| 20.05.2007
Қазпочта Директорлар Кеңесінің құрамында өзгертулер
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің құрамына «Самұрық» қазақстандық мемлекеттік активтерді басқару холдингі» АҚ-ның бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Бишиғаев Асқар Дарушұлы тағайындалды.
Директорлар кеңесінің мүшесі Нұршабеков Ризат Рахатбекұлы өз еркімен мерзімінен бұрын өкілеттігін тоқтатты.
|