| 05.10.2007
«Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы Дәурен Молдағалиевтің Дүниежүзілік пошта күніне орай жолдауы
Құрметті қазақстандық пошта қызметкерлері!
Жыл сайын әлемдік пошта қоғамдастығымен бірге атап өтетін біздің кәсіби мейрамымыз – Дүниежүзілік пошта күні жақындап келе жатыр.
Кәсіби мейрамдар тек сол кәсіп иелері үшін мереке болып табылатынымен, бұл күннің байқалмай өтуі мүмкін емес. Өйткені «мереке себепкерлері» ондаған мыңнан асады.
Бізде қалыптасқан дәстүр бойынша бұл күні біз қол жеткізгенді бағалап, болашаққа көз жүгіртеміз.
Пошталық қызметтер әрбір мемлекеттің эконмикалық негізінің бөлігі болып табылады. Ал жалпы пошта байланысы мемлекеттің ақпараттық біртұтастығын қамтамасыз етуші шарттардың бірі.
Дүниежүзілік пошта одағының негізгі міндеттерінің бірі – әмбебап пошта қызметін нығайту. Әмбебап пошталық қызметтер экономикалық тиімділікті нығайтады әрі қазіргі жаңа технологиялар ұсынатын мүмкіндіктерге қиындықсыз бейімделеді.
Сондықтан сапаға назар аудара отырып және қажетті құралдарды қолдана отырып, біз Қазақстанда әмбебап пошталық қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге барынша тырысамыз.
Келесі жылы біз «Қазпочта» акционерлік қоғамының құрылғанына 15 жыл толуын атап өткелі жатырмыз. Осы уақыт аралдығында пошта көптеген қиындықтарға қарамастан дамып, жетіліп, өзінің бүгінгі деңгейіне қол жеткізді. ТМД елдері арасында алғаш рет тиімді пошта-жинақ жүйесі құрастырылды.
Бұл күні сіздер көптеген жылы сөздер еститіндеріңе күмән келтірмеймін. Өз кезегімде мен сіздерге бірлескен жұмыстың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінуді, өз күштеріңе деген сенімділікті тілеймін.
Еліміздің барлық пошташыларына ерең еңбектері үшін алғыс білдіргім келеді. Шын жүректен сіздерге және сіздердің жақындарыңызға зор денсаулық, амандық және сәттілік тілеймін!
«Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы Дәурен Молдағалиев |