«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



31.10.2007

Піл мен зебра – марка бетінде

 31 қазанда Қазақстан Республикасы аумағында пошта айналымына «Алматы хайуанаттар паркі» сериясы бойынша екі көркем суретті пошталық марка енгізілді.

Маркалар перфорациясы жоталы, төрт бояулы офсетті баспада Пекиндегі пошталық төлем белгілері фабрикасында (ҚХР) басып шығарылды. Марканың пішіні 33 х 27,5 мм, бір беттегі маркалар саны 8 және бір купон, суретшісі - Данияр Мұхамеджанов. Маркалар номиналы 110 және 25 теңге, әр марканың таралымы – 100 000 дана.