| 01.07.2007
«Без проблем» апталығы кезекті жазылым рекордына қол жеткізді
2007 жылдың 1 шілдесінен бастап «Без проблем» аймақтық апталығына жазылғандардың саны 7050 заңды тұлғаны құрап, гәзет кезекті рекордқа қол жеткізді. 2007 жылдың 1 қаңтарында жазылым рекорды 5805 ұйымды құраған. Ол рекордты да «Без проблем» орындаған еді.
Бұл көрсеткіш редакцияның «Қазпочта» АҚ барлық облыстық филиалдарының жетекшілерімен жүргізген еңбегінің жемісі болып табылады.
Ең жоғарғы көрсеткіштер Астана қаласы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында орын алды.
Бұл оқиға жеке бизнес өкілдерінің еліміздегі ірі пошта операторына деген сенімінің артқандығының белгісі және басылымға деген ерекше қызығушылықтың дәлелі.
«Без проблем» апталығының редакциясы Қазақстанның барлық аймақтарында одан әрі жазылым көлемін көбейтуді жоспарлауда. 2008 жылдың бірінші тоқсанына мақсатты көрсеткіш – 9 000 жазылушыны құрайды. «Қазпочта» АҚ 2010 жылға қарай барлық жазылым басылымдарын жеткізу көлемін 20%-ға көбейтуді жоспарлауда.
|