Жазбаша хат-хабарларды, бандерольдер мен сәлемдемелерді тасымалдау және жеткізу
Пошталық жөнелтімдер ішкі, халықаралық, жай, тіркелген (дербес нөмірі бар, жөнелтушiге түбiртек беріліп қабылданатын және адресатқа қолхат бойынша табыс етiлетiн пошта жөнелтiмi), құндылығы жарияланған деп бөлінеді.
Ішкі пошта жөнелтімдері (Қазақстан Республикасы бойынша жөнелту үшін):
Халықаралық пошталық жөнелтімдер (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жiберу үшiн қабылданатын, республика аумағына келiп түсетiн және Қазақстан Республикасы аумағынан бiр шет мемлекеттен екiншiсiне транзитпен өтетiн пошта жөнелтiмдері):
Хаттар және пошталық карточкалар
Жай және тіркелетін хаттар: жазбаша хабарлар, іскерлік қағаздар, шоттар, фотосуреттер, көркем суретті ашық хаттар, тәсімдер және басқа ұқсас қағаз өнімдері, секограммалар (тек зағиптарға арналған ашық түрде берілетін пошта жөнелтімі).
Құндылығы жарияланған хат-хабарлар: құжаттар және бағалы қағаздар (дипломдар, паспорттар, туу туралы және неке туралы куәліктер, зейнетақы және сот істері, лотерей билеттері), қолжазбалар және жіберуші мен хат алушыға белгілі бір құнды болып табылатын басқа ұқсас заттар мен құжаттар.
Шекті салмағы - 2 кг аспауы тиіс.
Бандерольдер мен ұсақ пакеттер
Жай: құндылығы аз баспа өнімдері (бланктер, кітапшалар, плакаттар, газеттер, журналдар, кітаптар және т.б.), іскерлік қағаздар, қолжазбалар, альбомдар, фотосуреттер дәптерлер, дәрілік шөптер, тұқымдар, дыбыс жазбалар және басқа ұқсас заттар.
Тіркелетін: көркем әдебиет, сот істері және сырттай оқитын студенттердің бақылау жұмыстары.
Құндылығы жарияланған бандерольдер: тұтыну тауарлары, баспа өнімдері, көркем әдебиет, іскерлік қағаздар, дәрілер, кондитер бұйымдары және басқа ұзақ сақталатын азық- түліктер.
Ұсақ пакеттер: сыйлық ретіндегі сынбайтын ұсақ заттар, тек бірлі-жарым күйтабақ және баспа материалдарынан басқа.
Сәлемдемелер
Тұтыну тауарлары, ұзақ сақталатын азық-түліктер, баспа өнімдері, аралар, дәрі-дәрмектер, медициналық препараттар және т.б. сәлемдемемен жіберіледі.
Шетелге сәлемдемелер: шетелге жіберуге рұқсат етілген және жеткізілетін елге шеттен әкелуге тиым салынбаған тұтыну тауарлары.
Ескі поштаның жаңа қызметтері
Халықаралық пошталық алмасу (орысша -МККО) халықаралық коммерциялық жауабы бар хат-хабарлар қызметін ұсынады - алыс және жақын шетелдерде тұратын алушының жауабын жіберуші алдын ала төлеген айрықша конверт.
Халықаралық қайтарым купондары – кез келген елден Қазақстан Республикасына және кері, әуе көлiгiмен жеткiзiлетiн, салмағы 20 граммға дейiнгi жай халықаралық хаттың ең төменгi ақысын білдiретiн құжат.







