Төлемдерді қабылдау

Кез келген пошта байланысының бөлімшесінде әртүрлі төлемдерді қабылдау қаржылық кешендер қызметі көрсетіледі.

Халықтан коммуналды қызмет көрсету, электроэнергия, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, телефон, Интернет, кабельді телеарна және т.б. үшін төлемдер қабылданады.

«Қазпочта» АҚ әр түрлі компаниялар және екінші деңгейдегі банктермен бірге несиені өтеу, шоты толтыру, жеткізілген тауарға, оқуға және т.б. ақша қабылдау бойынша қызметтер істеп келеді.

Салықтар және ҚР бюджетіне басқа төлемдер

«Қазпочта» АҚ жеке тұлғалардан және мемлекеттік органдардың өкілдерінен салыққа және Қазақстан Республикасының бюджетіне басқа міндетті төлемдері үшін қолма-қол ақшалар қабылдайды. Сонымен қатар бюджетті классификация (КБК) 7 кодты бойынша қабылдаулар тегін түрде жүзеге асырады.

 «Оn-line» жүйесі бойынша төлемдер

 «КиберПлат Қазақстан» ЖШС бірлескен ынтымақтастық барысында пошта байланысының бөлімшелерінде «Оn-line» жүйесі бойынша келесі компанияларға төлемдер төлеуге болады:

 - «Кар-тел» ЖШС («Beeline» сауда белгісі); «АЛТЕЛ» АҚ(«Pathword», «Dalacom», «City» сауда белгілері); «Digital TV» ЖШС; «НҰРСАТ» АҚ; «G-Media» АҚ; «Орбита плюс» ЖШС; «2Day Telecom» ЖШС; «GSM Қазақстан» ЖШС; «Қазақтелеком» АҚ («Kcell, «Activ» сауда белгілері);  «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС ( «NEO» сауда белгісі); «Шон-Би» ЖШС; «ГудЛайн-Қазақстан» ЖШС;  «Фаберлик Қазақстан» ЖШС; «Metro Net» ЖШС; «ICON» ЖШС; «43 канал» Телекомпания» ЖШС; «СА-Телком» ЖШС; «Транстелеком» АҚ; «Promtel» ЖШС; «Колеса» ЖШС; «NETRING-Service» ЖШС; «System Line» ЖШС; «Қостанайдың кабельді желілері»; «Қостанай ЭнергоОрталық» ЖШС; «Орифлэйм» ЖШС.

Банктердегі несиелерді өтеу үшін төлемдер 

Несиелерді өтеу үшін төлемдер екінші деңгейдегі банктердің және басқа қаржылық институтардың  банктік шотына қабылданады:

 - «Хоум Кредит Банк» АҚ; «МКО «Просто Кредит» ЖШС (сондай-ақ «Просто Кредит» ЖШС); «Альянс Банк» АҚ; «Еуразиялық банк» АҚ; МКО «Саур Кредит» ЖШС; ТОО «Борышқорлармен жұмыс істеу бюросы» ЖШС; «Kaspi Bank» ЖШС; «МКО «Кредит Лэнд» ЖШС; ТОО «МКО «Қазақстандық микронесие компаниясы» ЖШС; ДБ АҚ «HSBC Банк Қазақстан»; «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ; «Темірбанк» АҚ; «Банк ЦентрКредит» АҚ; АҚ «ДБ «RBS (Kazakhstan)».

Сақтандыру компанияларына төлемдер

 «General «Life ДК Assicurazioni Generali S.p.A.» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ; ПК «SFK-INSURANCE» Қазақстан фермерлер Одағының өзара сақтандыру Қоғамы» ӨК; СК «Транс Ойл»; «СК «Allianz Kazakhstan» АҚ; СК «Альянс Полис».

Мемлекттік кәсіпорындарға төлемдер

Келесі контрагенттерге тестілеу, құжаттарды жылдам дайындау, әлеуметтік жеке кодты ресімдеу және басқа міндетті төлемдерді төлеу үшін:

 - РМК «Тіркеу қызметі және ҚР ӘМ құқықтық көмегін көрсетуші Комитеттің ақпаратты-өндірістік орталығы»; «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК ҚР БҒМ;  РМҚК ЗТМО.

Тауарлар мен қызмет көрсетулерге ақы төлеу

Алған тауарлар мен қызметтер, сонымен жеткізілген баспа және косметикалық өнімдер, оқу, білім беру курстары, каталог бойынша тапсырыстар және басқа операцияларға ақы төлеу:

 -  «IPS Ltd» компаниясы; «Баспа «Ридерз Дайджест» ЖШС; «ОТТО Premium Partner LTD»; «ОТТО «Тауарлар - поштамен» АҚ; «Posyltorg GmbH» фирмасы; «Katorg GmbH» компаниясы; «Авон Косметик (Қазақстан) Лимитед» ЖШС; «ЕШКО» ЖШС.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-мен ынтымақтастық

 «Қазпочта» АҚ Қоғамның құрылымдық бөлімшелер желілері арқылы құрылыс жинақ қорларын, банктің комиссиялық алымдарын қабылдау, ақша қорларын, тұрғын үй заемдарын (аралық заем) беру, заемдарды өтеу төлемдерін шотқа қабылдау, шарттарға отыру бойынша «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ бірлесіп қызмет істеп жатыр.

Банк және «Қазпочта» АҚ өзара агенттік қызмет көрсетуін жетілдірді: кеңес беру және есептік көрсеткіштер ұсыну, электрондық мәлімдемелер қалыптастыру, тұрғын үй құрылыс жинақ қоры туралы шарттар жасау және құжаттар қабылдау, төлемдер қабылдау және шотқа аудару, құжаттарды өңдеу және жіберу және т.б.  

Ауылдық жерлерде тұратын халықты тұрғын үй құрылыс жинақ қорының жүйесіне тарту үшін аудан орталықтары және ірі ауылдық елді мекендерде ынтымақтастық жүзеге асып жатыр. Тұрғын үй құрылыс жинақ қоры туралы шартқа отыру барлық орталық операциялық телімдерде, қалалық және облыстық орталықтарда жүргізілуде.