«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



21.09.2007

Самғау стратегиясы бойынша сараптамалық отырыс

21 қыркүйекте Алматыда «Пошталық және қаржылық қызметтер» атты секция бойынша «Самғау» холдингінің даму стратегиясы тыңдалды. Бұл іс-шара елімізде ақпараттық және жоғары технологиялық қоғам қалай ұйымдастырылатыны жөнінде халықты хабардар ету мақсатында «Самғау» мемлекеттік холдингі ұйымдастырған қоғамдық отырыстар аясында өткізілді

«Пошталық және қаржылық қызметтер» секциясы жұмысына «Самғау» мемлекеттік холдингінің өкілдері, «Қазпочта» АҚ басшылығы, заң шығарушы және атқарушы органдардың өкілдері, ғылым өкілдері, қаржылық ұйымдардың, бизнес компаниялардың, беделді мамандары, БАҚ және холдинг әріптестері қатысты.

Сараптамалық отырысты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты секция модераторы А. Тілеубердин ашты. Ол өзінің сәлемдемелік сөзінде «Пошталық және қаржылық қызметтер» секциясының мақсаты – халықты «Самғау» холдингі» АҚ-ның Қазақстанда ақпараттық қоғамды құру, пошта-жинақ жүйесін жаңарту үшін экономикалық және технологиялық шарттар, заманға сай технологияларды енгізу, жоғары технологиялық қызметтерді енгізу есебінен рынок үлесін арттыру мен пошталық және қаржылық қызметтер аясын кеңейту, көрсетілетін пошта-жинақ қызметтерінің сапасын халықаралық стандарттарға дейін көтеру үрдісіне деген көзқарасымен таныстыру деп атап өтті.

Жиналғандардың алдында негізгі баяндамамен «Самғау» холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы А. Абдымомынов сөз сөйледі. Ол пошталық және қаржылық қызметтер саласында холдингтің жақын арадағы негізгі мақсаты халықаралық стандарттарға сай деңгейде көрсетілетін пошта-жинақ жүйесі қызметтеріне еркін қол жетімділікті қамтамасыз ету екенін айтты.

Бұл міндеттерді іске асыру үшін бірқатар шаралар қолдану керек, атап айтқанда - заңнаманы, бағалық және тарифтік саясатты жетілдіру, стандартталған пошталық бөлімшелерді, әсіресе ауылды жерлерде, салу мен қамту, сұрыптау орталықтарын салу арқылы логистикалық жүйені жаңарту, біртұтас ақпараттық жүйені құру.

Көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту холдингтің басқа да қызмет секторларын - электронды үкімет элементі ретінде қоғамдық қол жеткізу пункттері (ҚҚП) жұмысын пошталық бөлімшелер базасы негізінде ұйымдастыру, «ЕМS-Каzpоsт» шабармандық қызметін дамыту, трансфер-агенттік желіні дамыту, каталогтік сауданы дамыту, кітаптар мен оқулықтарды таратуды дамытумен бірге жүргізілетін болады. Холдинг ауылды жерлердегі пошталық бөлімшелерге ХҚКО функциясын беруді ұсынады. Болашақта холдинг байланыс (соның ішінде ұялы байланыс) қызметтерін және Интернетке қосылу қызметтерін көрсетуді қарастырады.

Отырысқа жиналғандар стратегия жағдайларын талқылауға барынша ат салысып, көптеген ескерпелер мен тілектер білдірді. Соның ішінде мемлекет пен бизнестің өзара әрекеті, пошталық және қаржылық қызметтердің одан әрі дамуы аталды. Стратегияда пошта байланысы саласындағы біраз міндеттер шешімінің тәжірибелік көрінісі бар екені айтылды. Атап айтқанда, «CISCO» компаниясының Орталық Азиядағы бизнесті дамыту бойынша менеджері Алексей Пак ХҚКО-ны құру республика үшін өзекті екенін, бұның халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетуді барынша қамтуға мүмкіндік беріп, оларға деген қол жетімділікті жеңілдететінін айтты. Сонымен қатар қатысушылар орталықтандырылған ақпараттық-логистикалық жүйені тезірек салып, іске қосуға тілек білдірді. Бұл өз кезегінде көліктік логистикалық саладағы көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Республика үшін поштаны қайта жөнелту мен сұрыптау мәселелері де өзекті болып табылады. Осыған байланысты «Ридерз Дайджест» ЖШС директоры Е. Қазбекова қосымша сұрыптау орталықтарын салуды ұсынды. Бұл қазір жұмыс істеп жатқан пошта тасымалдау бөлімшелеріне түсетін ауыртпалықты жеңілдетіп, пошта мен жүктердің тезірек жетуіне мүмкіндік береді. Отырысқа қатысқандардың бәрі пошта саласын жаңартуды жалғастыру, пошталық және қаржылық қызметтерді, әсіресе ауылды жерлерде дамыту керек екенін айтты.

Отырыс төрт секция - телехабарларды тарату, ғылым мен жаңа технологиялар, ақпараттық коммуникациялар, пошталық және қаржылық қызметтер бойынша өткізіліп, бір айға созылады.

Холдингтің сайтында даму стратегиясы жобаларын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде табуға болады. Интернетке еркін қосыла алатындар стратегия жобаларымен танысып қана қоймай, сонымен қатар өздерінің ескертпелері мен тілектерін де қалдыра алады.