Омбудсмен
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен 2010 жыл 15 мамырда Омбудсмен институты құрылды. Омбудсмен, ұйымдағы шағымдарды қарастыратын, корпоративтік жанжалдар және мүдделер жанжалдарын болғызбау және тәртіпке келтіру шараларын қолданатын, заңды құқықтар және «Қазпочта» АҚ мүдделі тұлғаларының мүддесінің сақталуын бақылайтын міндеттері бар тұлға. Омбудсмен институтын құру лауазымды тұлғалармен өз өкілеттіктерін асыра пайдалану қаупін азайту, сонымен қатар жымқыру мен алаяқтықты болдырмау мақсатында ішкі бақылау жүйесін күшейту қажеттілігінен туындаған.
Корпоративтік омбудсмендер ұйымның жұмыскерлері және басқарушы персоналдарымен туған ішкі жанжалдарды ретке келтіру, сондай-ақ клиенттер және басқа мүдделі тараптарымен туындаған сыртқы дауларды ретке келтіру үшін тағайындалады. Бұл институт жұмыскерлерге шағымдармен, арыздармен, ұсыныстармен зерттеулер жүргізу шараларын қолданатын өкілеті бар тәуелсіз, бейтарап тұлғаға жүгінуге және жанжалдарды реттеу жайлы тиісті лауазымды тұлғаларға кепілдеме беру мүмкіндігін береді.
Омбудсмен институты тәуелсіз, қолжетімділік, құпиялық ұстанымдарымен жасалады. Омбудсмен жұмысының негізіне ынтымақтастық философиясы жатады. Оның кепілдеме беруге және мәселелерді талқыға салуға құқығы бар. Бұл ретте омбудсмен тек заңға ғана жүгінбей, ар-ождан және әділеттілікті басшылыққа алып, әділ жұмыс істейді.
Корпоративтік омбудсменнің жұмысының ерекшелігі тәуелсіздік пен ынтымақтастық арасындағы белгілі балансты сақтау, тараптардың мүдделерін ескеру және, сәйкесінше мәнін білу және тек жеке жанжалдың сипатын ғана емес, сондай-ақ ұйымдық басқару құрылымның өзгешілігі мен серпінін жақсы түсіну қажет болып табылады.
Омбудсмен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұлғалардың құқығы мен бостандығын қорғауды іске асырушы басқа мемлекеттік органдардың құзыретін шектемей, егер оның пікірі бойынша мүдделі тараптың құқығының бұзылуына жол берілген деген жағдайда ғана шағымдарды қабылдайды және қарастырады. Омбудсменге заңды талаптарды қанағатандырудан, дәлелсіз шешім қабылдаудан бас тарту туралы және лауазымды тұлғалардың құқықты бұзуға әкелетін басқа да әрекеттері (әрекетсіздіктері) және шешімдері туралы шағымдармен жүгінуге болады.
Сонымен омбудсменнің жұмысы мүмкін болатын сот қуынымдарын болдырмауға және «Қазпочта» АҚ іскерлік беделін сақтауға мүмкіндік береді.
Жүгіністер тетігін анықтау, мүдделі тұлғалардың жүгіністері бойынша шешімдерді қабылдау және қарастыру үшін, сондай-ақ whistleblowing тетігін енгізу мақсатында «Қазпочта» АҚ-да бірнеше ішкі құжаттарды қабылдау жоспарлануда. «Қазпочта» АҚ тарапынан ішкі рәсімдерді ретке келтіргенше, мүдделі тұлғалар «Қазпочта» АҚ Омбудсменіне мына ombudsman_kazpost@mail.ru электронды адрес бойынша жүгінуге құқылы.







