«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



12.11.2007

12-13 қараша аралығында Астанада Байланыс саласындағы аймақтық достастығы (БАД) Басшылары кеңесінің 38-мәжілісі және БАД жанындағы ақпараттандыру бойынша ТМД мүше елдері Үйлестіруші кеңесінің 12-мәжілісі өтуде

2007 жылдың 12-13 қараша аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің бастауымен Байланыс саласындағы аймақтық достастығы (БАД) Басшылары кеңесінің 38-мәжілісі мен БАД жанындағы ақпараттандыру бойынша ТМД мүше елдері Үйлестіруші кеңесінің 12-мәжілісі өтуде.

 

Бұл халықаралық форумға Байланыс әкімшіліктері, байланыс операторлары, АТ-компаниялары және Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Түркменістан, Өзбекстан Республикасы, Украинаның басқа да мүдделі министрліктері мен ведомстволарының 120-ға жуық делегаттары, бақылаушылар ретінде – Латвия Республикасы, Словения Республикасы Байланыс әкімшіліктері, «Эстителеком» АҚ, «Эстондық пошта» АҚ, «Интерспутник» қатысты. Сонымен қатар бұл іс-шараларға Болгария Байланыс әкімшілігі мен Финляндия «Ителла Групп» пошталық компаниясы өкілдері қатысып қана қоймай, бүгін БАД-та өз баяндамаларымен ортаға шықты. Форумға қонақ ретінде Халықаралық электр байланысы одағы, Молдова Республикасы Электр байланысы мен информатика саласындағы регламенттеу бойынша ұлттық агентігі, ТМД Атқарушы комитеті, Венгрия Республикасы Экономика және көлік министрлігі мен т.б. өкілдері шақырылды.

БАД мәжілістерін Қазақстан Республикасында ұйымдастыру мен өткізу БАД мүше елдерімен ақпараттық коммуникация саласындағы әріптестікті нығайтуда зор рөл ойнайды. Әрі Қазақстан Республикасының осы саладағы қол жеткізген жетістіктері мен бағдарламаларын көрсетіп, халықаралық аренада республика беделін көтеруге мүмкіндік береді.

Байланыс саласындағы аймақтық достастық (БАД) 1991 жылы 17 желтоқсанда ТМД елдері кеңістігіндегі БАД-ты – ерікті түрде әрі өзара құрмет пен егемендік ұстанымдары негіздерінде электр және пошта байланыстары саласындағы әріптестікті жүзеге асырушы ұйымды - құру туралы Келісімге қол қойған жас тәуелсіз мемлекеттердің Байланыс әкімшіліктерімен құрылды. БАД байланыс және ақпараттық технологиялар саласындағы ашық халықаралық аймақтық ұйым болып табылады. Әрі осы саладағы мемлекетаралық орган қызметін атқарады. Қазіргі кезде БАД-тың 16 мүшесі бар – 12 елдің Байланыс әкімшіліктері толық құқылы мүше, 3 елдің БӘ мен операторлары бақылаушылар ретінде қатысады және 1 халықаралық ұйым.

БАД-тың жоғарғы мүшесі Байланыс әкімшіліктерінің Басшылары кеңесі болып табылады. Оның қазіргі кездегі Төрағасы Ресей Федерациясының Ақпараттық технологиялар мен байланыс министрі – Леонид Рейман.

БАД-тың негізгі стратегиялық міндеттері – оның мүше елдері арасында өзара тиімді қатынастарды кеңейту, байланыс және ақпараттық технологиялары саласындағы келісілген ғылыми-техникалық саясатты жүргізу, ақпараттық коммуникациялық желілерді үйлесімді дамыту және Достастық мүшелерінің мүдделерін халықаралық аренада қорғау болып табылады.

«Қазпочта» акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасы Дәурен Молдағалиевтің бастауымен пошталық секторды дамытуға қатысты мәселелерді талқылауға қатысуда, атап айтқанда – қызмет тұтынушыларының мүдделері аясында пошталық операторлардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау; БАД БӘ пошталық қызмет сапасын басқаруды сертификаттандыру бойынша тәжірибесі және Ұлттық рыноктарда тауарлар мен қызметтер түрлерін алға жылжыту үшін ТМД ақпараттық-маркетингтік орталықтары желісін құру мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру жөніндегі есеп сияқты мәселелерді қарастыруға қатысты.