«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



05.09.2007

Пошта байланысы саласындағы қызметкерлердің тәжірибе алмасу бойынша семинар кеңесі

23-25 тамыз аралығында «Қазпочта» АҚ Астана почтамты мен Астана пошта тасымалдау бөлімі (ПТБ) базасында пошта байланысы қызметкерлерінің V аймақтық тәжірибе алмасу семинар кеңесі өтті.

Семинарға «Қазпочта» АҚ 8 филиалынан 130-ға жуық адам қатысты.

2003 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан филиалдары қатысқан алғашқы семинар өткізілген еді. Содан бері бұл семинарлар аймақтық семинарлар деп аталатын болды. Биылғы семинардың ерекшелігі – оның қазақстандық поштаның 15-жылдығы қарсаңында өткізілгендігінде.

Пошта байланысы қызметкерлерінің аймақтық семинар кеңестері өзінің ептілігін дәлелдеді. Қатысушылар тек Солтүстік Қазақстаннан ғана емес, республиканың кез келген аймағынан келеді. Биылғы семинарға Алматы почтамтының, Астана ПТБ, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстық филиалдарының өкілдері қатысты.

Делегациялар құрамында – бөлім жетекшілері, қаржылық банктік, пошталық қызмет бойынша мамандар, еңбегі сіңген ардагерлер мен пошта байланысында енді қызмет ете бастаған жас мамандар болды.

Тәжірибемен, көзқараспен еркін алмасу, батыл ұсыныстар енгізу, спорттық жарыстарға қатысу, көтеріңкі көңіл-күй семинарды корпоративтік рухты дамыта отырып өзіндік фестивальдерге айналдырды.

Семинарға «Қазпочта» АҚ басқарушы директорлары А. Айнақұлов пен А. Вагнер қатысты. «Қазпочта» АҚ Басқармасының назары мен қолдауы аймақтық семинар кеңестің мәртебесін көтереді. Олардың семинарға қатысуы ұсыныстарды іске асыруға және оң тәжірибені таратуға зор мүмкіндік береді.

Филиал өкілдері өздерінің баяндамаларында аймақтардағы пошта-жинақтық қызмет тәжірибелерімен бөлісті. Шығыс Қазақстан филиалының шалғай елді мекендерге қызмет көрсету үшін жылжымалы пошта байланысы бөлімдерін ұйымдастыру тәжірибесі; Қостанай филиалының “Kodak” фотокомпаниясымен әріптестігі мысалында пошта үшін дәстүрлі емес қызмет түрлерін дамыту тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырды. Сонымен бірге жаңа технологияларды енгізу тәжірибесі, атап айтқанда “Colvir” электронды бағдарламасы бойынша ішкі корпоративтік есепті автоматтау, мерзімді баспасөз басылымдарын таратудағы ірі габаритті пошталық жөнелтімдерді жеткізу мен тасымалдау, құнды қағаз рыногы қатысушыларына агенттік қызмет көрсету, “KAZCARD” банктік карточка жүйесін дамыту, ауылдағы салушыларға депозиттік базаны кеңейту мәселелері талқыланды. Көрсетілетін қызмет түрлері мен қызмет көрсету сапасын көтеру, әсіресе поштаны, гәзет-журналдарды уақытында жеткізу мәселесіне зор мән берілді.

Пошта байланысы кәсіпорындары қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету, қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселелері де ерекше аталды.

Семинар барысында басқа да пошта байланысының дамуы, қызметкерлердің өндірістік және әлеуметтік жағдайларына байланысты мәселелер де қарастырылды. Олар «Қазпочта» АҚ басшылығының қарауы мен бақылауына алынды.

Баяндамалар слайдтар мен стэндер демонстрациясымен жалғасын тапты. Ең үздік баяндамашыға жаңашыл идеялар мен нақты ұсыныстар үшін арнайы жүлде тағайындалды. Ең үздік стэнд жүлдесін Қостанай филиалы ұтып алды.

Семинарға қатысушылар арнайы ұйымдастырылған футбол, волейбол, бадминтон, дартс, бильярдтан спорттық жарыстарға қуанышпен қатысты.

Семинарға қатысушы филиалдарының КТК командалары өздерінің тапқырлығымен ерекше көзге түсті. Алматы почтамты командасы байқау жеңімпазы болып атанды. Екінші орынды Шығыс Қазақстан филиалы, үшінші орынды Астана почтамты командасы иеленді. Спорттық жарыстарда Ақмола облыстық филиалы командасына ешкім жетпеді.

Семинар иесінің Өтпелі белгісі деген жақсы дәстүр пайда болды. Келесі салтанатты түрде қарсы алатын жақ – Алматы почтамты.