Корпоративтік басқару
Қоғамда Корпоративтік басқару Кодексі әрекет етеді, ол өз қызметінің барысында Қоғам компания ішіндегі және нарықтың басқа қатысушыларымен арадағы іскерлік этиканың биік деңгейін қамтамасыз ету үшін пайдаланады.
Кодекстің мақсаты Қоғамның корпоративтік басқаруын жетілдіру және жүйелеу болып табылады, басқарушылықтың айқындығын қамтамасыз ету және Қоғамның әрдайым тиісті корпоративтік басқару стандарттарына сай қызмет етуге дайын екенін растайды.
Органдардың құрылымы және құзыреті
Жоғарғы орган – Жалғыз акционер;
Басқару органы –директорлар кеңесі, Қоғамның қызметіне жалпы басшылық және Басқарма қызметін бақылау жасаушы;
Атқарушы орган – Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылық ететін және Қоғам Басқармасының Төрағасы басқаратын Басқарма;
Қоғамның қаржылық –шаруашылық қызметіне бақылау жасайтын, ішкі бақылау саласында, тәуекелділіктерді басқару, Қоғам қызметін жетілдіру мақсатында кеңес беретін орган– Ішкі аудит қызметі.
Аталған органдардың құзыреті «Қазпочта» АҚ Жарғысымен анықталған.
«Қазпочта» АҚ-ның іскерлік этика кодексі - Қазақстан Республикасының этикалық және заңдық нормаларын ұстану негізінде компанияны дамыту және мүдделі тұлғалармен тиімді өзара тиімді әрекет ету үшін дайындалды және Директорлар кеңесінің шешімімен (07 шілде 2009 жыл № 09/09 хаттама) бекітілді.
«Қазпочта» АҚ Іскерлік этика кодексінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында компания төмендегідей тетіктерді пайдаланану ақпараты
Іскерлік этика кодексі «Қазпочта» АҚ директорлар Кеңесінің шешіміне сәйкес (07/07/2009 ж - № 15/09 хаттама) бекітілген.
«Қазпочта» АҚ Іскерлік этика кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету ақсатында Жалғыз акционер, Директорлар кеңесі және Қоғамның Басқармасымен қабылданған ықылас, шаралар және әрекеттер шеңберінде «Қазпочта» АҚ Омбудсмен институты құрылды:
- ішкі бақылау жүйесі және тәуекел – менеджментінің күшеюі;
- Қоғамның органдары және лауазымды тұлғаларының Іскерлік этика кодексін сақтауын қамтамасыз ету;
- корпоративтік жанжалдар және мүдделер жанжалдарын болғызбау және тәртіпке келтіру шараларын күшейту;
- Қоғамның беделін жақсарту.
«Қазпочта» АҚ Кеңесінің шешімімен «Қазпочта» АҚ омбудсмені болып «Қазпочта» АҚ Корпоративтік хатшысы тағайындалды. Омбудсмен қызметі шеңберіндегі міндеттеріне жатады:
- «Қазпочта» АҚ уәкілетті органдары және лауазымды тұлғалар және қызметкерлерінің Іскерлік этика кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және оның ережелерін түсіндіру;
- «Қазпочта» АҚ уәкілетті органдары және лауазымды тұлғаларына «Қазпочта» АҚ заңға қайшы әрекеттері туралы ақпаратын шешу жұмыстарына жәрдемдесуі;
- «Қазпочта» АҚ уәкілетті органдары және лауазымды тұлғаларына «Қазпочта» АҚ корпоративтік жанжалдар және мүдделер жанжалдарын болғызбау және тәртіпке келтіруге жәрдемдесу.
Іскерлік этика кодексін сақтау кезінде Директорлар кеңесімен келесі құжаттар дайындалып бекітілді:
- «Қазпочта» АҚ-да Омбудсмен туралы Ереже (22 қараша 2010 жыл № 13/10 хаттама);
- «Қазпочта» АҚ корпоративтік жанжалдар және мүдделер жанжалдарын реттеу ережелері (22 қараша 2010 жыл № 13/10 хаттама);
- «Қазпочта» АҚ болуы мүмкін немесе белгілі алаяқтық жасау жайлы деректер, қиянат етушіліктер және басқа заңға қайшы әрекеттер туралы ақпараттармен жұмыс істеу саясаты (22 қараша 2010 жыл № 13/10).
Кодекс қағидаларын түсіндіру және/немесе этика бойынша сұрақтар, Кодекс талаптарының бұзылған деректері, сыбайлас жемқорлық және басқа құқықсыз әрекеттер туралы туындаған сұрақтар жайлы лауазымды тұлғалар және Қоғамның жұмыскерлері, іскерлі серіктестері төмендегілерге жүгінуге құқылы:
- Өзінің құрылымдық бөлімшесінің басшыларына немесе жоғары деңгейдегі басшыларға, немесе құқықтық қамтамасыз ету (жұмыскерлерге) бөлімшенің директорына;
- Омбудсменге, ол жоқ кезде электронды поштасының құпия электронды адресіне немесе атына келген келген шағымдарды алуға, сақтауға және өңдеуге міндетті Директорлар кеңесінің аудит бойынша Комитеттің уәкілетті тұлғасына;
- Қоғамның ішкі аудит қызметінің басшысына;
- Қоғамның Басқарма Төрағасына;
- Қоғамның Директорлар кеңесіне;
- Аудит бойынша Комитеттің Төрағасына.
Сайтта Директорлар кеңесімен тікелей байланыс телефоны, Call-center телефоны және Басқарма Төрағасымен, Директорлар кеңесімен, Омбудсменмен кері байланыс орналастырылған. «Қазпочта» АҚ барлық бөлімшелерінде шағымдар мен өтініштер жіберу тәсілдері туралы ақпараттар бар.
«Қазпочта» АҚ орталық аппаратында және барлық филиалдарында іскерлік этика, клиенттермен мәдениеті қарым қатынас жасау жайлы, жанжалдарды реттеу бойынша семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылады.
Орталық аппарат және филиалдар деңгейінде тоқсан сайын «Қазпочта» АҚ Іскерлік этика кодексі жөнінде білімдерін тексеру тәжірибесі енгізілген.
«Қазпочта» АҚ Іскерлік этика кодексін бұзғаны үшін жұмыскерлер белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.
Корпоративтік хатшысының аппараты
«Қазпочта» АҚ 2011 жылғы 1 жарты жылдықтағы корпоративтік басқару принциптерін ұстану туралы есебі
«Қазпочта» АҚ-дағы кадр резерві және сабақтастықты қамтамасыз ету





