| 15.10.2007
КоМоҚа үш жақты пошта комитеті құрылды
8-9 қазанда қазақстандық пошташылар делегациясы «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы Д. Молдағалиевтің бастауымен Моңғол Республикасына үш жақты пошталық комитет КоМоҚа (Корея – Моңголия – Қазақстан) құру үшін барып қайтты.
Кездесу барысында қатысушы елдердің пошталық әкімшілік басшылары үш жақты бірлескен Пошталық комитет КоМоҚа құру туралы өз пікірлерін білдіріп, әріптестік бойынша іс-шаралар жоспарын құрастыру қажеттілігі атап өтілді.
Үш жақты бірлескен Пошталық комитет КоМоқа құрудың мақсаты үш ел арасындағы әріптестік пен айырбасты нығайту арқылы қаржылық және пошталық қызметтер аясында поштаның дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Үш елдің өзара мүдделері жағынан пошта-қаржылық қызметтер мен пошталық ақпараттық технологиялар аясында қарым-қатынасты жақсарту, үш ел арасында халықаралық пошталық бизнесті қалпына келтіріп, оны одан әрі дамыту болып табылады.
Бірлескен пошталық комитет келесі мәселелер төңірегінде қызмет етеді:
1) пошталық және қаржылық қызметтер, сонымен қатар логистика жүйесіне байланысты саясат және тәжірибемен алмасу;
2) пошталық ақпараттық технологияларды іске асыру мен дамыту;
3) тұтынушыларды қанағаттандыру мен қызмет сапалылығы жөніндегі пікірлермен алмасу;
4) адам ресурстарымен, соның ішінде пошталық, каржылық және логистика экспертизасымен алмасу;
5) жаңа қызмет түрлерін енгізу мен пошталық менеджмент жүйесі бойынша пікір алмасу;
6) инфрақұрылымды дамыту бойынша көзқарастармен алмасу;
7) бірлескен пошталық көрмелер мен семинарлар өткізу;
8) филателистік көрмелер мен семинарлар өткізу;
9) техникалық және қаржылық стратегияларды енгізудегі әріптестік;
10) үш жақпен келісілетін басқа да мәселелер.
Кездесу барысында Моңғолия поштасының Бас директоры Дж. Джантсан мырза моңғол поштасының тарихы, қазіргі жағдайы мен даму жоспары жөнінде баяндап берді. Пошташыларды орталық операциялық учаскенің, пошталық жөнелтімдерді қабылдау және өңдеу пункттерінің жұмысын мысал ретінде ала отырып өндірістік-технологиялық қызметпен таныстырды.
Делегациялар Моңғолия поштасы құрылғанынан бүгінгі күнге дейінгі айналымға шығарылған маркалар бар пошталық маркалар көрмесіне қатысты. Қатысушы елдердің пошталық әкімшіліктер басшылары өз пікірлері мен тілектерін жазып қалдырды.
Көрмеден кейін Моңғолия поштасы қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Онда қатысушы елдер басшылары үш жақты бірлескен Пошталық комитет КоМоҚа құру туралы және елдер арасында келісімге қол қоюдың қажеттілігі жөнінде өз ойларымен бөлісті.
Бірлескен келісімге қол қою Пошта регуляторы (Жол, автокөлік және туризм министрлігі) ғимаратында өтті. Келісімге қол қоюдан бұрын қазақстандық пошта басшылығы мен Корея пошта басшылығының вице-министрі Сиилэгдамба мырзамен және басқа министрлік қызметкерлерімен кездесуі өтті. Онда өзара әріптестіктің болашағы қозғалды.
Кездесу қорытындысы және үш жақты пошталық комитет КоМоҚа құру бойынша, сонымен бірге бірлескен келісімге қол қойғаннан кейін үш ел пошта әкімшіліктерінің бастықтары қысқа уақыт ішінде (2-3 апта) қызметкерлерді оқыту мен тәжірибе алмасу, өзара халықаралық айырбас және т.б. жөнінде іс-шаралар жоспарын (нақты іс-шаралар мен уақыты, әр жақтың жауапты қызметкері белгіленген) құруды шешті.
Корея делегациясының басшысы Корея Поштасының президенті, Джун Кюнг-Вон мырза КоМоҚа пошталық комитетінің келесі мәжілісін Сеул қаласында (Корея) желтоқсан айының басында өткізуге ұсыныс жасады. Сонымен қатар аталған кездесу шеңберінде осы пошталық әкімшіліктердің мамандары үшін оқыту-тренингтер жүргізу жоспарланды.
|