| КУРЬЕРЛІК «EMS KAZPOST» ҚЫЗМЕТІ
«Қазпочта» АҚ алуан түрлі «EMS Kazpost»
қызметін ұсынады – амандығын және кепілді жеткізіп беруін қамтамасыз ету
арқылы барынша қысқа мерзімде «қолдан қолға» принципі бойынша Сіздердің
хат-хабарларыңызды, құжаттарыңыз бен басқа да почта жөнелтілімдеріңізді
жедел жеткізіп беру:
• жедел мерзім ішінде Алматы қаласының ішінде хат-хабарлар, құжаттар мен
басқа почта жөнелтілімдерін жеткізіп беру;
• Қазақстан Республикасы бойынша хат-хабарлар, құжаттар мен басқа почта
жөнелтілімдерін жіберу және жеткізіп беру;
• ТМД елдері мен Қиыр Шетелдерге хат-хабарлар, құжаттар мен басқа почта
жөнелтілімдерін жіберу және жеткізіп беру.
«EMS Kazpost» қызметі 100-ден астам әлемнің почта әкімшіліктерін біріктіретін,
Дүниежүзілік Почта Одағындағы халықаралық кооперативтің мүшесі болып табылады.
Бүгінгі күні «EMS Kazpost» қызметін:Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі,
Дүниежүзілік Банктің Тұрақты Өкілдігі, «АБН АМРО Банк Қазақстан» ЖАҚ ЕАБ,
Ислам Даму Банкінің Аймақтық Өкілдігі, «REUTERS Eastern Europe Ltd» филиалы,
ШНОС ААҚ, «Procter&Gamble” ЖШС сияқты және тағы да бірқатар ірі корпоративтік
клиенттер пайдаланады.
«Қазпочта» АҚ экспресс-почта («EMS Kazpost») қызметі қазіргі қалпында 2000
жылдың қаңтар айында құрылған еді. Бірақ, 1999 жылдың соңынан бастапа-ақ,
қызметті ұйымдастыру және қалыптастыру жөнінде мынадай орасан жұмыстар атқарылған
болатын:қажетті нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту, Дүниежүзілік
Почта Одағындағы (ДПО) Халықаралық Кооперативке кіру, ДПО мүше-елдерімен
және Қазақстан Республикасы ішінде ірі корпоративтік клиенттермен халықаралық
хат-хабарларды экспресс-жеткізіп беруге бірқатар шарттар жасасу.
Бүгінгі күні «EMS Kazpost» қызметі Қазақстан почтасының ең жылдам дамып
келе жатқан құрылымының бірі болып табылады, яғни құжаттар, тауарлар, хат-хабарларды
жедел (экспресс) жіберу және жеткізу мен қосымша сүйемелдеуші қызметтер
көрсету жөнінде түрлі қызметтер көрсетеді.
Сіз, Қазақстан, сонымен қатар бүкіл дүние жүзі бойынша жөнелтіліміңізді
жеткізу үшін экспресс-почта қызметін пайдалана аласыз. EMS жөнелтілімдерін
қабылдау пункттері Қазақстанның барлық облыстық филиалдарында және бірқатар
аудан орталықтары мен облыс орталықтарынан төмен ірі қалаларда бар.
Электронды байланыс құралдарының қарқынды дамуына қарамастан іс қағаздарын,
тауарлар мен басқа қажетті материалдық заттарды қолмен ауыстыру қажеттігі
әлі де бар, сондықтан да «EMS Kazpost» болашаққа сеніммен қарауда.
EMS қадағалау
«Таңертең-10» қызметі Астана-Алматы және кері маршрут бойынша заңды тұлғалардың
мекенжайына таңғы сағат 10-ға дейін жөнелтілімдерді кепілді жеткізіп беру.
EMS экспресс жөнелтілімдерін қабылдау Қоғамның 106 пункттерінде жүргізіледі.
Сіз, «EMS - Kazpost» қызметінің курьерін 50-50-90 телефоны арқылы үйге немесе
офиске шақыра аласыз.
Тарифтері
Байланыс телефондары: 8 (727) 2590634
e-mail: mukhambetova@kazpost.kz
|