Әлеуметтік жауапкершілік
«Қазпочта» АҚ Компанияның негізгі қызметімен және заңмен анықталған минимумды шегінен шығатын Компания мүмкіндіктерімен тікелей сабақтас қоғамды әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда дамытудағы бизнестің ерікті үлесі сияқты әлеуметтік жауапкершілік рөлін көреді.
Компания іскерлік бедел үшін әлеуметтік көзқарастың үлкен мәнге ие болатындығына сенім білдіреді, осы тенденцияның әлемде кеңінен таралғанын қолдайды және мына құралдардың бірі болып табылады:
- бизнестің іскерлік беделін, Компанияның капитализациясын көтеру, барлық мүдделі тараптармен – мемлекетпен, акционерлермен, тұтынушылармен, қызметкерлермен, серіктестермен, жергілікті қоғамдастықпен нәтижелі және тұрақты қатынас орнату;
- бизнес-процесінде туындайтын өндірістік емес тәуекелділіпен нәтижелі басқару;
- қоғамды дамыту арқылы (тұтыну мәдениетін, жаңа қызмет көрсетулерге шығу және т.б.) бизнестің ілгері дамуын қамтамасыз ету.
Компания әлеуметтік сипаттағы басты мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, халықаралық және қоғамдық маңызды республикалық акцияларды жүзеге асыруға белсенді ат салысады.
Компания Біріккен Ұлттар Ұйымы бастаған Глобальді келісім-шартқа (UN Global Compact) қосылды.
Глобальді келісім-шарт барлық деңгейдегі бизнеспен БҰҰ-мен серіктестік үшін танылған құндылықтар негізін көрсетеді. Глобальді келісім-шарт іскер орталарды өз қызметінде адам құқықтарын сақтау, еңбек қатынастарының нормасы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы он негізгі қағидаларды басшылыққа алуға шақырады.
Компания Глобальді келісім-шартта көрсетілген келесі қағидаларды орындауды өзіне алады:
Адам құқықтарын сақтау саласында:
- халықаралық қауымдастықта жарияланған адам құқықтарын сақтауға қолдау көрсету және құрметтеуге;
- өзінің адам құқықтарын бұзуына қатысы жоқтығын қамтамасыз ету.
Еңбек қатынастары саласында:
- ұжымдық келісім-шарт жасау құқығы барысында қауымдастықтардың бостандығын қолдауға және мойындауға;
- мәжбүрлі еңбектің барлық формаларын жоюға;
- балалар еңбегін толық жоюға;
- еңбек және жұмысбастылық саласында кемсітушілікті жоюға.
Қоршаған ортаны қорғау саласында:
- қоршаған ортаға жағымсыз әсер етулерді ескертуге себеші болу;
- қоршаған ортаның жағдайы үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қабылдау;
- экологиялық таза технологияларды жасап шығару және дамытуға себепші болу.
«Қазпочта» АҚ 2010 жылға корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік туралы есебі
«Қазпочта» АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы саясаты





