«Қазпочта» АҚ салаға қатысты саясаты
«Қазпочта» АҚ – бұл тармақталған желісі бар және клиенттердің талаптары мен үміттерін қанағаттандыруға бағытталған почта-жинақтау жүйесі. «Қазпочта» АҚ қызметкерлері Клиенттердің әрдайым ризашылығына бөленуді қалайды, почталық және қаржылық қызметтердің отандық нарықта көшбасшы болуына, дүние жүзілік нарықта жайғасуын нығайтуға, соның нәтижесі бойынша қазақстан почтасының экономикалық жайғасымын және имиджін нығайтуға ұмтылады.
Біздің компания халықаралық стандарт ИСО 9001:2008 талаптарына қатал сәйкестендірілген Сапа менеджменті жүйесі шеңберінде жұмыс істейді.
Клиент тек Қазпочтаның қызметтерін бағалау үшін, бізге мыналар қажет:
Клиенттердің талаптары мен үміттеріне сай болу
- Әрбір Клиентті күлімсіреп қарсы алу, Клиент үшін өзіне деген тілектестік және сыпайы қарым-қатынасты көру әрқашанда жағымды екенін есте сақтау;
- Шынайы құрмет және ынта, төзімділікпен ықылас білдіру;
- Клиентті тыңдай және түсіне білу. Клиенттердің тілектерін, ұсыныстарын және жүгіністерін тиісті назардан қалдырмау;
- Әрбір адамға Қазақстанның кез-келген нүктесінде біздің қызметтердің қол жетімділігін қамтамасыз ету.
- Көрсетілетін қызметтердің сапасын үнемі жақсарта отырып клиенттердің сұрауларымен ойларын толығымен қанағаттандыру және олардың күткендерінен асып түсу.
- Іскерлік этиканың кодексін, корпоративтік мәдинетті, еңбек тәртібін қадағалау.
Өз жұмысының кәсіби маманы болу
- Өз жұмысының маңызын және оның мақсаттарын айқын түсіну;
- Клиентке қызмет көрсеткенде, белгіленген Ережелер мен Нұсқауларды нақты орындау;
- Клиентке мұның өте маңызды екенін түсіне отырып, қызмет көрсетуде жоғарғы жылдамдықты қамтамасыз ету;
- Клиенттерге нақты және дәл мәліметтер беру;
- Өзіне алынған міндеттерді әрқашанда орындау.
Командада жұмыс істеу
- Өз ісін жақсы көру, кәсіби этиканың мөлшерін сақтау;
- Ұжымда рухани таза бәсекелестікті тәрбиелеу.
- Орайлы өндірістік ортаны ұйымдастыру және мансаптың өсу жағдайын қамтамасыз ету, өздігінен жүзеге асыру, әлеуметтік және еңбектік кепілдіктерді ұсыну.
Мақсатшыл болу
- Анық мақсаттарды қою және сапаның шынайы жақсаруына қол жеткізу.
Оқу, кәсіби деңгейді көтеру
- Компанияның басты бағалылығы және қозғаушы күші болып табылатын қызмеркерлердің іскерлік біліктілігін және кәсіби деңгейін көтеру;
- Сапаның жақсаруына және өндірісті оңтайландыруға мүмкіндік туғызатын жаңа өнімдер мен технологияларды игеру.
Қажетті ресурстармен қамтамасыз ету
- Жұмыс орындарын заманауй технологиялық жабдықтармен жабдықтау;
- Технологияны корпоративтік ақпараттық жүйені ендіру жолымен жетілдіру;
- Қызметкерлердің әл-ауқатының өсуін және компанияның кадрлық әлеуетінің сақталуын қамтамасыз ету.
Біз өз жұмысымызды жақсартуға және әрдайым жетілдіруге ұмтылатын боламыз.
Қоғамның саясаты СТ СҚ -711-2010-ЖБ -1,4 Басқарманың 30.09.2010 жылғы №52 хаттама шешімімен. қабылданды және қолданысқа енгізілді
«Қазпочта» АҚ-да Сапа менеджментінің жүйесі дайындалып, енгізілді және «Қазпочта» АҚ орталық аппараты мен филиалдарында ISО 9001:2008 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес жұмыс істейді.
«Русский регистр» сертификаттау қауымдастығы және басқару жүйесін сертификаттау саласындағы 36 жетекші ұйымдарды біріктіретін «IQNet» компаниясының сертификатымен сәйкестік расталды. Дайындаған сапаны тарату және қызмет көрсету саласы: «EMS Kazpost», «төлемдерді қабылдау», «сәлемдемелер», «ақша аударымдары».









