«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



18.05.2007

Республиканың байланыс саласындағы кәсіпорындары қаңтар-сәуір аралығында көрсетілетін қызмет көлемін 29,7%-ға арттырды

Қазақстанның байланыс кәсіпорындары 2007 жылдың қаңтар-сәуір аралығында 101,3 млрд теңгеге қызмет көрсетті, бұл көрсеткіш 2006 жылдың қаңтар-сәуіріндегі көрсеткішінен 29,7%-ға асып түсті.

Соның ішінде осы уақыт аралығында халыққа 41,6 млрд теңгеге қызмет көрсетілді, бұл 2006 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішінен 41,3%-ға артық деп Статистика бойынша мемлекеттік агенттік «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне 14 мамырда хабарлады.

Нәтижесінде республикамыздың байланыс кәсіпорындарының жалпы табыс көлемінің 41% халыққа байланыс қызметін көрсетуден түсті.

2007 жылдың қаңтар-сәуірінде байланыс қызметінен түскен табыс құрылымында, атап айтқанда, ұялы байланысқа 49,7% (2006 жылдың қаңтар-сәуірінде – 43,8%), қалааралық стационарлы телефонға 16,5% (сәйкесінше 18,9%), жергілікті – 7,3% (8,2%), интернет – 5,9% (5,3%), радиобайланыс, радио, телевидение – 3,4% (3,4%), пошталық және шабармандық байланыс – 3,1% (3,3%).

Статистика бойынша агеттіктердің мәліметтері бойынша, республикада есепті кезеңде жақсы дамыған ұялы байланыс болды, 2006 жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда қызмет көлемі 50,8%-ға өсті.

Қазақстанда қазіргі кезде телекоммуникациялық қызмет пен байланыс қызметінің негізгі көлемін сәйкесінше «Қазақтелеком» және «Қазпочта» мемлекеттік компаниялары көрсетеді.

Республикада 5 ұялы байланыс операторы бар, соның ішінде үшеуі GSM стандартында қызмет көрсетеді.