Компания менеджменті
|
Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов
Басқарма Төрағасы
|
|
|
|
Компанияда атқаратын міндеттері: «Қазпочта» АҚ қызметіне жалпы басшылық пен бақылауды жүзеге асырады, Қоғам стратегиясының жүзеге асырылуын және «Қазпочта» АҚ құрылымдық бөлімшелері жұмыстарының тиімділігін жоғарлатуды қамтамасыз етеді. 7 наурыз 1966 жылы туылған. Қазақстан Республикасының азаматы. Білімі: 1988 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің «Саяси экономиясын» бітірген, мамандығы - экономист, саяси экономия. 1992 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітіріп, экономика ғылымдарының кандидаты атанды. 2004 жылы қосымша Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тамамдады. Экономика ғылымдарының докторы. |
|
Еңбек жолы:
Әр түрлі жылдарда, әр түрлі лауазымда Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, Алматы сауда-қаржылық банкі, «Қазақстан Республикасының Халық банкі» ААҚ қызмет атқарған.
2000 ж. - «Қазпочта» ААҚ Басқарма Төрағасының орынбасары. 2000-2006 жылдары «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы болды. 2006-2011 жылдары Қазақстан Республикасының Алматы қаласы аймақтық қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы лауазымында болды. 2011 жылдың сәуір айынан бастап «Қазпочта» АҚ директорлар Кеңесінің шешімі негізінде (18 сәуір 2011 жыл № 15/11 хаттама) «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.
ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы: жоқ
Компания акцияларын иеленуі: иеленбейді
Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.
|
|
|
|
|
|
Ермек Серікұлы Примбетов
Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары, Басқарма мүшесі
|
|
|
|
Компанияда атқаратын міндеттері: қаржы қызметтерінің маркетингі мен сату және қаржы қызметтері, қазынашылық департаменттерінің, трансфер-агенттік жұмыстар қызметі «Қазпочта» АҚ филиалдарының қызметтеріне («Оңтүстік» ақпарат-логистикалық орталығы, «Техникалық сервис», «Төлем орталығы», «Ақпараттық жүйелерді пайдалану дирекциясы», «Астана қ. Пошта тасымалдау бөлімшесі», «Республикалық арнаулы байланыс қызметі» филиалдарын қоспағанда), «Электронпост.kz» БК» ЖШС және «Kazpost GMBH» БК, Қоғамның Германия Федеративтік Республикасындағы және Ресей Федерациясындағы өкілдіктерінің қызметтеріне тікелей басшылық етуді және бақылау жасауды жүзеге асырады, жергілікті атқарушы органдарға қатысты Қоғам атынан әрекет етеді және Қоғам мүддесін қорғайды. 23 тамыз 1973 жылы туылған. Қазақстан Республикасының азаматы. 1991-1995 жылдарда Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тамамдаған. |
|
Еңбек жолы:
Алматы сауда-қаржылық банкінде әр түрлі лауазымда жұмыс атқарған, «Әлемнің балалары - Қазақстан туралы» қоғамдық қорын басқарған, 2000 – 2003 жылдары «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, сосын бірінші орынбасары болып жұмыс атқарды.
2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және технологиялар министрлігі «Қазақстанның «Казинвест» инвестиция тарту орталығы» ЖАҚ басқарды. 2006 жылдың тамыз айынан 2009 жылдың қазан айына дейін Еуразиялық даму банкінің жоба тобын басқарды. 2008 жылдың қаңтар айынан бастап «Республика» «Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі тәуелсіз директоры мәртебесінде. 2011 жылдың сәуір айынан бастап «Қазпочта» АҚ қызмет атқарады. 2011 жылдың 17 маусым айынан бастап «Қазпочта» АҚ директорлар Кеңесінің шешімі негізінде (16 маусым 2011 жылғы № 15/11 хаттама) «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы: 2008 жылдың қаңтар айынан бастап «Республика» «Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі тәуелсіз директоры мәртебесінде.
Компания акцияларын иеленуі: иеленбейді
Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.
|
|
|
|
|
|
Гаухар Мұхамбетқызы Көпеева
Басқарма Төрағасының орынбасары
Басқарма мүшесі
|
|
|
|
Компанияда атқаратын міндеттері: бухгалтерлік және салық есебі, бюджеттендіру және экономикалық талдау, тарифтік саясат және нарықты талдау департаменттерінің қызметтеріне басшылық етуді және бақылау жасауды жүзеге асырады. 3 қыркүйек 1973 жылы туылған. Қазақстан Республикасының азаматшасы. 1994 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын «Экономикалық кибернетика» мамандығы бойынша тамамдаған. 2000 жылы Қазақ Мемлекеттік заң академиясын қосымша аяқтады, 2011 жылы Қазақ экономка, қаржы және халықаралық сауда университетін бітіріп, экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алып шықты. |
|
Еңбек жолы:
1999 -2001 жылдары Қазақстан Респбуликасы мемлекеттік қызметтер жөніндегі агенттікте, 2001-2002 жылдары Қазақстан Респбуликасы мемлекеттік табыстар министрлігінде, 2002-2003 жылдары ҚР ҚМ Салық комитетінің бейөндірістік төлемдер басқармасы төрағасының орынбасары, 2005-2007 жылдары Ақмола облысы Целиноград ауданының салық комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. 2007-2008 жылдары ҚР ҚМ Оңтүстік-Қазақстан шамасы жоқ борышқорлармен жұмыс комитеті басқармасының бастығы болды.
2008 жылдың ақпанынан бастап 2010 жылдың қыркүйегіне дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды. 2010 жылы Қазақстан Респбуликасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Кадр жұмысы және құжат айналымы департаментінің Кадр жұмысы және тіл саясаты басқармасының бастығы болды. 2011 жылдың мамыр айына дейін АҚ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Экономика және жоспарлау департаментінің бас менеджері болып қызмет атқарды. 2011 жылдың 12 мамыр айынан бастап «Қазпочта» АҚ директорлар Кеңесінің шешімі негізінде (11 мамыр 2011 жыл № 04/11 хаттама) «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы: жоқ
Компания акцияларын иеленуі: иеленбейді
Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.
|
|
|
|
|
|
Мұрат Өтепбергенұлы Жарылқағанов
Басқарма Төрағасының орынбасары
Басқарма мүшесі
|
|
|
|
Компанияда атқаратын міндеттері: әкімшілік департаментіне жетекшілік ететін басқарушы директор-әкімшілік департаменті директорының, пошта технологиялары департаментінің, Қоғамның «Оңтүстік» ақпарат-логистикалық орталығы», «Астана қ. Пошта тасымалдау бөлімшесі», «Республикалық арнаулы байланыс қызметі» филиалдарының қызметтеріне тікелей басшылық етуді және бақылау жасауды жүзеге асырады 4 қазан 1956 жылы туылған. Қазақстан Республикасының азаматы 1974-1979 жылдары Мәскеу теміржол көлігінің инженерлері институты «Экономика және теміржол көлігін ұйымдастыру» мамандығы бойынша тамамдады. |
|
Еңбек жолы:
Әр түрлі жылдарда РМК «Қазақстан темір жолы», Кәсіпорындарды қайта құру және тарату агенттігінде, Қазақстан Халық банкінде, «Инфрақұрылым» РМК «Қазақстан темір жолы» қызмет атқарды.
2002-2005 жылдары Экономика және қаржы департаментінің директоры, сосын «ҰК «ҚТЖ» АҚ департаментінің атқарушы директоры- директоры болды. 2005-2008 жылдары «ҰК «ҚТЖ» АҚ филиалының Магистралды желілер дирекциясының атқарушы директоры – директордың бірінші орынбасары, экономика және қаржы бойынша директорының орынбасары. 2009 жылдың ақпанынан «Қазпочта» АҚ қызмет атқарады. 2009 жылдың мамыр айынан бастап басқарушы директор - бас қаржы директорынан Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды («Қазпочта» АҚ директорлар Кеңесінің шешімі, 30 мамыр 2009 жылғы № 08/09 хаттама).
ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы: жоқ
Компания акцияларын иеленуі: иеленбейді
Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.
|
|
|
|
|
|
Асқар Маратұлы Құсайынов
Басқарма Төрағасының орынбасары
Басқарма мүшесі
|
|
|
|
Компанияда атқаратын міндеттері: ақпараттық технологияларды дамыту, стратегиялық даму және инновация департаменттерінің, Қоғамның «Ақпараттық жүйелерді пайдалану дирекциясы» филиалының қызметтеріне тікелей басшылық етуді және бақылау жасауды жүзеге асырады. 16 шілде 1961 жылы туылған. Қазақстан Республикасының азаматы. 1978 - 1984 жылдары М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы «физик», 1989 жылы осы білім ордада физика-математика ғылымдарының кандидаты деген ғылыми дәрежені алып шықты. 2008 жылы Гарвард бизнес мектебінде (АҚШ) «Advanced Management Program» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті. |
|
Еңбек жолы:
Әл-Фараби атындағы ҚазМУ аға оқытушы, «Ізет» фирмасы директорының орынбасары, Вашингтон штаты университетінің бизнес мектебінің профессоры (Сиэтл, АҚШ) болып қызмет атқарған.
1998 - 2005 жылдары «Қазақтелеком» АҚ ақпараттық технологиялар департаментінің директоры, ақпараттық технологиялар бойынша атқарушы директор, (Мәскеу) Ресейдегі өкілдіктің директоры лауазымында болды. 2005 жылдың ақпанынан 2010 жылдың ақпанына дейін «Қазақстан халық банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болды. 2011 жылдың 22 маусымынан бастап Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды («Қазпочта» АҚ директорлар Кеңесінің шешімі, 16 маусым 2011 жылғы № 05/11 хаттама).
ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы: «Ұлттық Ақпараттық Технологиялар» АҚ, «Кателко» АҚ, «Қазтелепорт» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі.
Компания акцияларын иеленуі: иеленбейді
Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.
|
|
|
|
|
|
Күлшахан Жұмашқызы Қашқынбаева
Басқарушы директор - бас бухгалтер
|
|
|
|
Компанияда атқаратын міндеттері: бухгалтерлік және салық есебі департаментінің қызметтеріне жетекшілік және бақылау жасауды жүзеге асырады. 25 мамыр 1959 жылы туылған. Қазақстан Республикасының азаматшасы. 1992 жылы Алма-Аты халық шаруашылық институтын «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметтерді талдау» мамандығы бойынша бітірген. |
|
Еңбек жолы:
Әр жылдары көптеген банктерде бухгалтерлік есеп және есептілік бойынша лауазымдарда болды: КСРО Мемлекеттік банкі Фрунзе бөлімі, КСРО Агропромбанкінің Қазақ Республикалық банкі, Акционерлік коммерциялық Агропромбанкінің «Қазақстан» банкі, Қазақинвестбанк, Акционерлік банк «Ғасыр», Қазақ акционерлік Агропромбанкі.
1988 - 2000 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік басқармасының бастығы – Ұлттық зейнетақы агенттігінің бас бухгалтері болып қызмет атқарды. 2000 - 2007 жылдары «Қазпочта» АҚ Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының бастығы - бухгалтерлік есеп және есептілік Департаменті бастығының орынбасары, сосын бас бухгалтер лауазымында болды. 2007 - 2008 жылдың наурыз айына дейін «Ұлттық ғылыми-технологиялық холдинг «Самғау» АҚ қызмет атқарды. 2008 жылдың наурыз айынан 2009 жылдың шілдесіне дейін «Kazsatnet» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болды. 2011 жылдың қаңтар айынан «Альянс Банк» АҚ Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің Банктік есеп басқармасын басқарды. 2011 жылдың мамыр айынан бастап «Қазпочта» АҚ Басқарушы директоры - бас бухгалтері болып тағайындалды(«Қазпочта» АҚ директорлар Кеңесінің шешімі 11 мамыр 2011 жылғы № 04/11 хаттама, «Қазпочта» АҚ 12 мамыр 2011 жылғы № 183/л бұйрығы).
ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы: жоқ
Компания акцияларын иеленуі: иеленбейді
Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.
|
|
|
|
|
|
Зәуре Жеңісқызы Дәушеева
Басқарушы директор – заң департаментінің директоры
|
|
|
|
Компанияда атқаратын міндеттері: заң, кадр саясаты және корпоративтік басқару департаменттерінің қызметтеріне жетекшілік және бақылау жасауды жүзеге асырады. 24 мамыр 1978 жылы туылған. Қазақстан Республикасының азаматшасы. 1998 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазМУ бітірген, 2000 жылы осы университте магистр дәрежесін алып шықты. 2005 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Экономика және кәсіпорындарда басқару» мамандығы бойынша қосымша бітірген. |
|
Еңбек жолы:
«Элкон» ЖШС заң кеңесшісі, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ оқытушысы, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтында азаматтық және қылмыстық істер жөнінде аға оқытушы болып жұмыс істеді.
2001 жылы «Қазпочта» АҚ құқықтық қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. 2004 жылы ҚР мемлекеттік сатып алу агенттігінің бейматериалды өндірістер мемлекеттік сатып алуларын үйлестіру бөлімінің бастығы болды. 2004 жылдың желтоқсан айынан 2006 жылдың наурызына дейін ҚР ҚМ қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінде жұмыс атқарды. 2006 мамыр айында «Legal Express Analitic» ЖШС атқарушы директор лауазымына ауысты. 2008 жылы «Қазпочта» АҚ корпоративтік хатшы болды. 2009 жылдың қаңтар айында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тау өнеркәсіптік активтер дирекциясының бас сарапшысы қызметіне ауысты. 2010 жылы Альянс Банк сатып алу департаментін басқарды, «Бетпақ Дала» ЖШС корпоративтік хатшысы болып жұмыс атқарды. 2010 жылдың желтоқсан айынан бастап «Қазпочта» АҚ басқарушы директоры – заң департаментінің директоры болып тағайындалды (21 желтоқсан 2010 жылғы № 333/л «Қазпочта» АҚ бұйрығы).
ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы: жоқ
Компания акцияларын иеленуі: иеленбейді
Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.
|
|
|
|
|
|
Нұржан Ескенұлы Қабиев
Басқарушы директор - әкімшілік департаментінің директоры
|
|
|
|
Компанияда атқаратын міндеттері: әкімшілік департаменті, сатып алуды ұйымдастыру департаменті, «Техникалық сервис» филиалының қызметтеріне жетекшілік және бақылау жасауды жүзеге асырады. 30 тамыз 1964 жылы туылған. Қазақстан Республикасының азаматы. Алматы халық шаруашылық институтын бітірген. |
|
Еңбек жолы:
Еңбек өтілін 1998 жылы Петропавл шаруашылық есеп айырысу телімінің «Союзцелинвод» трестінде бастаған, сосын Солтүстік-Қазақстан облыстық әкімшілігінің жастар жөніндегі комитетінің Облыстық жастар қорының төрағасы, Петропавл қаласы «Акцепт» Корпорациясы» ЖАҚ директоры-коммерциялық директоры болып жұмыс істеді.
1998 жылдың қаңтар айынан 2003 жылдың қаңтарына дейін Солтүстік-Қазақстан облысы шағын және орташа бизнесті қолдау басқармасында жұмыс атқарды. 2003-2007 жылдары «Қазпочта» АҚ Солтүстік-Қазақстан облыстық филиалын басқарды. 2007 жылы ақпан айында Қазақстан Республикасының Алматы қаласы аймақтық қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттікте әкімшілік-қаржы департаментінің директоры-аппарат басшысы болып қызмет атқарды. 2011 жылдың мамыр айынан бастап «Қазпочта» АҚ 19 мамыр 2011 жылғы № 198/л бұйрығымен басқарушы директор – әкімшілік департаментінің директоры болып тағайындалды.
ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы: жоқ
Компания акцияларын иеленуі: иеленбейді
Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.
|
|
|
|
|
|
Андрей Викторович Вагнер
Басқарушы директор
|
|
|
|
Компанияда атқаратын міндеттері: сыртқы байланыстар департаменті қызметінің блогына жетекшілік және бақылау жасауды жүзеге асырады. &np class=strongstrongwidth:480px;height:104px;bsp; 14 тамыз 1979 жылы туылған. Қазақстан Республикасының азаматы. 2000 жылы «Халықаралық экономикалық қатынастар, шет тілдер білімі бар халықаралық экономикалық қатынастар экономисті» мамандығымен М. Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. 2002 жылы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» бойынша тамамдады. |
|
Еңбек жолы:
Еңбек өтілін ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Ішкі әкімшілік департаменті Сыртқы істер және хаттама басқармасының Екі жақты ынтымақтастық бөлімінің жетекші маманы ретінде бастады.
2001 жылы «Қазпочта» ЖАҚ Астана филиалы «Астана почтамты» Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету және бақылау департаментінің өкілі болып жұмыс атқарды. 2006 жылдан бері «Қазпочта» АҚ орталық аппаратында қызмет етеді. «Қазпочта» АҚ 07.08.2006 жылғы № 390/л бұйрығы негізінде «Қазпочта» АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды.
ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы: жоқ
Компания акцияларын иеленуі: иеленбейді
Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.
|
|
|
|
|
|
Ерсерік Дәменұлы Сийрбаев
Басқарма Төрағасының кеңесшісі
|
|
|
|
16 сәуір 1951 жылы туылған. Қазақстан Республикасының азаматы. 1974 жылы Омбы теміржол көлігінің инженерлері институтын «Жолдар қатынасының инженері- электромеханик» мамандығы бойынша бітірді. 1987 жылы екінші жоғарғы оқу Алматы халық шаруашылық институтын «Қаржы және кредит, экономист» мамандығы бойынша тамамдады. |
|
Еңбек жолы:
1975-1988 жылдары КСРО мемлекеттік банкі Қазақ республикалық кеңсесінің меңгерушісі, алгоритмдеу және бағдарламалау бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқарды. 1988- 1995 жылдары Қазақ КСР Жинақ банкінің Басқарма Төрағасының орынбасары, болды. 1995 жылы «Қазақстан Халық банкі» АҚ Бас аймақтық басқармасының Басқарма Төрағасының орынбасары-директоры болып қызмет атқарды. 2005 жылдың наурыз айынан бастап 2006 жылдың ақпанына дейін «Аманат групп» ЖАҚ директорлар Кеңесінің Төрағасы болды. 2006-2011 жылдары «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары лауазымында болды.
2011 жылдың мамыр айынан бастап Басқарма Төрағасының кеңесшісі ( «Казпочта» АҚ 13 мамыр 2011 жылғы № 187/л бұйрығы).
ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы: «ҚР Тұрғын ұй –коммуналдық шаруашылық орталығы» АҚ директорлар Кеңесінің тәуелсіз мүшесі.
Компания акцияларын иеленуі: иеленбейді
Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.
|
|
|
|
|
|
Мұхтар Мұратұлы Әбдірахманов
Басқарма Төрағасының кеңесшісі
|
|
|
|
25 маусым 1965 жылы туылған. Қазақстан Республикасының азаматы. 1987 жылы Мәскеу электротехникалық байланыс институтын, радио байланыс және радио хабар инженері мамандығы бойынша бітірген. 2000 жылы Алматы менеджмент мектебінен «Экономика және менеджмент» (әлеуметтік ая және салаларда), «Корпоративтік менеджмент» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алып шықты. |
|
Еңбек жолы:
Павлодар есептегіш техника және информатика ғылыми-өндiрiстiк кәсiпорынында, Қазақ есептегіш техника және информатика бiрiккен ғылыми-өндiрiстiгінде жұмыс істеді, «Мақсат-Телесистем» АҚ басқарды, «Қазақтелеком» ААҚ ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар институтында ғылыми және жоба жұмысы бойынша бас директордың орынбасары болды, «АРНА» АҚ бас директорының орынбасары болып қызмет атқарды.
1998-2001 жылдары «ComInTel» ЖШС бас директоры болды. 2001 жылы «ҚазТрансКом». ААҚ жетілдіру бойынша вице-президенті болып тағайындалған. 2001-2002 жылдыры «Қазақтелеком» ААҚ Қызметтердi енгізу және дамыту департаментінің атқарушы директоры-директоры, 2002-2007 жылдары «Транстелеком» АҚ Техникалық даму бойынша вице-президенті – бірінші вице-президенті, 2007-2008 жылдары Ұлттық Телекоммуникациялық Қауымдастықтың президент кеңесшісі болды. 2008 - 2010 жылдары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ коммуникациялық активтермен басқару бойынша директор болып жұмыс істеді. 2009-2010 жылдары – «Қазпочта» АҚ директорлар Кеңесінің мүшесі. 2010 жылдың сәуір айынан 2011 жылдың маусым айына дейін «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары - директорлар Кеңесінің мүшесі болды. 17.06.2011 жылдан бері Басқарма Төрағасының кеңесшісі болып табылады («Қазпочта» АҚ 17 маусым 2011 жылғы № 244/л бұйрығы).
ДК мүшелігі және қос қызметті атқаруы: жоқ.
Компания акцияларын иеленуі: иеленбейді
Компания өнім берушілері мен бәсекелестерінің акцияларын иеленбейді.
|
|















