Тікелей пошталық жарнама - Директ Мэйл
«Қазпочта» АҚ сегіз жылдан бері қызмет көрсету нарығында мекенжайларға жарнамалық материалдарды тарату немесе Директ мэйл қызметін ұсыну бойынша «Директ маркетинг» бағытында жұмыс істеп келеді.
Жарнамалық материал пошта жөнелтімдері (хатттар, бандерольдар және басқа) түрінде таратылады, көрсетілген мекенжайдың пошта жәшігіне салынды, сондай-ақ өз қолыңызға да тапсырылады. Бұл қызмет мерзімдері және тарату тәртібі қарастырылған компаниялармен отырған шарттардың негізінде көрсетіледі. Жарнамалық материал буып түйілген, яғни пошта жөнелтімі түрінде немесе оралмаған күйінде де беріледі. Тапсырыс беруші-компания шартқа қол қою кезінде айтылғандар бойынша жарнамалық материалдарды тарату кезінде мекенжай деректерін дұрыс көрсету талаптарын орындауы қажет.
Жарнамалық материал - Тапсырыс беруші-компания қамтитын жұмыстар, қызмет көрсетулер, өнімдер жайлы ақпараттар бар үнпарақ, кітапша, плакат, буклет, каталог, журнал, газет немесе басқа материалдар болуы мүмкін.
«Қазпочта» АҚ Директ-мейл қызметін көрсету шеңберіндегі басқа қосымша қызмет көрсетулер, ол:
жеке тұлғалар да, сондай-ақ заңды тұлғалар бойынша мекенжайлар ұсыну;
жеке тұлғалар хаттарын автоматты басып шығару, оларды орау және конверттеу қызметтері;
Тапсырыс беруші-компания анықтаған белгілі түрі және дизайны бойынша конверттер беру;
дизайн әзірлеу қызметтері;
сондай-ақ келесі қызмет түрлері де көрсетіледі:
мекенжай көрсетілмеген жарнамалық материалдарды тарату;
белгілі бір басылымға (журналға, газетке) қосымша ретінде жарнамалық материалдарды тарату;
жарнамалық материалдарды пошта бөлімшелері арқылы тарату (пошта бөлімшелерінде плакаттар, үнпарақтар тарату);
Тапсырыс беруші-компания жіберген «кері хаттарды» қабылдау, пошта арқылы жіберу және сонымен қатар жібергені үшін Тапсырыс беруші ақысын тікелей өзі төлейді.
Тікелей пошта арқылы жіберу– бұл бизнесте қажет нарықты дәл табуға, арнайы сипатта болуға, айтарлықтай икемді болуға және тұтынушылардың әркетіне тез баға беруге мүмкіндік беретін тиімді құрал.







