«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



30.05.2007

Облыстық (қалалық) арнайы байланыс қызметтері жетекшілерімен өткен семинар-кеңес

23-25 мамыр аралығында Алматы тренинг орталығында «Қазпочта» АҚ арнайы байланыс қызметі жетекшілері үшін семинар өтті. Атқарушы директор Айнақұлов А.Қ. Арнайы байланыс қызметінің алдында тұрған ең өзекті мәселелерді айқындай отырып семинар-кеңесті ашты.

Арнайы байланыс қызметінің 2006-жылғы қорытындыларын РАБҚ директоры Н.Станбаев баяндап берді. Ол өз баяндамасында Арнайы байланыс қызметінің одан арғы даму мәселелерін, материалдық-техникалық қамту, нормативтік және нұсқаулық құжаттарға қойылатын талаптарды қатаң орындаудың қажеттілігін атап өтті. Табыс жоспарын орындау мәселесіне басты назар аударылды.

Пошта технологиялары департаменті Пошта қызметтері басқармасының бастығы Б.Байжігітов ЕМS қызметінің даму бағдарламасы туралы айтып берді. Ол ЕМS қызметі мамандарын дайындауға қойылатын талаптарға және қызметтің даму жоспары аясында жақын болашақта шешілуі тиіс мәселелерге тоқталып өтті.

Ақпараттық технологиялар департаменті КАЖ-ды пайдаланушыларды қолдау бөлімінің бастығы М.Матова корпоративтік ақпараттық жүйеге жалпы талдау жасады. Өз баяндамасында ол бөлімшелер бойынша КАЖ модульдерін бөлу мәселелерін қарастырып, 2007 жылға филиалдарда КАЖ модульдерін таралымдау жоспарын, КАЖ модульдерінің ағымдағы жағдайын, «Колвир» бағдарламасының дамуын, персоналды бағдарламамен жұмыс істеуге үйрету, арнайы байланыс қызметі бойынша тарифтерді анықтау мәселелерін атап өтті.

Қаржылық қызметтер департаменті Сату басқармасының менеджері М.Ысқақова семинарға қатысушыларға арнайы байланыс арналары арқылы қарыз алушылардың несиелік досьелерін жөнелтуді ұйымдастыру тәртібі туралы айтып берді. «Пошта байланысы бөлімдерінде ашылған шоттары арқылы жалақыны алатын ұйымдар қызметкерлерін несиелеу» жобасы «Хоум Кредит Қазақстан» АҚ-ға республика халқының 40% мен пошта қызметкерлеріне қол жетімді несиелерге жол ашуға мүмкіндік береді деп атап өтілді. Бұл өз кезегінде несиелеу шарттары бойынша қаржылық көрсеткіштерді өсіруге мүмкіндік береді.

Пошта технологиялары департаменті ЕМS бөлімінің бастығы А.Баялбаева ЕМS қызметінің ағымдағы даму жоспары туралы баяндады. Жоғары бәсекелестіктің түрлі жағдайларында дамып жатқан ЕМS қызметінің, әсіресе халықаралық айырбас бойынша, зор даму болашағы бар. Жыл сайынғы қол жеткізілетін көлемнің өсуі ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы көптеген шабармандық қызметтердің белсенді жұмысы мұның дәлелі болып табылады. «ЕМS» даму бағдарламасы алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды ендіру, материалдық-техникалық базаны нығайту және соның негізінде тиімділікті, жылдамдық пен ұйымдар мен басқа шаруашылық объектілеріне экспресс-жеткізу қызметін атқару сапасын арттыру жолымен дамудың қазіргі беталысын есепке алады.

РАБҚ БДБ менеджері А.Файзуллин қару мен оқ-дәрі айналымы тәртібі туралы баяндап берді. Ол өз баяндамасында қызметтік қару алу құқығына лицензия беруі, оны сақтау, тіркеуі, тапсыру, қызметтік қаруды алып жүру құқығына рұқсат берудің тәртіптері, қаруды қолданудағы қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді.

«Қазпочта» АҚ арнайы жұмыс пен мемлекеттік құпияларды сақтау секторының жетекшісі В.Бычко жию жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу мәселесіне тоқталды. Сұрыпталатын арнайы жөнелтімдер есебі, арнайы жөнелтімдердің бақылаудан өту мерзімдері, бағыттар жоспары бойынша РАБҚ БДБ менеджері П.Афанасьев баяндама жасады. Бақылау жүйесінің мәліметтер базасына енгізудің жылдамдатылуы және арнайы байланыс қызметі бөлімшелерінде кіріс-шығыс өндірістік құжаттарын ресімдеуді сәйкестілікке келтіруге байланысты пачкаларды жаңа тәртіп бойынша ресімдеу ұсынылды: 1) РАБҚ №1 цехының өндірістік учаскелерінде; 2) ОАБҚ, ҚАБҚ өндірістік учаскелері мен бағыттарында және аудандық бөлімшелерде; 3) РАБҚ №2 цехының бағыттық фельдъегерлерімен.

РАБҚ БДБ жетекшісі Ю.Жуковтың баяндамасы филиалдар бөлімшелерінде инкассация қызметін ұйымдастыру мәселесіне арналды. Ол ҚР Ұлттық Банкі 12.12.2005 ж. №156 ҚР Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен өзгертулері мен толықтырулары бекітілген 2001 жылдың 3 наурызындағы №58 нұсқаулығының негізгі шарттары туралы, 2006 жылдың 30 маусымында «Қазпочта» АҚ Басқармасымен бекітілген «Қазпочта» АҚ филиалдарында кассалық операциялар мен банкноттар, тиындар мен құнды заттар инкассациясы бойынша операцияларды жүргізу бойынша нұсқаулықтар, 2007 жылы арнайы байланыс қызметін техникалық құралдар және материалдық қаражатпен қамту, ПБАБ-ның шынайы материалдық қажеттілігін зерттеу, сонымен қатар аудандық (қалалық) бөлімшелердің есебімен 2008 жылға хабарламаларды қалыптастыру тәртібі жөнінде сөз қозғады. Семинарда ПБАБ, ПББ-лерге қолдағы ақша қаражаттарын жеткізу және оның сақталуын қамтамасыз ету мәселесіне үлкен назар аударылды. Жөнелтілетін құнды заттардың сақталуын қамтамасыз етуде ағымдағы бағыттарды қайта қарастырып, мәліметтердің жайылуын жоюда бар шараларды қабылдау, ақша қаражаттарын жеткізуді төлемдердің күндік қажеттілігі бойынша жүзеге асыру, зейнетақы, жәрдемақы мен жалақыны жеткізу бағыттарын пошталық жөнелтімдерді жеткізу бағыттарымен ұштастырмау, құнды заттарды тасымалдаудағы бекітілген сақтандыру лимиттеріне сәйкес жүктерді сақтандыру келісім-шартын орындау мақсатында ақша қаражаттарын тасымалдау сияқты мәселелер қарастырылды.

Семинардың екінші күні О(Қ)АБҚ жетекшілері келтірген күрделі мәселелер талқыланған «дөңгелек үстел» өтті. РАБҚ-ға арнайы жөнелтімдерді қабылдау, сұрыптау, жөнелту және жеткізу технологияларымен тәжірибелік танысу өтті. Өндірістік бөлімшелердің жетекшілері жұмыс орнын ұйымдастырумен, арнайы жөнелтімдерді сұрыптау технологиясымен таныстырып, сұрақтарға жауап берді.

РАБҚ директоры Н.Станбаев семинардың қорытындыларын шығара отырып, өткен семинар-кеңестің пайдасын атап өтті. Семинар барысында келтірілген барлық ұсыныстардың қажеттілігін айтып, барлық көтерілген мәселелер бойынша жұмыс жүргізіледі деп уәде етті.