| 08.10.2007
«Қазпочта» АҚ басшылық құрамының кеңесі
2007 жылдың 5 қазанында «Алматы почтамты» Алматы филиалында 2007 жылдың 9 айы ішіндегі атқарылған қаржы-шаруашылық қызметтің қорытындылары бойынша «Қазпочта» АҚ басшылық құрамының кеңесі өтті.
Кеңес компания топ-менеджменті мен филиалдар бастықтарының қатысуымен жыл сайын өткізіледі.
Кеңес Басқарма Төрағасы Дәурен Молдағалиевтің сөзімен және Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының жаңа бастықтарын таныстырумен басталды. Одан кейін Д. Молдағалиев «Самұрық» мемлекеттік холдингінің құрамында жасалған жұмыстарға және қазіргі кезде қазақстандық поштаның үстіміздегі жылдың сәуірінде құрылған «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-на өту үдерісі кезіндегі жұмыстарға қысқаша тоқталды.
Атап айтқанда, «Самғау» ұлттық холдингінің пошталық және қаржылық қызметтер саласындағы жақын арадағы негізгі мақсаты халықаралық стандарттар деңгейінде көрсетілетін пошта-жинақ жүйесіне еркін қол жетімділікті қамтамасыз ету болып табылады деп атап өтілді.
Елбасы мен Үкімет «Самғау» АҚ мен «Қазпочта» АҚ-ның алдына қойып жатқан міндеттерді орындап қана қоймай, пошта секторы дамуындағы оң басымдықтарды ашып көрсету, жұмылдыру қабілеті, қызметті белсендіру мен жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарау сөз етілді. Тұрақты дамып келе жатқан қазақстандық поштаның міндеті – даму қарқынын төмендетпей, реформалар арқасында жақын болашақта барлық болжамдарды растап, келесі даму сатысына өту.
Дәурен Молдағалиев өз сөзінде табыс көлемі өсуінің негізгі басымдықтарын атап өтті:
- барлық қызмет көрсету спектрінің сапасын көтеру;
- әлеуметтік сипаттағы қоғамдық қызметтерге қоса, болашағы зор жоғары рентабельді қызметтерді дамытуға назар аудару;
- клиенттерге бағытталу.
Осы мақсатпен «Қазпочта» АҚ КАЖ аясында диспетчерлік мәліметтер базасы бар автоматтандырылған ақпараттық логистика жүйесін, Интернет-портал, орталықтандырылған мәліметтер базасын және толыққанды Call-центр құрылды. «Қазпочта» АҚ қазіргі заманғы логистикалық жүйені дамыту жобасы аясында Алматы, Астана және батыстағы бір ПТБ негізінде бүгінгі күнгі пошталық технологияларға жауап беретін автоматтандырылған сұрыптау орталықтарын салу басталды.
Қорытындылай келе Д. Молдағалиев бірігіп кез-келген мәселені шешуге болады және бұл сәттілікке жетудің жалғыз тиімді жолы деген сенім білдірді.
Сонымен бірге кеңеске қатысушылардың алдында Қазақстан байланыс қызметкерлері кәсіподағының төрағасы У. Байсариев кәсіподақтардың істеген жұмыстары жөнінде есеп берді.
Атап айтқанда, ол өзінің осы қызметіндегі 4 айдың ішінде кәсіподақ қызметкерлері үшін 2 семинар және бір халықаралық деңгейдегі семинар өткізілгенін мәлімдеді.
Сонымен қатар кәсіподақ төрағасы «Қазпочта» АҚ ТМД елдері пошта әкімшіліктері ішінде көшбасшы болып келетінін, сол себепті жаңа пошта-жинақ жүйесін енгізуді мақтан тұтуға болатынын атап өтті. Ол компания қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалу мәселелеріне, соның ішінде ұжымдық келісімнің шарттарының орындалуы, Еңбек туралы заңдар жинағына өзгертулер енгізу жөнінде бірлескен жұмыс туралы да сөз қозғады.
Кеңес жұмысына «Алматы аймақтық қаржы орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы Д. Өткелбаев қатысты. Ол өз сөзінде «Қазпочта» АҚ мен «ААҚО» АҚ арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылған, оның басты мақсаты қор рыногын дамыту болып табылады. Өйткені трансфер-агенттік жүйе негізінде қоғамды сапалы оқытуды жүргізу жоспарланған. Бұл жұмыс сатылы түрде жүретін болады. Алғашқы кезеңде қор рыногы жұмысының қарапайым бастамаларын үйретіп, келесі кезеңдерде эмитенттерді тарту бойынша эмитенттер жөніндегі семинар-тренингтер жүргізу жоспарлануда.
Д. Өткелбаев филиалдар директорларын қоғамды оқыту үдерісіне белсенді қатысуға шақырды. Өйткені бұл міндет филиалдардың трансфер-агенттік жүйесінде ғана емес, облыстық әкімшіліктер, Ұлттық банктің облыстық филиалдарында да жүргізілуі тиіс.
Содан кейін екі филиалдың жұмысы жөнінде директорлар есебі тыңдалды. Атырау ОФ-ты Ержан Омаров, ал Марат Сафинов «Алматы пошта тасымалдау бөлімі» Алматы филиалы есебін ұсынды.
Кеңесте филиалдардың күрделі мәселелері, соның ішінде жаңа АПББ салу мәселелері мен Республикалық бюджеттің қаражатын игеру мәселелері талқыланды.
Кеңес орталық аппарат қызметкерлерін марапаттау рәсімімен аяқталды.
|