Тәуекелді басқару жүйесі

«Қазпочта» АҚ екіұштылық және олармен байланысты тәуекелді жағдайларында және компания құнының артуы үшін мүмкіндіктерді барынша көп пайдалануға бағытталған басқару жүйесінің негізгі компоненті ретінде Тәуекелді Басқару Жүйесінің (ары қарай -ТБЖ) маңыздылығын жете түсінеді. Компания қызметіне әсер ететін жағдайларды анықтау, осы тәуекелді жағдайымен байланысты басқару  тәуекелді басқару процесінің маңызды компоненті болып табылады. 

Тәуекелді басқарудың бірлескен жүйесін ендіру және жетілдіру Қоғамның стратегиялық, операциялық мақсаттары табысының қажетті талабы, есептердің нақтылығы және заңнамалар мен нормативті актілердің сақталуы болып табылады.

Есептердің нақтылығын және заңнамалар мен нормативті актілердің сақталуын қамтамасыз етуге қатысты мақсаттардың табысы Қоғамның бақылау шегінде ғана болады, сондақтан ТБЖ мақсаттарының бірі олардың табыстарының кепілдігін қамтамасыз ету болып табылады.

Стратегиялық және операциялық мақсатты табысы әрдайым Қоғамның толық бақылауында бола бермейтін сыртқы жағдайларға байланысты. Сондықтан, аталған мақсаттарға қатысты ТБЖ қамтамасыз ету кепілдігін бере алады.

 Қоғамдағы тәуелді басқару жүйесінің құрлымы Қоғамның келесі органдары мен бөлімшелерін тартумен бірнеше деңгейде көрсетілген: директорлар Кеңесі, Басқарма, тәуекелді басқару бойынша Қызмет, ішкі аудит Қызметі, өзге де құрылымдық бөлімшелер.

Директорлар Кеңесі тәуекелді басқарудың бірлескен жүйесін бақылауды жүзеге асыруда маңызды рольді атқарады. Директорлар Кеңесі Қоғамның қызмет мақсаттарының қойылуын жүзеге асырады, сонымен бірге тәуекелділікке зауқы мен қабілетін ұстайтын тәуекелді басқару саласындағы құжаттарды бекітеді. Директорлар Кеңесі маңызды тәуекелді, осы маңызды тәуекелді басқару бағасын және тәуекелді басқару бойынша іс-шаралар жоспарын жүйелі негізде қарастырады. Директорлар Кеңесі тәуекелді басқару саласындағы функцияның бір бөлігін сәйкес комитеттерді құру арқылы жүзеге асырады.

Басқарма Қоғамды тәуекелді басқарудың нәтижелі жүйесін ұйымдастыру және бірлескен басқару принциптерін ұстану үшін тәуекелді басқару құрылымын құру үшін жауапты. Басқарма Қоғамның тәуекелді-менеджмент саясатын көрсететін «тәуекелді түсіну» мәдениетін қалыптастыру үшін жауапты. Барқарма тәуекелді басқару саласындағы функцияның бір бөлігін сәйкес комитеттерді құру арқылы жүзеге асыруға құқылы.

Қоғамның тәуекелді басқару бойынша қызметі тәуекелдіклікті басқару процесінің үшінші деңгейі болып табылады, оның негізгі функциялары:

1) Қоғамда тәуекелді басқару жүйесінің аясында қызметті үйлестіру;

 2) тәуекелділік туындауы мүмкін жағдайларды анықтау, тәуекелділіктің күшін растайтын нақты немесе әлеуетті, кері тенденцияларды, тәуекелді тудырған факторларды талдау, болжамды шығындардың масштабын бақылау;

 3) Қоғамның тәуекелді басқару жүйесінің нормативті және әдістемелік базасын жасау және жетілдіру;

 4) Тәуекелді бағалау және талдау үшін қолданылатын тәуекелділік түрлері бойынша статистикалық мәліметтер базасын ұйымдастыру;

 5) Бекітілген лимиттерді сақтау бойынша бақылауды ұйымдастыру;

 6) Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсету;

 7) Қоғамдағы тәуекелді басқару бойынша құрама есептерді дайындау;

 8) Қоғамның директорлар Кеңесімен және басқарма саясаткерлерімен жасалған және бекітілген әдістермен және рәсімдермен сәйкес тәуекелді анықтау, бағалау, өлшеу және мониторинг (бақылау) жасау;

 9) тәуекелділік бойынша ішкі нормативтік актілермен бекітілген есептерді Қоғамның Басқармасына және директорлар Кеңесіне беру;

 10) Тәуекелді басқару бойынша ішкі және сыртқы тұрақты талаптарды сақтау мониторингі;

 11) Тәуекелді ескертетін әдістер мен оны өтеудің жолдарын іздеу;

Қоғамның тәуекелді басқару жөніндегі Қызмет өзге бөлімшелермен, сондай-ақ тәуекелді басқару жүйесінің мақсаттары мен тапсырмаларын нәтижелі жүзеге асыру үшін қоғамның ішкі және сыртқы аудиторлармен бірлесіп әрекет етуі керек.

Қоғамның ішкі аудит қызметі тәуекелді басқару процесінде төмендегідей негізгі қызметтерді атқарады:

 1) тәуекелді басқару рәсімдерінің аудиты және тәуекелді бағалау бойынша әдістемелер, сондай-ақ тәуекелді басқару рәсімдерінің нәтижелігі бойынша ұсыныстарды жасау;

 2) қоғамның директорлар Кеңесі үшін тәуекелді басқару жүйесі бойынша есеп беру;

Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің әрбір қызметкері тәуекелді басқару жүйесінің құрылымында маңызды элементтердің бірі болып саналады. Құрылымдық бөлімшелер (тәуекелділік иелері) тәуекелді басқару процесінде маңызды роль атқаратындықтарын түсінулері керек. Қоғамның қызметкерлері күн сайын тәуекелмен жұмыс істейді, өздерінің функционалды міндеттерімен оларды басқарады және мониторинг жүргізеді. Құрылымдық бөлімшелер тәуекелді басқару бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты, өздерінің қызмет саласындағы айтарлықтай тәуекелділік туралы дер кезінде анықтауы және хабардар етуі және іс-шаралар жоспарына енгізу үшін тәуекелді басқару бойынша ұсыныстар беруі керек.

Тәуекелді  басқару процесіндегі Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің негізгі қызметі:

 1) тәуекелді тұрақты түрде индентификациялау және бағалау;

 2) тәуекелді азайту бойынша іс-шараларды жасау және жүзеге асыру;

 3) өзінің құзыретінің шеңберінде әдістемелік және нормативтік құжаттар дайындауға қатысу;

 4) тәуекел-коммуникацияларын дамыту процесіне ат салысу.

 Қоғамдағы тәуекелді басқару құрылымы  сәйкес ақпарат ағынын қамтамасыз етеді – тігінен де және көлденең де. Мұнымен қоса төменнен жоғарыға жететін ақпарат, директорлар Кеңесін мен қоғамның Басқармасын мәліметтермен қамтамасыз етеді: ағымдағы қызмет туралы, қызмет барысында қабылданған тәуекелділік, олардың бағалануы, бақылануы, әрекет ету әдістері және оларды басқару туралы. Жоғарыдан төменге бағытталған ақпарат мақсаттарды, стратегияларды және ішкі құжаттарды бекіту жолымен қойылған тапсырмаларды, регламенттерді және жүктемелерді аяғына дейін орындауды қамтамасыз етеді. Ақпаратты көлденең жіберу Қоғам ішінде құрылымдық бөлімшелердің өзара жұмыс істеуін тұспалдайды.