Компанияның ұйымдық құрылымы

 

"Қазпочта"АҚ-ның еншілес кәсіпорындары

«Электронпост.KZ БК» ЖШС – Қазақстан Республкасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 наурыздағы № 210 қаулысына сәйкес бекітілген 2006-2008 жылдарға арналған даму Жоспарына орай «Казпочта» АҚ-ы ашқан компания. Бірлескен кәсіпорын «AS Eesti Elektronpost» (Эстония) және «Astermann LLP» (Ұлыбритания) компанияларымен бірге құрылған. Компанияның жарғылық капиталындағы Қоғамның үлес мөлшері 33,3% құрайды.

«Электронпост.KZ БК» ЖШС-нің қызмет аясы:
- дигиталдық (сандық) басып шығару қызметтерін көрсетеді;
- ақпарат қорларын басқару, электрондық және тікелей маркетинг қызметтері;
-түрлі материалдарды, хабарлама -шоттарын, ескертпелерді, жарнама өнімдерін басып шығару;
- буып-тию (конвертке салу) қызметтері;
- жарнамалық-баспа және полиграфия қызметтері және т.б.

2009 жылы «Электронпост.kz БК» ЖШС Астана қаласында филиалын ашты. Филиал сондай-ақ ақпараттық логистика қызметтерін көрсетумен айналысады.
Кәсіпорын өз жұмысы барысында бүгінгі таңда Орта Азияда жалғыз-ақ болып табылатын ең заманауи технологияларды пайдаланады.

«Электронпост.kz БК» ЖШС директоры - Медведчиков Николай Геннадьевич,
Тел: +7 (727) 270 65 74, e-mail: nikolay@elpost.kz

Заңдық мекенжайы:
050034, Алматы қ,. Бродский к-сі, 33.
Тел./факс: +7 (727) 270 65 73, тел.: +7 (727) 270 65 74.
E-mail: viktor@elpost.kz, guldana@elpost.kz

ЖШҚ «Kazpost GmbH» БК

2008 жылдың 1 ақпанында Гамбургте (Герман Федеративтік Республикасы) «Kazpost GmbH» бірлескен қазақстан-герман кәсіпорыны тіркелді, оның құрылтайшылары болып тепе-теңдік негізде "Қазпочта" АҚ (Қазақстан) және "HPO Service GmbH" (Германия) компаниялары болып табылады.

«Қазпост» ЖШҚ (Kazpost GmbH) қызмет аясы:
Бірлескен кәсіпорын өзінің негізгі қызмет түрі ретінде шетелдегі пошталық айырбас орыны функцияларын атқарады және Қазақстан Республикасы территориясында қашықтық сатылымдар қызметін көрсетеді.
БК-ның негізгі функциялары - логистика, Қазақстан Республикасы территориясында ірі сәлемдемелік сауда компанияларының атынан каталогтар арқылы сауда ұйымдастыру және әдеткі пошта қызметтерін атқару болып табылады.
Қазір уақытта БК заңды тұлға ретінде тіркелген және ГФР заңламаларына сәйкес пошта қызметтерін көрсетуге лицензия алған.
«Kazpost GmbH» БК-ның атқарушы директоры Пак Алексей Александрович.
Қоғамның орналасқан жері – Гамбург қ.

Заңдық мекенжайы:
Герман Федеративтік Республкиасы
22047 Гамбург қ.
Ангербургер штрассе, 1 А
Angerburger St. 1 A
22047 Hamburg
Deutchland

Байланыс ақпараттары:
Angerburger Str. 1 A, 22041 Hamburg, Deutsсhland, тел. + 49 (0) 40 648 623 48
e-mail: apak@kazpost.de, info@kazpost.de, web: www.kazpost.de