Зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы төлеу

2002 жылдан бері «Қазпочта» АҚ республиканың барлық аумағында зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы төлеу бойынша РМҚК ЗТМО агенті болып табылады.

Әлеуметтік жәрдемақы төлеу келесі тәсілдермен төленеді:  

 - дербес шотқа аударылады;

 - карт-шотқа Kazcard VISA төлем карточкасына аударылуымен;

 - ПББ өздігімен барып ақша ала алмайтын дербес санаттағы азаматтарға үйіне апарып төлеу (бұл санаттағы азаматтардың тізімін ЗТМО анықтайды);

 - ауылдық жерлерде төлеу.

Зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы үшін дербес шот ашу үшін кез келген пошта байланысының бөлімшесіне жүгінуге болады және жеке куәліктің көшірмесі мен СТН ұсынылуы тиіс.  

Дербе шот ашылғаннан соң Алушыға салымшының кітапшасы және  ЗТМО аумақтық бөлімшесіне міндетті түрде хабарланатын нөмірі көрсетілген банктік шот Шарты беріледі.  Зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы алу үшін белгілі үлгідегі өтініш берілуі тиіс. 

Әлеуметтік жәрдемақы алушы зейнеткерлер өздерінің атына банк-серіктестерінің жеңілдікті шарттарымен тұтыну несиесін ресімдеуіне болады. Несиені пошта арқылы өтеуге болады. 

 «Қазпочта» АҚ жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатынан азаматтардың зейнетақы қорын беруге мүмкіндігі бар.