Республикалық арнаулы байланыс қызметі
РАБҚ тарихы
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін арнаулы байланыс қызметін реттеуші меншікті құқықты база құру қажет болды.
қаңтар 1993 ж. – ҚР Министрлер Үкіметінің қаулысымен мемлект құрлысының өзгеруін және нарықтық қатынасқа өтуді ескеріп отырушы Қазақстан Республикасындағы арнаулы байланыс қызметі туралы Ереже бекітілді. Осыдан кейін бірден Қазақстан Республикасы арнаулы байланыс қызметінің бастамасымен арнаулы байланыс жөнелтімдерімен мемлекетаралық алмасу туралы Келісімнің жобасы және оның Ережесі жасалды.
қазан 1992 ж. – құпиялы, өте астыртын және өте маңызды жөнелтімдерді, сондай-ақ асыл металдар, бағалы және аса құнды жөнелтімдермен жұмыс істеуді реттеп отыратын арнаулы байланыс қызметінің жаңа Нұсқауы бекітілді.
1993 ж. соңы – ТМД елдері басшыларының кезекті отырысында барлық арнаулы байланысшыға маңызды құжатқа қол қойды. Келісім бірыңғай кеңістікте арнаулы байланыс жөнелтімдерін кедергісіз жіберуге және ТМД бойынша фельдегерлердің жүруіне мүмкіндік туғызды.
2000 жыл – Қазақстанның арнаулы байланыс қызметінің жүйесіне келесі жеделдетіп жеткізудің жаңа қызметін енгізе бастады ол - «Экспресс арнаулы байланыс жөнелтімі». Қазіргі кезде Қазақстанның арнаулы байланыс қызметі өзінің міндеті бойынша бейінді емес 15 қызмет түрлерін көрсетеді. Арнаулы байланыс қызметі «Қолма қол», «Есіктен есікке дейін» қызмет көрсету ұстанымын қолданады. Кәсіпкерлер мен бизнесмендер экспересс-аранулы байланысының барлық артықшылықтары мен жақсы жақтарын бағалап отыр.
Арнаулы хат-хабарлар мен арнаулы жүктерді мерзімінде жеткізу, оның жылдамдығы, оның сақталуы - көлікті айтарлықтай тиімді пайдалануға байланысты. Автокөлік және теміржол бағыттарының тармақталған желілері Қазақстан аумағын түгелдей алып жатыр, тіпті алыс аудандар да кіреді.
Көрсетілетін қызметтер
Арнаулы байланыс қызметі келесілердің қабылдауын, тасымалдауын және жеткізуін жүзеге асырады:
- пакетті және салемдемелі хат-хабарлар;
- маңызды іскерлік және шұғыл сипаттағы жөнелтімдер;
- кез келген заңмен қорғалатын құпиялы жөнелтімдер;
- бағалы және аса құнды жөнелтімдер;
- халықаралық жөнелтімдер;
- техникалар, құралдар, аспаптар, бұйымдар және материалдар бар орамдар.
Арнаулы байланыс қызметін қолдана отырып, сіздер мынандай бағалы жүктерді жеткізе аласыздар: асыл металдар мен сирек кездесетін асыл металдар, асыл тастар, зергерлік бұйымдар, өнер туындылары және көне заттар, банк құжаттамасы, банкноттар, арнайы чектер, несие карточкалар, бағалы қағаздар, қару, психотропты және еліткіш заттар.
Клиенттердің бағалы заттарын инкассациялау қызметін көрсету Шартын жасап, біз сіздерге келесі қызмет түрлерін ұсынамыз:
- қалааралық қолма-қол ақша тасымалдау;
- қолма-қол ақшаны жеткізу;
- түскен ақшаны жинау;
- клиенттің материалды-жауапты тұлғасын (кассир) алып жүру;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Кассалық операциялар орталығына артылған қаражатты тасу.
Арнаулы байланыс қызметінің артықшылықтарының бірі ол қолма-қол ақша, асыл металдар және олардан жасалған бұйымдардың тасмалдануы мен сақталуы кез келген күтпеген жағдайлардан сақтандырылған.
Арнаулы байланыс қызметі келесі қосымша қызметтерді ұсынуға мүмкіндігі бар:
- арнаулы байланыс қызметінің өзінің жауапкершілігімен бағалы жүктерді сақтау;
- қарулы күзетпен көлік қызметін ұсыну;
- жөнелтушінің мекенжайы бойынша орнында жөнелтімдерді қабылдау үшін курьер шақыру;
- жөнелтімдерді экспресс-жеткізу;
- шұғыл және бағалы жөнелтімдерді арнаулы курьермен жеткізу;
- жөнелтім табыс етілді деген хабарлама.
Жөнелтімдерді буып-түю
Қазақстан нарығындағы басқа компанияларға қарағанда қызмет көрсету кезінде басқа фирмаларға иек артпай, өткізілетін опрерациялардың толық құпиялығын қамтамасыз ету үшін біз тек өзіміздің қызметкерлер мен меншікті көлігімізді қолданамыз. Тасмалдауды қамтамасыз ету үшін РАБҚ қолында Қазақстан Республикасы бойынша тармақталған желілері бар, жүріп тұрған жолаушы тасымалдайтын поездарда пошталық вагондары және меншікті автокөліктері бар. Бұдан басқа жөнелтімдерді жіберуге арналған тарифтер басқа курьерлік компаниялармен салыстырғанда әлдеқайда төмен және сонымен қатар теміржол көлігімен көлеміне байланысты жіберілетін сәлемдеме жөнелтімдері және экспресс хат-хабарларға белгілі бір жеңілдіктер қарастырылған.
Тыңғылықты тексеріп пайдаланған технология және кәсібилігі жоғары кадрлармен, арнайы техниканы, қорғану және байланыс құралдарын қолдана отырып, тармақталған желілер арқылы біз Сіздің жөнелтімдеріңізді Қазақстан Республикасы бойынша, ТМД елдеріне және алыс шетелдерге тиісті күзетпен толық сақтаулы күйінде «қолма-қол» ұстанымы бойынша жеткіземіз.
Ұзақ жылдардағы тәжірбиеміз арқасында біз өте сенімдіміз деп айта аламыз, өйткені біз тараптармен тығыз жұмыс істей отыра олардың қаражаты мен уақытының үнемделуін, ал ең бастысы тасымалданатын жөнелтімдерінің сақталуына кепілдік етеміз.
РАБҚ қызметін мемлекеттік өкімет органдары және басқармалар, сондай-ақ республиканың ең ірі компаниялары мен банктері, оның ішінде Қазақстанның нарығында жұмыс істейтін курьерлік компаниялар қолданады.
Сіздің компанияңызға және Сізге үлкен табыстар тілейміз. Біз сіздермен ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміт артамыз.
Инкассация
2000 жыл 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1716 «Қазақстан Республикасында пошта саласын дамыту және 2000-2003 жылдары пошталық-жинақ жүйесін құру туралы» қаулысына сәйкес «Қазпочта» АҚ ҚР Ұлтық Банкінің 2001 жыл 31 қаңтардағы № 14 банктік операцияларды теңгеде және шетелдік валютада жүргізу лицензиясын алды. Осы линцензия Қазақстан Республикасы аумағында инкассация, банкноттар, мәнеттер және құнды заттарды жіберу қызметтерін көрсетуіне жол береді.
Қазіргі кезде «Қазпочта» АҚ облыстық филиалдарында заңды тұлғаларға және екінші деңгейдегі банктерге құнды заттарды инкассациялау қызметтерін көрсететін инкассация бөлімдері құрылған.
Біздің инкассация қызметтің басқа ұқсас қызметтерден артықшылықтарының бірі ол «Қазпочта» АҚ тасымалданатын барлық құнды заттардың түрлерін сақтандыру бойынша Шарт жасалған. Лондондық қайта сақтандыру нарығында сақтандыру тәуекелдерін орналастыру "ТрансОйл" компаниясымен жүргізіледі.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының барлық облыстық орталықтары толығымен пошта жөнелтімдерін, арнаулы байланыс жөнелтімдерін, қаражат және құнды заттарды мерзімінде және сақтаулы күйінде таситын пошта вагондарының маршруттарымен қамтылған. Қолданыстағы вагондар: сейфтер, бекітілген құрылғылар және шарбақталған терезелермен жабдықталған. Арнаулы байланыс жөнелтімдерін және қаражат тасымалдау үшін брондалған автокөлік қолданылады. Арнаулы байланыс қызметінің бөлімішесі аса бағалы жөнелтімдерді жіберу және қабылдау үшін ұшу алаңдарына тікелей ұшақтың бортына және теміржол станцияларында пошта вагондарына кіретін рұқсаты бар. Поштаны, арнаулы жөнелтімдер және құнды заттарды тасымалдау қарулы адамдармен іске асырылады. Бұндай шаралар жөнелтімдерді тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Осы ерекшеліктерді ескере отыра Арнаулы байланыс қызметі сіздерге қалааралық қолма-қол ақша және Қазақстан Республикасы аумағында құнды заттар тасымалдау бойынша өзара тиімді ынтымақтастық құруға шақырады.
Біз сіздерге тасымалданатын қолма-қол ақша және құнды заттардың сақтандыру мен бірге тарифтер ұсынамыз.
Қалааралық тасымалдау тарифтері:
- тасымалданатын қолма-қол ақша және құнды заттардың сомасынан 0,1 %, бірақ тасымалдау үшін 37800 (отыз жеті мың сегіз жүз) теңгеден кем емес.
- тариф ҚҚС-сіз көрсетілген
Ескертпе: қалааралық тасымалдау тарифіне іссапар шығындары (тәулігіне 1 инкассаторға - тәуліктік, тұратын пәтері 2475 теңгеден көп емес, шұғыл жеткізу керек болғанда әуе билетінің бағасы) енгізілмеген. Қалааралық тасымалдау ҚР ҰБ-ң нормативтіі құжатының талаптарына сәйкес инкассаторлар бригадасымен жүзеге асырлады.
Ұзақ жылдардағы тәжірбиеміз арқасында біз өте сенімдіміз деп айта аламыз, өйткені біз тараптармен тығыз жұмыс істей отыра олардың қаражаты мен уақытының үнемделуін, ал ең бастысы тасымалданатын жөнелтімдерінің сақталуына кепілдік етеміз. Біз сіздермен ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастыққа үміт артамыз.
Кері байланыс
Сонымен, Сіз құнды жүктер мен хат-хабарларды кімге сеніп тапсыруды таңдауыңызға әбден мүмкін, бірақ біз сізге шынымен де қабылданған жөнелтімдерді жауапкершілікпен қамтамасыз ететін, кәсіби тұрғыда келетін және өз жұмысын жақсы орындау үшін барлық қызметтер мен тәжірбиелерді үйлестіретін компанияның көрсететін қызметтерін таңдаңыз деп кеңес береміз.
Қазақстанда біздің бағамыз ең төмен болып келеді. Телефон шалып көз жеткізіңіз.
Қазақстан қалаларында арнаулы байланыс қызметтерінің мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметтердің тарифтері мен спектрлары туралы ақпарат ала аласыз:







