету 84% өсті.
2009 жылға қарағанда 5% немесе 1,0 млрд. теңге жоғары қызметтерді көрсету көлемінің өсуі және Қазақстан Республикасында ең төмен жалақы мөлшерінің өсуіне байланысты 2010 жылдың шығыны 19,8 млрд. теңгені құрады.
Сонымен 2010 жыл бойынша таза табыс 0,3 млрд. теңге сомасында түсті.







