Жөнелтімдерді жедел жеткізу (EMS)
Жөнелтімдерді жедел жеткізу (EMS)
Call-center EMS: +7 (727) 259-67-67
e-mail: ems.callcenter@ems.kazpost.kz
EMS қызметінің байланыс телефоны: +7 (7172) 61-16- 99 (вн. 1197)
Express Mail Service (EMS) - әлемнің 200 елінде жөнелтімдерді жедел жеткізу қызметін көрсетуші. Қазақстанның кез келген жеріне және шетелдерге шұғыл құжаттар мен жүктерді жедел жеткізуді қамтамасыз ететін, осы қызметті Қазақстанда EMS-Kazpost көрсетеді.
EMS-Kazpost дегеніміз - ол:
- кең аумақты қызмет көрсету;
- пошта жөнелтімдерін «қолдан қолға» ұстанымы бойынша жеделдетіп жеткізу;
- жекеменшік курьерлік қызмет;
- бүкіл республика бойынша 400 қабылдау және жеткізу пунктері.
Жедел поштаның басқа да артықшылықтары:
- ақысыз арнайы жасалған орам материалда ұсынылуы;
- көрсетілген қызмет дерегі бойынша икемді есепшот ұсыну жүйесі, айына бір рет немесе аванстық кітапша бойынша;
- ақысы алушымен төленуі;
- ақысыз курьердің келуі;
- курьерді кеңсеге немесе үйге шақыру және қолма-қол ақшасын төлеу мүмкіндіктері;
- Қазпочта бөлімшелеріне жеделдетілген жөнелтімдерді өткізу мүмкіндігі;
- Қазақстанның кез келген жеріне меншікті қорымен жеткізу;
- меншікті вагондар паркі, автокөлік және әуе компаниялармен тікелей шарттарды иеленуі;
- барлық қабылданған ЕМS жөнелтімдерінің бүкіл дүниежүзінде зақымдануы және жоғалып кету қауіп -қатерлерінен сақтандыру;
- жеткізілгені жайлы хабарлама;
- белгілі уақытта жеткізу;
- филиалды желісі бар компаниялар үшін орталықтандырылған қызмет көрсету.
ЕМS курьерін шақыруға өтінім білдіру
Алматы қаласынада курьерді шақыру телефондар нөмірі +7 (727) 297-50-90, 297-54-80, 297-54-81, 297-54-82.







