| 16.07.2007
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті мәжілісі
13 шілдеде Астанада «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің мәжілісі өтті. Онда «Самұрық» холдингі» берген 2006 жыл қорытындылары бойынша дивиденттер төлеу тапсырмасының орындалу жүрісі туралы ақпарат тыңдалды. Күн тәртібінде қаралған екінші мәселе Қоғамның ерекшелігі мен регламенттік құжаттарын есепке ала отырып, «Самұрық» холдингі» бекіткен қалыпты кодекске сәйкес келетін «Қазпочта» АҚ корпоративтік басқару кодексіне қатысты болды. Кодекс Қоғамның қызметінде компанияның ішінде болсын, рыноктың басқа мүшелерімен болсын іскери этиканың жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін құрастырылған ережелер жиынтығы болып табылады.
Директорлар кеңесі мүшелері талқылаған келесі мәселе Алматыда сұрыптау орталығын құру жобасы болды. Алматыдағы сұрыптау орталығы Астана мен Ақтөбедегі сұрыптау орталықтарымен бірдей «Қазпочта» АҚ-ның негізгі пошталық логистикалық жүйесі бола отырып, дистанциондық сауда (Интернет сауда) бағдарламаларын іске асыруда логистикалық орталықтың міндеттерін атқарады.
Қарастырылған мәселелердің бірі «Қазпочта» АҚ мен Алматы қаласы аймақтық қаржы орталығы (ААҚО) арасындағы өзара әріптестікке арналды. ААҚО мен «Қазпочта» АҚ арасындағы стратегиялық әріптестік қор рыногының жалпы инфрақұрылымын жетілдіру мәселелері және одан әрі «Қазпочта» АҚ транфер-агенттік жүйесінің даму болашағы мен оны тиімді пайдалануға байланысты өзара тығыз іс-әрекетте көрініс таппақ. Осылайша ААҚО-мен әріптестік пен оның даму болашағы және трансфер-агенттік жүйені тиімді пайдалану «Қазпочта» АҚ-ға ал5а қойған мақсаттарының бірі – аймақ тұрғындарына қаржылық қызметтерді толық көлемде көрсетуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар мәжілісте акцияларды «Самұрық» холдингі» АҚ-дан «Самғау» холдингі» АҚ-ға өткізу мәселелері талқыланды.
«Қазпочта» АҚ өткен жылдың басында Президент жарлығымен құрылған «Самұрық» мемлекеттік холдингі құрамына кіреді. Қазіргі кезде «Қазпочта» АҚ-ны үстіміздегі жылдың сәуірінде құрылған «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингіне ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесі сегіз адамнан тұрады, оның ішінде үшеуі – тәуелсіз директорлар.
|