БАҚ арналған ақпарат

2012 жылғы 26 қаңтарда Алматы қаласында «Қазпочта» АҚ Ресей Федерациясы Ұлттық қашықтық сауда қауымдастығымен (ҰҚСҚ) бірлесіп ұйымдастырған «Сауда миссиясы» атты халықаралық конференция өтеді. Іс-шараға Қазақстанда қашықтық сауда секторының дамуына мүдделі отандық және шетел компаниялары қатысатын болады. 

  Е-коммерция (электрондық сауда) – электронды дүкеннен және төлем жүйелерінен тұратын, Қазақстан үшін нарықтың келешегі зор жаңа сегменті. Ғаламтор-кеңістіктің дамуымен қашықтық сауда әлемдік сауданың өте қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының біріне айналуда. ҚР ұлттық пошта операторы - «Қазпочта» АҚ 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөнінде Үкімет бағдарламасын орындау мақсатында «Зерде» НИХК» АҚ және «Казконтент» АҚ компанияларымен ынтымақтаса отырып, елімізде электрондық коммерцияны дамыту жөнінде іс-шараларды жүзеге асырады. «Қазпочта» АҚ Ресей Ұлттық қашықтық сауда қауымдастығымен (ҰҚСҚ) бірлесіп, ауыл тұрғындарының тауарларға еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін бірыңғай кедендік кеңістік шеңберінде Қазақстан нарығында қашықтық саудамен айналысатын шетел компанияларын тарту үшін жұмыс істеуде және сонымен бір уақытта қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықты дамытуда. 

«Сауда миссиясы» конференциясы биылғы жылы Алматы қаласына «Ридерз Дайджест (Қазақстан)», «Katorg GmbH», «Asia Direct», «Электронпост. кz», «ОТТО – товары по каталогам» сияқты коммерциялық ұйымдарды, сонымен қатар  Ресейдің, Германияның, Францияның:  «На дом», «ОТТО Групп»,  «ИМП Россия», «Ив Роше», «Ла Редут Рус», «ОЗОН (Интернет решения)», «Халенс», «Swiss Post», «Swiss Post», «Ле Монти», «ТД Клингель» сияқты компанияларының шетелдік өкілдіктерін жинамақ.

Конференцияға қатысушылар Қазақстан мен Ресей Федерациясындағы қашықтық сауда нарығын дамыту мәселелерін талқылайды. «Қазпочта» АҚ мен Ресей почтасының  басшылығы ҚР және РФ пошта операторларының мүмкіндіктері жөнінде тұсаукесерлер өткізіп, стратегиялық даму бағыттарын ұсынатын болады.  

  «Сауда миссиясының» ұйымдастырушылары қонақтар мен келушілерге ҚР-дағы электрондық коммерцияны медиа-қолдаудың мүмкіндіктері, инновациялық шешімдер, ғаламтор жарнамаларының трендтері туралы айтатын болады.  

Халықаралық конференцияға қатысушылардың халықаралық және ішкі пошта жөнелтімдерін сұрыптау мен жіберу бойынша заманауи кәсіпорын - «Қазпочта» АҚ филиалы – «Оңтүстік» Ақпараттық-логистика орталығына баруы жоспарланған. 

 

Журналистер үшін баспасөз конференциясы   2012 жылғы 26 қаңтарда өтеді. 

Өткізу орны: «Ақбұлақ» спорттық-сауықтыру кешені.

Байланыс телефондары: «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметі, 87172590660, 7777-353-63-54 (Людмила Шустова).

Іс-шараға қатысқысы келетін журналистер Бөгенбай батыр көшесі, 134 мекенжайы бойынша Алматы почтамты ғимаратына сағ. 8.00-де жиналады.