| 29.08.2007
"Қазпочта" АҚ I жарты жылдықта таза табысты 4 есе көбейтті
"Қазпочта" АҚ 2007 жылдың қаңтар-маусым аралығында біріккен аудиттен өтпеген қаржылық есеп бойынша таза табыс көлемі өткен жылғы сәйкес кезеңдегі 44 млн теңгеге қарсы 170,8 млн теңге (ағымдағы 122,94/$1) болды.
Дайын өнімді (тауар, жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс есепті кезеңде 6 млрд 759 млн теңге (2006 жылғы қаңтар-маусымда 5 млрд 342 мың теңге) болды.
Меншікті капитал жыл басынан 6,1 млрд теңгеден 8,8 млрд теңгеге дейін өсті, жарғылық капитал – 5,5 млрд теңгеден 8 млрд теңгеге өсті.
"Қазпочта" АҚ – пошта байланысының ұлттық операторы. Компанияның 100% акциясы «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару холдингі» АҚ түрінде мемлекет иелігінде. Қазіргі кезде Елбасымыздың үстіміздегі жылдың сәуіріндегі бұйрығына сәйкес компания акцияларын «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-ға өткізу жұмыстары жүргізілуде.
"Қазпочта" АҚ келесі қызмет түрлерін көрсетеді: мемлекеттік пошталық төлем белгілерін шығару; пошталық жөнелтімдерді сұрыптау, тасымалдау және жеткізу; соның ішінде жеделдетілген шабармандық пошта; пошталық ақша аударымдары; жазылым бойынша және даналап мерзімді баспасөз басылымдарын тарату; зейнетақы, әлеуметтік жәрдемақы, стипендия, жалақы төлеу; қаржылық қызмет көрсету; құнды қағаздарды шығару.
Құнды қағаздар рыногында компания брокерлік-дилерлік және трансфер-агенттік қызмет атқарады.
|