«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



10.09.2007

Қазақстан дистанционды сауданың жаңа рыноктарын игере бастады

Тамыз айының соңғы күндері «Қазпочта» АҚ Ұлттық дистанционды сауда ассоциациясымен (Ресей) бірлесіп ұйымдастырылған «Қазақстандағы сауда міндеті» атты іс-шараға қатысты. Сауда міндетіне ат салысқандар қатарында төмендегідей танымал каталогтік компаниялар болды: «Neckermann», «Quelle», «IMP», «Ридерз Дайджест», «Provea», «ОTTO», OZON интернет-дүкені; ДМ сервистік компаниялары (fulfillment, letter-shop және т.б. компаниялар): «Нева», «ОМНИ-Сервис», «М-Сити», «Бертельсман» дистрибуциялық орталығы», ДМ «Азия Директ» агенттігі», КИИК, HighTechLogistic, «Бурда» АҮ және т.б.

Оннан астам компаниялардың алдында Қазақстанның дистанционды рыногы құшақ жайды. Сауда міндеті аясында ел рыногының республика аумағында дистанционды сауда ұйымдастыруға дайын екені анықталды. Он шақты маңызды баяндамалар тыңдалып, «дөңгелек үстелдер» өтті, «Қазпочта» АҚ басшылығымен, Қазақстанның дистанционды сауда саласындағы сервистік кәсіпорындармен кездесулер өтті. Нәтижесінде Сауда міндетіне қатысқан бірнеше компаниялар Қазақстанда «Қазпочта» АҚ жөнелту желісін қолдана отырып, өз жұмысын бастау шешімдерін қабылдады.

Қазақстан – 2 724,9 мың шаршы км-ден тұратын кең-байтақ, халықтың мекендеу тығыздылығы төмен (5,3 (6) адам/шаршы км) әрі республика аумағында әртүрлі орналасқан ел. Халықтың 70% кішігірім елді мекендерде тұрады. Қазақстанның көптеген тұрғындары үшін дистанционды сауда керек тауарларды сатып алудың бірден-бір мүмкін жолы болмақшы. Сондықтан бұл сектордың дамуында бүкіл ел бойынша зор филиалдық желісі бар, 3,5 мың өндірістік бірлестігі, 64 жылжымалы пошта бөлімшелері бар «Қазпочта» АҚ үлкен рөл ойнауы мүмкін. Филиалдық желіден басқа «Қазпочта» АҚ кең теміржолдық бағыттар желісін (14), пошталық автокөлік бағыттарын (1476), әуе бағыттарын (32, соның ішінде 12-сі – халықаралық) және 55 пошталық вагондар мен 1162 бірлік автокөлікті иемденеді.

Қазақстан Үкіметі еліміз үшін жаңа даналап сату секторына зор көңіл бөледі. Осындай жағдайда тауарлар мен қызметтерді дистанционды түрде сату жай бизнестен республиканың әлеуметтік маңызды экономика сегментіне айналады.

Бүгінгі күні республикада дистанционды сауда әлі бастапқы сатысында болғанына қарамастан кездесуге қатысушылардың көбісі жақын арада бұл тез дамушы әрі дистанционды сауда үйреншікті болған көптеген еуропалық елдермен бәсекеге қабілетті сегментке айналатынына сенімді.