«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



28.05.2007

«Самұрық» холдингінің Корпоративтік басқару кодексі бекітілді

Үстіміздегі жылдың 17 мамырында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бұйрығымен «Самұрық» қазақстандық мемлекеттік активтерді басқару холдингі» акционерлік қоғамының Корпоративтік басқару кодексі бекітілді.

Кодекс жобасы алдын ала «Самұрық» холдингінің Директорлар кеңесімен және ҚР Үкіметі жанындағы «Самұрық» холдингінің даму мәселелері бойынша мамандандырылған кеңесімен қарастырылып мақұлданды.

Корпоративтік басқаруды жүйелеу мен жетілдіру, холдингтің корпоративтік басқару стандарттары бойынша қызмет етуіне дайындығын дәлелдеу, басқару айқындылығын қамтамасыз ету «Самұрық» қазақстандық мемлекеттік активтерді басқару холдингі» АҚ кодексінің мақсаты болып табылады.

Кодекс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрастырылып, Эмитенттер кеңесімен мақұлданған Қазақстан корпоративтік басқару кодексіне, ЭҚДҰ Корпоративтік ұстанымдарына (The OECD Principles of Corporate Governance) және Ұлыбританияның Біріккен кодексіне (The Combined Code of Corporate Governance) негізделеді.

2007-2008 жылдар аралығында «Самұрық» қазақстандық мемлекеттік активтерді басқару холдингі» АҚ Кодекс жағдайларын енгізу жөніндегі жұмыстар атқарылмақшы.

«Самұрық» холдингі» АҚ-ның корпоративтік басқару кодексінің толық мәтінімен холдингтің сайтында www.samruk.gov.kz. танысуға болады.