Саланың реттеуші ортасына шолу

 

 ҚР Үкіметінің 2010 жылы 18 мамырдағы № 427 Қаулысы бекіткен ҚР БАМ туралы Ережесіне сәйкес, ҚР Байланыс және ақпарат Министрлігі пошта байланысы саласындағы реттеуші болып табылады және оған тарифтік  және техникалық  реттеу міндеттері. жүктелген.

Тарифтік реттеу (ҚР «Табиғи монополиялар және ретке келтірілетін нарықтар» заңына сәйкес табиғи монополиялар саласына жататын пошта байланысының қызметтері) табиғи монополиялар саласына жататын пошта байланысының жалпыға бірдей қолжетімді қызметтерін қамтиды, оның ішіне кіретіндер:

- қызметтерге дискриминациясыз қол жеткізу мақсатында тауарлар нарығына сараптама жасау;
- табиғи монополия субъектерінің қызметіне тарифтік және техникалық сметаны бекіту;
- табиғи монополия субъектерінің қызметіне арнап, тарифтер мен ең жоғары деңгейлерді дискриминациясыз есептеу әдістемелерін дайындау және бекіту;
- реттелетін қызметтер тарифтеріне уақытша төмендеткіш коэфициентті бекіту; 
- реттелетін қызметтерге уақытша орнын толтыру тарифтерін бекіту және т.б.

Техникалық реттеу түрлі нормалау және түрлі рұқсат ету мәселелерін және лицензиялау мәселелерін қамтиды.

Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу бойынша «Қазпочта» АҚ қызметі қаржы нарығын  және қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі мемлекеттік органдар тарапынан, соның ішінде жеке пруденциалдық нормативтер мен лицензиялар беру арқылы қадағаланады.

 

Мемлекеттік демеу-қаржылары және кепілдіктері туралы ақпарат

31 желтоқсан  2003 жылғы № 1386 ҚР Үкіметінің «Ұлттық пошта операторы туралы» қаулысы негізінде Қоғам ұлттық пошта операторы болып анықталды. 

 ҚР «Пошта туралы» заңына сәйкес ұлттық пошта операторына көпшілікке қол жетімді пошта байланысының қызметтерін көрсету міндеттері жүктелді.

Қол жетімді пошта байланысы қызметтерінің сапасына қойылатын талаптар олардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз етумен бірге  жалпыға қолжетімді пошта байланысы қызметтерін көрсету бойынша міндеттемелерге ауыртпалық артады.

Республиканың жағрапиялық ерекшеліктері, оның ішінде төмен халық тығыздығы, едәуір жетуі қиын аудандар жазбаша хат-хабарларды жеткізу процестерін қиындатады және оның бағасын ұлғайтады.     

 Осыған байланысты қол жетімді пошта байланысының қызметтерін көрсету залалды, өйткені төмен деңгейдегі тарифтер көрсетілген қызмет шығындар орнын толтырмайды

ҚР заңында реттелген қызметтерді көрсетуден келген залалдарды өтеу механизмі қарастырылмаған, сондықтан Қоғам оларды реттелмейтін қызметтерден түскен табыс есебімен қилыстырып қаржыландыру механизімін қолдануға мәжбүр болады.