«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



29.10.2007

«Мерейлі және естелік күндер» сериясының маркалары

29 қазанда «Қазпочта» АҚ Қазақстан Республикасы аумағында пошта айналымына «Мерейлі және естелік күндер» сериясының «Мәулен Балақаевқа - 100 жыл» атты номиналы бір, төрт және бес теңге стандартты пошталық маркаларын шығарды.

Марканың перфорациясы жоталы, төрт бояулы офсетті баспада «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттық фабрикасында» басылып шықты. Марканың пішіні 23,5 х 17,5 мм, бір беттегі маркалар саны 120 (жүз жиырма) дана, суретшісі Данияр Мұхамеджанов.