| 03.05.2007
Кадрлық қызмет жетекшілері үшін семинар-тренинг
Адам ресурстарын жүйелеу жөніндегі департаменті Қоғам филиалдарының персоналмен жұмыс секторларының жетекшілері үшін «Қазпочта» АҚ кадрлық қызмет жұмысының негізгі бағыттары» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.
Семинар-тренингке қатысушылар алдында Адам ресурстарын жүйелеу жөніндегі департаментінің директоры М.И.Ізмаханов сәлемдемелік сөз сөйледі. Ол барлық жиналғандарды Қоғамның 2006-2008 жылдарға даму бағыттарының болашағымен таныстырды.
Семинар-тренингтің жүру барысында кадрлық қызмет жұмысын регламенттейтін ішкі нормативтік құжаттардың толық тізімі қарастырылды, соның ішінде қызметтік нұсқаулық жасау, персоналды таңдау мен жұмысқа алу, қызметкерлердің бейімделуі, жұмыс істеуді бағалау мен аттестаттау, персоналдың дамуы және т.б. Оқыту барысында іскери ойындар ойнатылып, «Персонал» модулін енгізуге байланысты күрделі мәселелер талқыланды.
Кадрлық қызмет жетекшілері үшін «Қазпочта» АҚ Кадрлық саясатын іске асыруды қарастыру маңызды болды. Персоналмен жұмыс жөніндегі сектордың қызметкерлердің еңбегін бағалау, аттестаттау, оқыту нәтижелілігін бақылауды жоспарлау мен ұйымдастыру, персоналдың кәсібилігін арттыру, мансаптық өсу, кадрлық қордың қалыптасуы, мемлекеттік тілді енгізудегі рөлі мәселелері қаралды. Персоналмен жұмыс жөніндегі басқарманың жетекшісі Алиакпаров И.А. қатысушылардың назарын Қоғамның Кадрлық саясатын іске асырудағы HR-менеджментінің мақсаты, міндеті мен қызметін дұрыс анықтауға баса аударды. Қызметкерлердің біліктілігін тиімді пайдалану, «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» Заңына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар барынша талқыланды.
Семинар барысында Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы, Корпоративтік қаржы департаменті, Ақпараттық технологиялар департаменті, Қауіпсіздік басқармасының қатысуымен күрделі мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Семинар-тренинг жұмысының қорытындылары бойынша тестілеу жүргізіліп, барлық қатысушылар қойылған міндеттерді толық атқарып, «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» Заңы, «Пошта туралы» Заңы мен ішкі нормативтік құжаттарды үздік білетіндерін дәлелдеді.
Семинар-тренингтің соңында қорытындылар шығарылып, «Қазпочта» АҚ кадрлық қызмет жұмысын жетілдіру бойынша кепілдемелер жасалып, семинарға қатысушыларды сауалнамадан өткізіп, сертификаттармен марапаттады.
|