Корпоративтік хатшысының аппараты

 

Корпоративтік хатшы органдар және лауазымды тұлғалармен корпоративтік басқару саласындағы заңнамаларды, «Қазпочта» АҚ ішкі құжаттарын, Директорлар кеңесі және оның комитеттерінің тиімді әрекеттерін және Жалғыз акционердің қабылдаған шешімін сақтауын, және  ақпараттарды сақтау және ашумен, ақпараттық айқындықпен, органдар арасында анық және тиімді әрекеттестікпен, сондай- ақ корпоративтік басқарудың саясаты мен іс-тәжірбиесін жетілдіруімен қамтамасыз етеді.

Корпоративтік хатшы және Корпоративтік хатшының аппараты Директорлар кеңесіне есеп береді және бағынышты. «Қазпочта» АҚ-ң Корпоративтік хатшы туралы Ережесінде Корпоративтік хатшының міндеттері, қызметтері, құқықтары, жауапкершілігі және Корпоративтік хатшы аппаратының құрылу тәртібі мен әрекеттері анықталған.  

Корпоративтік хатшы туралы ақпарат

«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2011 жылы 30 наурызда Әсел Нұрланқызы Смағұлова  Корпоративтік хатшы лауазымына тағайындалды.

Әсел Нұрланқызы Смағұлова 1979 жылы Алматы қаласында туылған. Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын, Әл Фараби атындағы  Қазақ Ұлттық Университетінің магистратурасын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің аспирантурасын бітірді. Экономика магистрі дәрежесін алды, сондай-ақ экономика ғылымдарының кандидаты. 

2009 жылдан бері «Қазпочта» АҚ Корпоративтік хатшы аппаратында жұмыс істеп келеді. Еңбек жолын «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Стратегия және корпоративтік басқару департаментінен бастады, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің  «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Болжау және экономикалық сараптама департаментінің директоры, «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ Теміржол көлігіндегі маркетинг басқармасы бастығының орынбасары болды, сондай-ақ CARANA Corporation (АҚШ) жұмыс істеді.