Несие рейтингтері

 

 «Standard & Poor's»

 «Standard & Poor’s» рейтинг қызметі ұзақ мерзімді «ВВ» кредиттік рейтингі және ұлттық шәкілі «kzA+» бойынша «Қазпочта» АҚ қазақстандық пошта операторының рейтингін растады.  Рейтин болжамы – «Тұрақты». 

Рейтингтер деңгейі титықтау жағдайларында жедел мемлекеттік қолдаудың «жоғары» мүмкіндігін және «В» дәрежесінде бағаланатын «Қазпочта» АҚ несиені өтеу қабілетін көрсетеді. 2011 жылы 01 шілдеде «Standard & Poor’s» рейтинг қызметі ұзақ мерзімді «ВВ» кредиттік рейтингі және ұлттық шәкілі «kzA+» бойынша «Қазпочта» АҚ қазақстандық пошта операторының рейтингін растады, сосын «Қазпочта» АҚ мен «Standard & Poor’s»  арасында ынтымақтастығы уақытша тоқтауына орай компанияның өтініші бойынша оны кері қайтарып алды. 

 «Moody's Investor’s Services»

09 маусым 2010 жылы «Қазпочта» АҚ кредиттік рейтингі «Moody’s Investor’s Services»  рейтинг агенттігімен Baa3 дан Ba2 ға төмендетілді. ҚР үкіметінің «Қазпочта» АҚ қолдауы едәуір төмендеуіне байланысты «Moody’s Investor’s Services»  рейтинг агенттігі қоғамның корпоративтік рейтингін Baa3 дан Ba2 ға түсірді. Сондай-ақ «Қазпочта» АҚ ұлттық шәкіл бойынша рейтингі Aa3.kz-дан A3.kz.-қа өзгерді. 12 наурыз 2010 жылы басталған рейтинг бағасы шолу жасау процесін аяқтайды. Болжам бойынша рейтинг «тұрақты». «Moody’s Investor’s Services»  рейтинг агенттігінің «Қазпочта» АҚ несиелер рейтингтерін төмендету туралы шешімі ҚР үкіметінің  болашақта өзінің ұлттық компанияларын қолдауда іріктеуі мүмкін екендігіне байланысты және осы «Қазпочта» АҚ несие рейтингін төмендету жөнінде рейтинг агенттігінің шешімі компанияға мемлекеттік қолдаудың біртіндеп төмендегені туралы рейтинг агенттігінің пікірін толық көрсетеді.

 Кредиттік  рейтинглер тарихы

Жыл
Standard & Poor’s
Moody’s Investor’s Services
2006 жыл
BB+/ Тұрақты
-
2007 жыл
ВВ/ Тұрақты
-
2008 жыл
ВВ/ Тұрақты
-
2009 жыл
BB/ Тұрақты
Ваа3/ Тұрақты
2010 жыл
BB/ Тұрақты
Ваа3/ Негативті
2011 жыл
BB/ Тұрақты
Ваа3/ Негативті *

 *) қазіргі уақытта кредитті рейтингі қарастырылуда